Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Механика-математика факультетіне Цукуба университетінің профессоры САКУРАЙ ТАКЕАКИ келді.

22.02.2024

Көрулер: 193

2024 жылдың 22 ақпанында Цукуба университетінің профессоры САКУРАЙ ТАКЕАКИ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде болды. Профессордың сапарының мақсаты – Кампус жобасының Директорлар кеңесінің 10-шы отырысын кампуста өткізуге факультеттердің дайындығын көру және зерттеу.

Механика-математика факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Н.С. Досжан қонақтарды қарсы алып, №512 «Ғарыштық технологиялар зертханасы», №106 «Сұйық және газ механикасы зертханасы» зертханаларына механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Қ.А. Әлібаевамен бірге  делегаттар үшін экскурсия жүргізді.

Кездесу барысында делегацияға факультеттің ғылыми және оқу зертханаларының қызметімен таныстырып, Токио университетімен бірлескен ғылыми жобалар көрсетілді.