Жаңалықтар

Механика-математика факультетінің студенттері бас бәйге ұтты

29.11.2023

2023 жылдың 18 қарашасында Алматыда 11 жоғары оқу орнының техникалық мамандықтарында оқитын студенттер арасында Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығынаСұлтанмахмұт Торайғыров 

пен Мағжан Жұмабайұлының 130 жылдығына арналған «Шәкәрім, Мағжан, 

Сұлтанмахмұт тағылымы» атты қалалық байқау өтті.

Ары қарай оқу >>

Сегіз жылдан кейінгі жаңа кездесу

27.11.2023

Қараша айының 17-жұлдызында қазақстандық спортшы, мемлекет қайраткері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия, Еуропа құрылықтарының чемпионы, ережесіз жекпе жек бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Ақпараттық технологиялар және Механика-математика факультеттерінің студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамымен тағы кездесті.

Ары қарай оқу >>

«Біз – Жаңа Қазақстан жастарымыз» байқауы

24.11.2023

Механика-математика факультетінің оқытушы-профессорлары 2023 жылғы қарашаның 16 күні университет деңгейінде өткен «Біз – Жаңа Қазақстан жастарымыз» байқауына барып, өнерпаз жастарымызға қолдау көрсетті. Мехматтың білімгерлері келесі номинациялар бойынша жүлделі ойындарды иеленіп, факультеттің атын көкке шығарып, сый-сыяпаттарға ие болды.

Ары қарай оқу >>

"Біз де студент болғанбыз"

23.11.2023

Халықаралық студенттер күні қарсаңында (15 қараша күні) механика-математика факультетінің деканы, ф.-м.ғ.д., профессор У.С.Әбдібеков бастаған оқытушы-ғалымдар, т.ғ.д., профессор Ш.А.Джомартова, ф.-м.ғ.к., профессор Т.Е. Елдесбай, ф.-м.ғ.д., профессор С.Т.Мухамбетжанов пен аға куратор Б.Қ.Әбенов №6 Студенттер үйінің тұрғындарымен «Біз де студент болғанбыз» атты кездесу өткізді. 

Ары қарай оқу >>

«Қызыл орамалды Шынарым» спектакльі

16.11.2023

Қарашаның 14 күні механика-математика факультетінің студенттері кураторларымен бірге Ғ.Мүсiрепов атындағы Қазақ Мемлекеттiк академиялық Балалар мен жасөспiрiмдер театрына, белгiлi қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менiң, шырайлым менiң» повесiнiң негiзiнде сахналанған «Қызыл орамалды Шынарым» қойылымын тамашалап қайтты.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінде ашық есік күні өтті

16.11.2023

Механика-математика факультеті 2023 жылғы 13 қараша күні “INNOVERSE TALDYQORGAN” жеке меншік мектебінің өтініші бойынша аталмыш мектептің оқушыларымен ашық есік күнін өткізіп, кәсіби бағыттау жұмыстарын жүргізді және мектеп түлектерін университет кампусы мен мұражайларын аралатты.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінде кураторлық сағат өтті

13.11.2023

10.11.2023 күні механика-математика факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыстар және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ә.Джомартова мен аға куратор-эдвайзер Б.Қ.Әбенов кафедралардың аға кураторларымен және студенттік топтар кураторларымен кезекті бас қосу шарасын өткізді.

Ары қарай оқу >>

“Ғылымға әркімнің-ақ бар таласы...” тақырыбнда 3-курс студенттерімен кездесу өтті

13.11.2023

“Ғылымға әркімнің де бар таласы...”. 8.11.2023 күні осындай атаумен “Есептеу ғылымдары және статистика” кафедрасы оқытушы-профессорлар құрамы мен 3 курс студенттерінің кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

РҒА академиктері Асқар Ақаев пен Роберт Нигматулин ҚазҰУ ғалымдарымен кездесті

10.11.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ресей Ғылым академиясының академигі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Асқар Ақаев пен Ресей Ғылым академиясының академигі, РҒА Мұхиттану институтының ғылыми жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы Роберт Нигматулин механика-математика факультетінің ғалымдарымен, оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Ары қарай оқу >>