ОНЛАЙН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

08.04.2021

Көрулер: 1503

Биотехнология кафедрасы 8 сәуірде «Биотехнология» білім беру бағдарламасында оқитын 2- және 3 курс студенттері үшін онлайн-кәсіптік бағдар беру іс-шарасын ұйымдастырып өткізді. Шарада кафедра меңгерушісі А.С.Кистаубаева презентациялық материал көрсетті, онда студенттерді кафедраның оқытушылар құрамымен, ғылыми қызметімен таныстырды. Одан әрі Биотехнология кафедрасы микроорганизмдер мен өсімдіктердің биотехнологиясы, нанотехнология, биохимия, өсімдік экофизиологиясы, биоинформатика және биомедицина саласындағы мамандарды даярлауда жетекші ұжымдардың бірі болып табылады.

Әрі қарай кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қысқаша баяндамалар жасады, онда олар өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары мен жетістіктері туралы толығырақ ақпарат берді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап ала алды.