«Жас дәурен, қандай сұлу едің, шіркін!...»

14.02.2024

Көрулер: 81

«Жас дәурен, қандай сұлу едің, шіркін!...». 2024 ж. 14 ақпан күні Механика-математика факультетінің оқытушы-профессорларының және студенттерінің Қ.Аманжолов атындағы шығармашылық бірлестігі мен механика кафедрасының ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы Қызыл залда белгілі жазушы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Мемлекеттiк «Дарын», Қазақстан Жастар одағы, Қазақстан Журналистер одағының Смағұл Садуақасов атындағы сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Нұржан Қуантайұлымен ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлерінің «Жас дәурен, қандай сұлу едің, шіркін!...» атты әдеби-танымдық  кездесу кеші өтті.Факультеттің аға кураторы Болат Әбенов жүргізген шығармашылық жүздесуде ғалым-ақын Н.Қуантайұлының кеңестік дәуірдегі түрме өмірінің қыртыс-қалтарыстарын нанымды және жан-жақты ашып суреттеген «Омартаның ойраны» атты Желтоқсан оқиғасы туралы романы жан-жақты талданып, оқырман жастар өздерін толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарына тұшымды жауап алды.Кешке желтоқсаншы ақын А.Кәріпжанәулеті қатысып, арнау өлеңдерін оқыды. Әл-Фараби кітапханасы арнайы автордың шығармалары мен мерзімді баспасөзде жарияланған ақын және оның шығармашылығы туралы материалдардан үлкен көрме дайындады, студенттік жастар ұйымдарының мүшелері кеш қонағының өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән мен күйден шашу шашты. Кеш соңында ұйымдастырушылар ақынға сый-сияпат көрсетіп, автор әл-Фараби кітапханасына өзінің шығармаларын табыстады.