Кафедраның тарихы

1991 жылы Шығыс филологиясы кафедрасы екі жеке кафедраға бөлінді: араб филологиясы кафедрасы және шығыс филологиясы кафедрасы. Кейін Шығыс филологиясы кафедрасы қайта құрылып, оның құрамынан түрік-иран филологиясы және қытай филологиясы кафедралары бөлініп шықты. Қытай филологиясы деген атпен 1991 жылы құрылды. Кейін Қиыр шығыс елдері кафедрасы 2003 жылы екіге бөлініп, қытайтану кафедрасын т.ғ.д., проф. Н.Ә.Алдабек меңгерді.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары Қиыр Шығыс елдері, оның ішінде Қытай мемлекеттерінің тілі мен әдебиеті, тарихы, мәдениеті, экономикасы, саясаты және Қазақстан республикасымен арадағы байланыс мәселелеріне бағытталған. Кафедра студенттерінің әртүрлі деңгейдегі ғылыми-шығармашылық конференцияларға қатысып, өздерінің ғылыми ізденістерін жетілдіруіне мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар студенттер республика, Орта Азия және ТМД мемлекеттері деңгейінде өткізілетін әртүрлі тілдік олимпиядаларға және шығыстанушылардың конференциясына қатысып тұрады.

Қытайтану кафедрасында тәжірибелі профессор, ғылым кандидаттары, аға оқытушылар қызмет атқарады. Қафедра оқытушылары өз мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында шетелдерге жіберіліп отырады. Сондай-ақ кафедрада жыл сайын әр түрлі келісімдер арқылы ҚХР-нан келген жоғары деңгейдегі мамандар дәріс береді.

Бүгінде қытайтану кафедрасы ҚХР-дың бірқатар жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Пекин университеті, Пекин тілдер университеті, Пекин Орталық Ұлттар университеті, Хуадунь педагогикалық университеті, Фудань университеті, Ланьчжоу университеті,  Сиань мұнай университеті, Шыңжаң Педагогикалық университеті, Нанчан университеттерімен байланыс жасайды.

Конфуций инситутының негізінде кафедра Қытайдың мемлекеттік канцеляриясымен («Ханьбань») тығыз байланыс орнатып отыр. «Ханьбань» кафедраны қытай тілі бойынша оқулықтармен, оқу құралдарымен, ғылыми–танымдық материалдармен қамтамасыз етіп, жыл сайын кафедраға қытай тілінің мамандарын жіберуде. Сонымен қатар, кафедраның оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары Қытайдың жоғарғы оқу орындарында ғылыми және тілдік тағылымдамалардан өтуде.

Қазіргі кезде кафедрада жалпы саны  20 адамды құрайтын профессорлар, доцентттер, PhD докторлары, кандидаттар мен аға оқытушылар қызмет атқаруда. Кафедрада «шығыстану», «шетел филологиясы», «аударма ісі»  мамандықтары бойынша бакалавриаттың 230 астам студенті, 11 магистрант пен 8 PhD докторант білім алуда.  2016 жылдан бастап кафедра «аймақтану» мамандығы бойынша студенттер қабылдауды бастады.  Оқу үрдісінің материалды-техникалық базасын компьютер сыныптары, лингафон кабинеті, аудио- және видеотехникасы (проекторлар, магнитофондар) құрайды.

Кафедра құрылғаннан бері кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ондаған оқулықтарды, хрестоматиялар, монографиялар, сөздіктер мен жүздеген ғылыми мақалаларды баспадан шығырды. Кафедра оқытушылары сонымен қатар жыл сайын өтетін республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференциялардың тұрақты қатысушылары болып табылады.  

Кафедрада студенттерге арналған «Жібек жолы» үйірмесі жұмыс істейді. Аталмыш үйірме студенттерді ғылымға баулып қана қоймай, қоғамдық өмірге да тартып, түрлі қызықты шараларды ұйымдастырып өткізуде.  

Қытайтану кафедрасын бітірушілер қазіргі таңда еліміздің түрлі оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сыртқы істер министрлігінде, түрлі мемлекеттік қызметтерде, шетелдік компанияларда табысты қызметтер атқаруда.

 

Қосымша мәліметтер:

Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы 33 адам, оның ішінде:

-2 ғылым докторы, профессор;

-2 ғылым кандидаты;

-2 доцент;

-3 доцент м.а.;

-7 философия докторы (PhD);

19- аға оқытушы;

-9 оқытушы.

 

Кафедраның ОПҚ-ның ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы қол жеткізген жетістіктері үкімет және университет тарапынан жоғары бағаланып, бірқатар марапаттарға ие болды, атап айтқанда:

-         Мұқаметханұлы Нәбижан - «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан», № 406 / 27.09.2019ж. төсбелгісімен марапатталды;

-         Алдабек Нұржамал – «Әл-Фараби» атындағы күміс медальмен марапатталды, 2021ж.

-         Оразақынқызы Фарида - «За заслуги в развитии КазНУ», №0210 / 23.12.2019ж. төсбелгі;

-         Оразақынқызы Фарида – ҚР БҒМ-нің 2019 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды;

-         Бисенбаева Әсел – ҚР БҒМ, «Білім өркениеті» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы өткізген «Үздік жас ғалым-2020» байқауының жеңімпазы атанып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды;

-         Исаева Жансая - «За заслуги в развитии КазНУ», №0422 / 10.02.2021ж. төсбелгісімен марапатталды;

-         Түргенбай Айнұр - «За заслуги в развитии КазНУ», №0404 / 21.01.2021ж. төсбелгісімен марапатталды;

 

Соңғы жылдары жарық көрген еңбектер:

-         Мұқаметханұлы Нәбижан. Халықаралық феномен: қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі: монография. –Алматы: Қазақ университеті, 2021. -250 б.

-         Досымбекова Рауан. Қазіргі қытай тілінің сөзжасамы: оқу құралы.

–Алматы: Қазақ университеті, 2021. -212 б.

-         Алиханқызы Гулия. Қытай тілін оқыту әдістері: оқу құралы. –Алматы: ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы. 2020ж.

-         Сериккалиева Ажар. Социально-экономическое развитие Китая: учебное пособие. –Алматы: Қазақ университеті, 2018. -162 б.

 

Халықаралық жобаларға қатысу барысы:

-         Абдурақын Нұрхалық: Шанхай аударма агенттігінің Қытай-қазақ мәдени байланыстарын дамытуға бағытталған «Қытай мәдениетіне саяхат» гранты. (Journey of Chinese Culture)

-         Оразақынқызы Фарида, Матай Бұлбұл: ҚХР, Хубэй провинциясының «Қытайдың қала басқару мәдениеті – урбанизация және интернациализация» халықаралық жобасы. / Chinese Urban Management Culture-Urbanization and Internationalization.

 

-         Сериккалиева Ажар:

  1. «Эволюция имиджа Китая в Казахстане». Совместный международный исследовательский проект между Казахским национальным университетом им. Аль-Фараби и Генеральным консульством Китая в г. Алматы, Университет Фудань. (2017-2019 годы);
  2. «The Political Economy of China’s involvements in Kazakhstan: state interests, social conflicts, and economic cooperation» Университет города Гонконг (Hong Kong City University), 2020-настоящее время

 

Халықаралық ынтымақтастық:

 

Пекин университеті

 

Пекин педагогикалық университеті

 

Пекин шеттілдер университеті

 

Нанкин университеті

 

Гонконг қытай тілі университеті

 

Пекин тілдер университеті