«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 2023 жылдың сәуір айының 6-7 күндері аралығында гибридті форматта өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қатыса алады.

Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2023 жылдың 6-7 сәуірінде ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалатын болады.

Халықаралық конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы аясында Әл-Фараби ҚазҰУ механика-математика факультетінде келесі бөлімдер жұмыс істейді:

 

  • Бөлім 1. Дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданылуы
  • Бөлім 2. Функциялар теориясы, алгебра және логика
  • Бөлім 3. Тұтас орта механикасы
  • Бөлім 4. Теориялық және қолданбалы механика
  • Бөлім 5. Ғарыштық техника және технология
  • Бөлім 6. Актуарлық математика және статистика
  • Секция 7. Математикалық моделдеу және есептеу математикасы

 

Конференцияға қосылуға арналған сілтемелері бар Aқпараттық хат және конференция Бағдарламасы.

 

Конференцияның нәтижелері сілтемеде көрсетілген: https://www.kaznu.kz/kz/17548/news/one/24571/