Орнықты даму мақсаттары. “Идеядан бизнеске”!

23.02.2024

Көрулер: 140

Педагогикалық практика аясында “Механика” кафедрасының 1 курс доктаранттары Студенттік кәсіпкерліктің халықаралық қауымдастығының бизнес өкілдерін шақырта отырып, Орнықты даму үшін білім беруді жүзеге асыру мақсатында “Идеядан бизнеске” атты семинар ұйымдастырды. Семинарда бизнес өкілдері Абдыкалыков Нұрым және Болтаев Дидар, механика-математика факультетінің 1 курс студенттеріне қазіргі бизнестің түрлері мен оны ашу мәселелері туралы түсінік берді.

Іс-шарада, бизнес ашу процесі мен үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін идеяларды жан-жақты талқылап, жобалау және қолдау құралдары туралы мәлімет берілді. Өтілген семинарда студенттер өзге педагогикалық ұйымдармен бірге бізнес жасау процесі туралы анықтамалық алды. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, талқылаулар жүргізілді. Іс-шара механика-математика факультетінің Қызыл залында, жоғары деңгейде өтті.