«Жақсылық іздеп жүрмін!...»

28.02.2024

Көрулер: 113

«Жақсылық іздеп жүрмін!...». 28.02.2024 күні Қызыл залда университеттің және мехматтың ОПҚ мен студенттерінің белгілі ақын, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері, ҚР Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Сәуле Досжановамен «Жақсылық іздеп жүрмін!...» атты әдеби-танымдық кездесу-кеші өтті.Ұйымдастырушылар – механика-математика факультетінің оқытушы-профессорлары мен студенттерінің Қ.Аманжолов атындағы шығармашылық бірлестігі, Филология факультетінің «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы, Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы, мехматтың студенттік жастар ұйымдары және Фараби кітапханасы.Шараға арнап «Фараби» кітапханасы жазушының шығармалары мен мерзімді баспасөзде жарық көрген автор туралы материалдар көрмесін жасақтандырып, мехмат пен журналистка факультетінің 1 курс студенттері автордың өлеңдерін оқыды. Кеш қонағы оқырмандарды толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауап беріп, жастарды кітап оқуға, сапалы білім алуға үндеді. Шара соңында автор «Фараб» оқырмандар клубына шығармаларын сыйлап, көрермендер жазушымен естелік фотоға түсіп, әсерлі кеш үшін алғыс айтып, тарасты.