«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

 

 

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 2022 жылдың сәуір айының 6-8 күндері аралығында оффлайн (дәстүрлі) форматта өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ студенттері, магистранттары, докторанттары және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2022 жылдың 6-8 сәуірінде ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалатын болады.

Халықаралық конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы аясында Әл-Фараби ҚазҰУ механика-математика факультетінде келесі бөлімдер жұмыс істейді:

  • Бөлім 1. Дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданылуы
  • Бөлім 2.  Функциялар теориясы, алгебра және логика
  • Бөлім 3.  Тұтас орта механикасы
  • Бөлім 4.  Теориялық және қолданбалы механика
  • Бөлім 5.  Ғарыштық техника және технология
  • Бөлім 6.  Актуарлық математика және статистика
  • Бөлім 7.  Математикалық моделдеу және есептеу математикасы
  • Пленарлық отырыс

 

Университеттік хат

Факультеттік хат

Конференция материалдарының жинағын мына сілтемеден жүктеп алуға болады.


Қосымша

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Көлемі 1 бетке дейін;
  • Microsoft Word 2003 және одан жоғары;
  • Беттің параметрлері: жоғарғы жол - 2 см., төменгі жол - 2 см., сол жақ - 3 см., оң жағы 1,5 см.;
  • Қаріп Times New Roman, KZ Times New Roman; қаріп өлшемі – 12 pt;
  • Жоларалық интервал дара; абзацтық шегініс - 1 см; кітаптық бағдарлау; бет колонтитулдары және қоюларсыз; мәтін ені бойынша тегістелген;
  • Тезистерде графиктер, кестелер, суреттер немесе фотосуреттер болмауы керек
  • Тезистерге қосымша файлда авторлар туралы ақпараттар болуы керек (қатысуға өтінім); файл атауы өзіңіздің аты-жөніңізбен жазылуы тиіс.
  • Тезис үлгісі: https://www.kaznu.kz/kz/25567/page/

Конференция ұйымдастырушылары жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырмайтын, конференцияның негізгі бағыттарынан тыс жасалған баяндамаларды қабылдамауға құқығы бар. Мәтін стилистикалық және техникалық жағынан түзетілген болуы тиіс. Ұйымдастыру комитеті баяндама мәтіндеріне редакция жасамайды. Бір адам үш реттен артық автор немесе қосалқы автор бола алмайды.

 

Қатысу шарты:

Конференцияға қатысушылар тиісті секция бойынша mechmatkaznu@gmail.com электронды адреске 2022 жылдың 2 сәуірге дейін:

-          Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес баяндама мәтінін;

-          Конференцияға қатысуға өтінішті жіберулері қажет.

Жоғарыда көрсетілген пункттердің бірі болмаған жағдайда материалдар жарияланымға қабылданбайды.

Конференцияға қатысу тегін. Конференция қорытындысы бойынша электрондық жинақ шығарылады, конференция материалдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың www.kaznu.kz сайтында жарияланатын болады.

 

Өтініш формасы:

Аты-жөні (толығымен):_______________________________________________________

Жұмыс немесе оқу орны:______________________________________________________

Қызметі, ғылыми дәрежесі (студент үшін - курс):_________________________________

Байланыс телефоны:__________________________________________________________

Электрондық поштасының мекен-жайы (E-mail):__________________________________

Конференция бөлімі:__________________________________________________________

Студенттер үшін - жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі

 

Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды.

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ !