Погребняк Александр Дмитриевич

30.03.2023

Көрулер: 2144

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасында Биоинженерия және биоматериалдар саласындағы жетекші маман, физика-математика ғылымдарының докторы, Elsevier академиялық баспасының 15 журналында еңбек сіңірген рецензент (TOP 10th PERCENTILE), СумМУ профессоры Александр Дмитриевич Погребняк жұмыс істейді. А.Д. Погребняк Scopus және Google Scholar мәліметтері бойынша Украинаның топ-10 ғалымдарының ішінде құрметті 8-ші орында. Scopus базасында h-индексі 47, h-Google Scholar базасында h- индексі - 53.

А.Д.Погребняк еңбек сіңірген профессор ретінде Украина Президентінің стипендиясына ие болды. 2022 жылы профессор А. Д. Погребнякқа Украина Президентінің Жарлығымен Украинаның еңбек сіңірген Ғылым және Техника қайраткері атағы берілді.

Қызмет ету барысында АҚШ, Германия елдерінің жетекші институттарында, сондай-ақ Жапония, Франция, Германия, Австралия, Италия, Финляндия, Польша, Оңтүстік Корея, Қытай, Греция, Қазақстан елдерінің ғалымдарымен жұмыс істеген. Профессор А.Д.Погребняк 65-тен астам мемлекеттік келісімшарттарды, шаруашылық келісімшарттарды, мемлекеттік тапсырыстарды, халықаралық гранттарды, ХҒТО (Халықаралық ғылыми-техникалық орталық), ҒТҚО (ғылыми-техникалық қызметтер орталығы) тапсырыстарын іске асырған.