АЛГАРВЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ҚАЗҰУ-ДА

27.02.2024

Көрулер: 321

Алгарве Университетінің профессоры, PhD H.B. de Oliveira (Португалия) AP19676624 "Біртекті және біртекті емес ньютондық емес сұйықтықтардың қозғалысын сипаттайтын Навье-Стокс-Фойгт моделдері" ғылыми жобасы аясында 19-24  ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінінде іс-сапарда болды. Іс-сапар барысында магистрант және PhD-докторанттарға және жас ғалымдарға консультация беріп, ғылыми бірлескен жұмыстар жасады. Сондай-ақ Математика және Математикалық Моделдеу Институтында өткізілген ғылыми семинарында баяндама жасады.