Жаңалықтар
«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ОФФЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТТІ
11.04.2022Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінде жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» конференциясы оффлайн режимде өтті.
Механика-математика факультетінде ҚазМұнайГаз (KMG Engineering) компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді.
15.02.2022Кездесу барысында екіжақты серіктестік пен мұнай саласына қажетті білім беру бағдарламалары талқыланды. Сәйкесінше студенттер де өндірістік тәжірибені ҚазМұнайГаз компаниясынан өте алады.
Академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин атындағы шәкіртақы!
27.12.2021Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының студенттері мен магистранттарына оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін академик Шахбаз Әлімгірейұлы Ершин атындағы шәкіртақы тағайындалды.
Механика кафедрасына кітаптар сыйлыққа тартылды!
23.12.2021Aкадемик Шахбаз Әлімгерейұлының жары ф.-м.ғ.д., ҚазМемҚызПУ профессоры Айнакүл Қапасқызы Ершина әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасына академик Ш.А. Ершиннің «Ш.А. Ершин. Гидроаэродинамика. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 354 бет» атты монографиясын сыйға тартты
Академик Ш.Ә.Ершин атындағы аудитория ашылды
14.12.2021Механика-математика факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Механика кафедрасының 85 жылдығына,т.ғ.д, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Ш.Ә. Ершинның 95 жылдық мерейтойына байланысты және Қазақстан Республикасының атақты механика ғалымдарының қатысуымен академик Ш.Ә. Ершин атындағы аудитория салтанатты түрде ашылды!
РОБОТОТЕХНИКАНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҚАЗҰУ-ДА ОҚИДЫ
14.12.2021Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан механика-математика факультетінің командасы «ETU Robocon 2021» университеттер арасында робототехника бойынша ІІ республикалық чемпионатқа қатысып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.
Mеханика кафедрасының ғылыми-зерттеу жетістіктерінің көрмесі
11.12.2021Академик Ш.Ә.Ершин атындағы аудиторияның ашылуына арналған, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика кафедрасының 85 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шаралар аясында 2021 жылдың 11 желтоқсанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Механика кафедрасында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістіктері бойынша көрме өтті.
5-қараша күні Механика - математика факультеті мен "әл-Фараби" олимпиадаға дайындау орталығының ұйымдастыруымен 7-12 сынып оқушылары арасында геометриядан Халықаралық VIII Иран олимпиадасы өткізілді.
09.11.2021