Жаңалықтар

2024 ЖЫЛҒЫ 27 НАУРЫЗДА ҚАЗҰУ МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНДЕ. ӘЛ-ФАРАБИ "ҚОЛДАНБАЛЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ МАТЕМАТИКАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ" АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРДЫҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ.

27.03.2024

2024 жылғы 27 наурызда ҚазҰУ механика-математика факультетінде. әл-Фараби "Қолданбалы және есептеу математикасының заманауи мәселелері" атты қалалық ғылыми семинардың үшінші отырысын өткізді.

Семинар жетекшілері: ҚР ҰҒА академигі т. ғ. д., профессор Жұмағұлов Б. Т., ҚР ҰИА академигі ф.-м. ғ. д., профессор Абдибеков У. С., ҚР ҰИА академигі ф.-м. ғ. д., профессор Темірбеков Н. М., PhD докторы, профессор Жакебаев Д. Б.

Ары қарай оқу >>

18 НАУРЫЗ КҮНІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛДЕУ КАФЕДРАСЫНЫҢ КУРАТОР-ЭДАВАЙЗЕРЛЕРІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТӘРБИЕ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗДІ.

19.03.2024

14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі жарияланды. Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, терең мазмұн-мәнге ие болды.

 

Ары қарай оқу >>

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ДАЙЫНДАУ БАСТЫ МІНДЕТ

15.03.2024

“Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу” деген халқымызда кереметтей сөз бар. Осы мақсатта факультет магистранттарымен, докторанттарымен бірге факультет ұстаздарының басшылығымен семинарлар өткізіліп тұрады. Досмағұлова Қарлығаш пен Шәкір Айдостың ұйымдастыруымен 11 наурыз күні өткен семинарда Артыкбаева Жанар “Сингулярлы ауытқыған теңдеулер үшін шеттік есептер шешімдерінің асимптотикалық сипаты”, Даулетбай Бекарыс “Лаплас операторының дельта-бейнелі ауытқулары және олардың спектрлік анализі”, Искаков Алибек “Примитив рекурсивті көшірулер” атты баяндамаларымен таныстырды. Сонымен қатар, Кангужин Балтабек ағай мен Қошанов Бақытбек ағайлардың семинары да кезекті өтуде.

Ары қарай оқу >>

ЕСЕПТЕУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ СТАТИСТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ 2 КУРС ДОКТОРАНТЫ МАРАТ ГАУХАР ӨЗІНІҢ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ЗЕРТТЕУ АЯСЫНДА 04.01.2024-17.02.2024 АРАЛЫҒЫНДА ФРАНЦИЯНЫҢ ЛА-РОШЕЛЬ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЛА-РОШЕЛЬ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

14.03.2024

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының 2 курс докторанты Марат Гаухар профессор Джульен Бергердің басшылығымен 4 қаңтар мен 17 ақпан аралығында Франция, Ла-рошель, Ла-Рошель университетінің, LaSIE лабораториясында зерттеу тағылымдамасынан өткендігі куәландырылады.

Ары қарай оқу >>

Білім мен мәдениетті ұштастыру: театр этикеті туралы сабақ

07.03.2024

«Механика және энергетика» мамандығының 1 курс магистранттарының педагогикалық практикасы аясында Муталипова Камила мен Токтарова Айжан «Механика» мамандығының 2 курс бакалавриат студенттеріне «Театр әдебі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Дәрісте театрға бару әдебі жан-жақты талқыланып, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы қысқаша нұсқаулар жазылған брошюралар да таратылды.

Ары қарай оқу >>

“8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ” АРНАП ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА-ТӨРАҒАСЫ РЕКТОРЫ Ж.К.ТҮЙМЕБАЕВ АТЫНАН ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ ЖӘНЕ АЛҒЫС ХАТ БЕРІЛДІ.

07.03.2024

“8 наурыз халықаралық әйелдер күніне” арнап Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Басқарма-Төрағасы ректоры Ж.К.Түймебаев атынан Құрмет грамотасы және Алғыс хат берілді.

Басқарма-Төрағасы ректоры Ж.К.Түймебаев атынан Құрмет грамотасын кафедра профессоры ф.-м.ғ.д., профессор Хаджиева Леля Азретовна, кафедра меңгерішісі ф.-м.ғ.к., доцент Маусумбекова Сауле Джумакановна және кафедра меңгерішісі орынбасары ф.-м.ғ.к., доцент Бекетаева Асель Орозалиевна алды.

Ары қарай оқу >>

Академик Ө.А. Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қою бойынша іс-шара өтті

01.03.2024

Механика-математика факультеті 2024 ж. 1 наурыз Алғыс айту күні Қазақстан ұлттық ғылым Академиясының академигі, қоғам және мемлекет белсендісі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлттық инженерлік академияның негізін қалаған техника ғылымдарының докторы, профессор Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековті еске алу жиынын өткізді.

Ары қарай оқу >>

ТӨЛЕУХАНОВА БОТАГӨЗ ПОЛЬШАДАН ОРАЛДЫ

29.02.2024

Әл-Фараби атындағы Механика-математика факультетінің «Математика» мамандығы бойынша білім алып жүрген 2-курс студенті Төлеуханова Ботагөз Еркінбекқызы академиялық ұтқырлық бойынша Польша мемлекетінің Познань қаласында орналасқан Адам Мицкевич атындағы университетінде оқып келді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық конференцияға механика-математика факультетінің ғалымдары қатысты

28.02.2024

28-29 ақпанда Халықаралық инженерлік және технологиялар университетінің қабырғасында «Инженерлік және технологиялық білім берудегі жасанды интеллект (AIETE-2024)» халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы өтті. 

Ары қарай оқу >>

«Жақсылық іздеп жүрмін!...»

28.02.2024

«Жақсылық іздеп жүрмін!...». 28.02.2024 күні Қызыл залда университеттің және мехматтың ОПҚ мен студенттерінің белгілі ақын, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері, ҚР Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Сәуле Досжановамен «Жақсылық іздеп жүрмін!...» атты әдеби-танымдық кездесу-кеші өтті.

Ары қарай оқу >>