Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Францияның Нанси қаласында орналасқан Ecole Nationale Superieure d’ Agronomie және des Industries Alimentaires университетінде іссапарда болып қайтты.

16.09.2023

Көрулер: 347

Іссапардың мақсаты Тұрақты даму мақсаттарының 2.Аштықты жою және 12.Жауапты тұтыну және өндіріс шеңберінде АР09259491 "Комбинделген сүттікті жасау үшін полисахаридтік матрицаны қолдану биотехнологиялары" жобасының календарлық жоспарына сәйкес бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ QS World University Rankings критерийлеріне сәйкес шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты дамыту және өзара байланысты кеңейту болды. Бірлескен зерттеулер шеңберінде алынған нәтижелер кемінде 80 процентильді жоғары рейтингті журналда жарияланатын мақалаға енгізілетін болады.

Іссапар барысында 12 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Биотехнология" ОБ бойынша оқитын магистранттары және ENSAIA университетінің студенттеріне арналған "BioWare" қос диплом бағдарламасы туралы ENSAIA университетінің басшылығымен келіссөздер өтті. Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 6 магистрант ENSAIA университетінде Абай-Верн бағдарламасы аясында Нансив қаласында 1 жылдық оқудан өтеді, сондай-ақ Францияның жетекші ғылыми институттары мен өндірістік кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтеді.

Биылғы жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Биотехнология кафедрасында биотехнология бағытында оқып жатқан алты магистрант Ecole Nationale Superieure d’ Agronomie және des Industries Alimentaires университеті Нанси қаласында, Францияда 1 жыл оқып  қос диплом алды. Болашақта бұл студенттер докторантураға түсіп, Франция елінде әрі қарай  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. Келіссөздер нәтижелері бойынша қос диплом бағдарламасы бойынша оқу келісімшартын 2025 жылға дейін ұзарту туралы келісімге қол жеткізілді. Іссапар аяқталғаннан кейін крокос газетінде ҚазҰУ делегациясының келуі туралы мақала жарияланды.