ЖАС ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ БІР АЙЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ОРАЛДЫ

27.02.2024

Көрулер: 199

15-қаңтар мен 14-ақпан аралығында Франциядағы Пуатье Университетінің шақыртуымен механика – математика факультетінің докторанттары – Шәкір Айдос пен Мухамбеткалиев Мурат шетелдік зерттеу тағылымдамасынан өтіп келді. PhD, доцент, Дербес туындылы теңдеулер тобының жетекшісі – Пьер Морган жетекшілік еткен бір айлық зерттеу нәтижелері келесідей:

Ғылыми-зерттеу тағылымдамасы Пуатье Университетінің жанындағы Математика және оның қолданысы лабораториясында өткізілді. Алғашқы аптада докторанттарымыз “On a generalized Cahn-Hilliard equation with biological applications” (L. Cherfils, A. Miranville, and S. Zelik, Discrete and Continuous Dynamical Systems-Series B, 2014) атты мақаланы талқылаған болатын. Келесі апталарда Айдос R. Temam-ның “Infinite Dimensional Dynamical systems in Mechanics and Physics” (Springer, 1988) атты кітабының Кортевег-де-Фрис теңдеуі бойынша толқын теңдеуін, ал Мурат осы кітаптағы Курамото-Шивашинский теңдеуін талқылап, сол бойынша жұмыстар жүргізді. Соңғы аптада M. Efendiev, F. Miranville және S. Zelik (2000) мақаласында жазған әдісті қолдана отырып, параболалық теңдеу үшін экспоненциалды аттрактор табу бойынша жұмыстар жүргізген, бұл жұмыстар докторанттарымыз елге оралғаннан кейін де өз жалғасын табуда. Көріп отырғанымыздай, екі жақты әріптестік тек мақала жазумен шектелмеген, факультетіміздің студенттері сол Лаборатория аумағында өткізілген Германиядан келген профессор семинарына да белсенді қатысқан. Ауыз толтырып айтуға болатын нәрсе, ол шетелдік әріптестеріміз біздің докторанттардың жұмысын жоғары бағалаған.