Кафедра жаңалықтары

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінде түлектер күні өтті

30.05.2020

30 мамыр күні жылдағы дәстүр бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінде түлектері күні атап өтілді. Бұл жылғы өткен іс-шара бұрынғыдан ерекше, оның себебі елімізде орын алған келеңсіз жағдайларға байланысты онлайн форматында өтуі. Бұл себептерге қарамастан түлектер күні ерекше дайындықпен, жоғары көңіл күймен атап өтілді.

Ары қарай оқу >>

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ, ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ ОНЛАЙН ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

30.05.2020

Әбу насыр Әл-Фарабидің 1150 жылы аясында ұйымдастырылған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер күніне орай, жылдағы дәстүр бойынша 30 мамыр күні ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының түлектері де онлайн форматында бас қосты. Бұл жылғы өткен іс-шара бұрынғыдан ерекше, оның себебі елімізде орын алған келеңсіз жағдайларға байланысты онлайн форматында өтуі. Бұл себептерге қарамастан түлектер күні ерекше дайындықпен, жоғары көңіл күймен атап өтілді.  

Ары қарай оқу >>

«Қытай тілі көпірі» байқауының жүлдегерлері - қытайтану кафедрасының студенттері

12.04.2020

Сәуір айының 12-19 аралығында ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас Консулдығы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік қытай тілін үйренуші студенттер арасында өтетін кезекті «Қытай тілі көпірі» байқауы өтті. Байқау онлайн түрде жазбаша тест, қытай тілі мен білімі бойынша сұрақтар, әділ қазылардың сұрақтары, өнер сайыстары сияқты бірнеше кезеңдерден тұрды. Байқау нәтижесінде ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті Нұржанова Сәлсабіл екінші орынды иеленсе, 4 курс студенті Онланова Жанель үшінші орынға ие болды. Ал 3 курс студенті Мақсұт Айдана үздік қатысушы атанды. Ал оларға жетекшілік еткен Дүйсенбай Құлпынай үздік жетекші деп танылды. Жүлдеге ие болған студенттер мен жетекшісін шын жүректен құтықтаймыз! Байқаудың толық нұсқасын https://youtu.be/wSJODqEv_Oo  және https://youtu.be/SP3SY4nrElA

сілтемелері бойынша тамашалауға болады.

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті

06.04.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2020 жылдың сәуір айының 6-9 күндері аралығында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы дистанциялық форматта өтті. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қатысты. Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2020 жылдың 6-8 сәуірінде ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалды.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы сертификатқа ие болды

28.03.2020

 Биылғы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылдыңқаңтар айынан, наурыздың 28 аралығында «Білім-Өркениеті» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Абай мұрасы – Қазақтың қасиетті қазынасы» атты халықаралық ғылыми мақалалар байқауын ұйымдастырды. Аталмыш байқауға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Абдурақын Нұрхалық қатысып, сертификатқа ие болды. Аға оқытушы Абдурақын Нұрхалықты құтықтай отырып, шығармашылық шабыт тілейміз!

Ары қарай оқу >>

«Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті

26.03.2020

2020 жылдың 26-27 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультетінде «5В020900 Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиада мақсаты еліміздегі «шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу.

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің 04.03.2020 жылғы №16-5/391 қаулысына сәйкес биыл олимпиада онлайн режимінде өтті. Республикалық олимпиада 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезең әр оқу орнының өз ішінде өтті. Екінші кезең – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінде (базалық оқу орны) өтті. Олимпиаданың екінші кезеңінде қатысушы «法拉比学说– 善的先驱» тақырыбы бойынша қытай тілінде презентация жасап, видеоға түсіріп, қазылар алқасына жолдады.

Ары қарай оқу >>

«Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде өткен шеберлік сағаты

12.02.2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде қытайтану кафедрасының оқытушысы Мұқатай Клараның «Сөздік қорын кеңейту тәсілі арқылы қытай иероглифтерін оңай игеру жолдары» атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағаттың мақсаты тілді үйрету әдістемелерін әріптестерімен бөлісу, сонымен қоса  сөздік қорын кеңейту тәсілі арқылы студенттердің қытай тілін игеру жолдарын қарастыру.

Шеберлік сағатында қытай тілін оқитын студенттер үшін қытай тілінің сөздік қорын кеңейтудің маңыздылығы көрсетіліп, қытай тілі лексикасының ерекшелігінен бастап, кілттер, түбір сөздер, синонимдер арқылы сөздік қорды көбейту жолдары айтылды, мысалдар мен әдістемелер көрсетілді. Қытай тілінің оқытушылары шеберлік сағатында айтылған әдістемелерге қызығушылық танытып, өздеріне мол тәжірибе жинақтады. 

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасы оқытушысының шеберлік сағаты

12.02.2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде қытайтану кафедрасының шетелдік оқытушысы Әнуар Ақмаралдың «现代汉语中的网络语言分析» (Қазіргі заманғы қытай тіліндегі ғаламтор тілін талдау) атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына қытайтану кафедрасының оқытушылары, студенттері мен докторанттары қатысты. Шеберлік сағатында ғаламтор тіліндегі сөйлесу формалары, тілдік ерекшеліктері, ғаламтор тілінің қазіргі заманғы қытай тіліне жағымды және жағымсыз әсерлері талданып, ғаламтор тілінің пайда болуы мен дамуына шолу жасалды. Оқытушылар жаңадан пайда болған ғаламтор сөздерінің жасалу жолдарына қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап алды. Қытай тілі деңгейін жетілдіру мақсатында өткен шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың ықыласына ие болды. 

Ары қарай оқу >>

Профессор Гордон Гэ Ванның шығыстану факультетіне сапары

11.02.2020

11.02.2020 Қытай професоры, философ, БҰҰ Өркениеттер Альянсының төрағасының орынбасары Гордон Гэ Ван Шығыстану факультетіне келіп, факультет өмірімен, қытай тілін оқыту барысымен, студенттердің қызығушылықтарымен танысты. Профессор Гордон Гэ Ванмен кездесуге ҚазҰУ-нің ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Т.С. Рамазанов, шығыстану факультетінің деканы Ы. М. Палтөре, «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының» басшысы, профессор Н. Мұқаметханұлы, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ф. Оразақынқызы және факультет оқытушылары мен студенттері қатысып, пікір алмасты. Кездесу барысында университет басшылығы профессор Гордон Гэ Ванды ҚазҰУ - не дәріс оқуға шақырды.

Ары қарай оқу >>

ҚХР - дың Алматы қаласындағы Бас Консулы Гэн Липин ханымның Шығыстану факультетінде өткен «Қытай - Қазақстан қарым-қатынастарының перспективалары» атты лидерлік дәрісі

19.12.2019

ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас Консулы Гэн Липин ханым ҚазҰУ, Шығыстану факультетіне арнайы келіп, қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне «Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының перспективалары» атты лидерлік дәріс өткізді. Дәріске Бас Консул Гэн Липин, Вице консул Мяо Хунбо, Консулдықтың жаңалықтар бөлімінің басшысы Хуан Тянь және бірнеше атташелар, шығыстану факультетінің басшылары, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар және студенттер қатысты. Дәрісте Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастарының өткені, бүгіні мен болашағы, сонымен қоса, тарихи, саяси, экономикалық және мәдени байланыстары баяндалды.

 

 

Ары қарай оқу >>