Биотехнология кафедрасында «ГМО әлемді аштықтан құтқара ма?» атты дөңгелек үстел өтті.

11.10.2023

Көрулер: 363

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары: 2 Аштықты жою бағыты бойынша  жалпы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту  мәселесі аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биотехнология кафедрасында  11.10.2023 ж. күні кафедра профессоры С.Д. Атабаева, б.ғ.к., К.А. Мухатаева, б.ғ.к. Г.Д. Ұлтанбекованың жетекшілігімен және биотехнология мамандығының студенттерінің  қатысуымен «ГМО әлемді аштықтан құтқара ма?» атты  дөңгелек үстел өтті. 

Мақсаты : Студенттердің  ГМО қолдану мүмкіндігі туралы хабардар болуын арттыру, ГМО ұғымымен таныстыру, әлеуетін қарастыру, ГМО артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

Өте мазмұнды презентацияны БT-20-02r тобының студенттері дайындады, оған ГМО өнімдеріне қатысты фотосуреттер, диаграммалар және  кестелері сияқты әртүрлі көрнекі материалдар ұсынылды.  Қатысушылар өзара сұрақ - жауап алмасып, тақырыптар бойынша пікірталас жүргізді, яғни барлық қатысушылардың қызығушылығы жоғары болды.

«ГМО: аштықты жою» тақырыбында ақпараттық брошюра дайындалды, мазмұнында ГМО-ның артықшылықтары мен кемшіліктері бар қысқаша сипаттама көрсетілді. Сондай-ақ QR кодының астында факультет студенттерінің қысқаша сауалнамасына және біздің факультет студенттері жазған мақалаларға сілтеме орналастырылған. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, студенттер аштықты шешу үшін ГМО-ны қолдануға оң көзқараспен қарайтыны, жалпы мәселеге болашақ биотехнологтар ретінде ат салысатының жайлы пікір білдірген. 

Іс-шара соңында ұсыныстар көрсетілді:

*Мұндай іс-шаралар студенттердің ГМО, ГМӨ және жалпы ГМТ туралы хабардарлығын арттыру үшін жүйелі түрде жүргізілуі керек.

*Болашақта Әль-Фараби атындағы ҚАЗҰҮ-ның басқа факультеттерінде ашық және Алматы қаласындағы мектептерде ашық сабақтар өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.