Жалпы мәліметтер

Қытайтану кафедрасының осы жылдар аралығындағы халықаралық қатынастыры түрлі бағытта ауқымын кеңейтіп, нығайта түсті. ҚазҰУ мен ҚХР Шанхай, Ланьчжоу, Синьцзян университеттерімен арада екіжақты келісімге қол қойылды. Ланьчжоу университетімен арада қол жеткізген келісім «Қытай тілі» мамандығы бойынша бакалаврларды бірлесіп дайындау бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді («2+2» форматы бойынша).

ҚХР оқу-ағарту министірлігінің «Орталық Азия мемлекеттерінде Қытайға қатысты ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау» жобасының аясында кафедра оқытушылары Әбдраев Н. Мен Исаев Ә. Синьцзян мемлекеттік университетінде және Хуадунь университетінде (Шанхай қаласы) PHD доктарантурада оқуға грантқа қол жеткізді.

ҚХР университеттерімен студент алмасу бағдарламасы бойынша Қытайға баратын студенттердің саны жылдан-жылға артып келеді. Соңғы жылдардың өзінде кафедраның 300 аса студенттері мен магистранттары ҚХР түрлі оқу орындарында тілдік және ғылыми практикадын өтіп қайтты.

Қытайтану кафедрасының оқытушылары ҚХР оқу-ағарту министірлігі, Қытай тілін дүние жүзіне насихаттау мемлекеттік кеңсесі (Ханьбань), Қытайдың оқу-орындары ұйымдастырған түрлі деңгейдегі біліктілікті арттыру курстары мен қытай тілін оқыту методикасына қатысты семинарларға үздіксіз қатысып отырады. Кафедрада ерікті-оқытушы қытайлық маманның жұмыс істеуіде қалыпты жағдайға айналып келе жатыр.

Кафедраға арнайы шақырылған Фудан университетінің профессоры Чжао Хуа Шен, Шанхай университетінің вице-президенті Ли Вэй, Шанхай университетінің жанындағы қоғамдық дипломатия ҒЗИ маманы Ван Уйчион, РҒА Қиыр Шығысты зерттеу институтының директорының орынбасары, Қытайды экономикалық және әлеуметтік зерттеу орталығының жетекшісі профессор Островский А.Н, Новосибир мемлекеттік университетінің доценті т.ғ.к. Олейников И.В., ҚХР СҰАР қоғамдық ғылымдар академиясы Орталық Азия институтының директоры профессор Пан Джи Пиң сияқты ғалымдар келіп, студенттер мен магистранттарға түрлі тақырыпта дәрістер оқыды және факультет, кафедра ұжымдарымен кездесулер, ғылыми дөңгелек столдар мен конференцияларға қатысты.

ҚХР Алматыдағы бас консулдығы, ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты түрлі танымдық, интелектуалды, мәдени іс-шараларды өткізуде кафедра ұжымымен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтар болсақ, ҚХР Алматыдағы бас консулдығы біраз жылдан бері қытай тілінен өтетін республикалық олимиаданың жеңімпаздарына Қытайда оқуға ҚХР үкіметінің грантын беріп келеді. Қытайтану кафедрасының студенттері «Қытай тілі көпірі» халықаралық сайысында үздіксіз жүлделі орындардан көрініп келеді және бірнеше рет жеңімпаз атанды.

ҚХР Алматыдағы бас консулдығының, Конфуций институтының қолдау көрсетуімен кафедраның кітап қоры үздіксіз құнды монографиялармен, сөздіктермен, оқулықтармен және оқу құралдарымен толықтырып отырады.

Еліміздегі ірі қытай-қазақ компанияларымен арадағы байланыс та жылдан-жылға дамып келеді. Қытай Ұлттық мұнай компаниясының, ҚР Қытай банкінің, «Азия газқұбыры» компанисының өкілдері кафедра студенттері мен магистранттарына түрлі тақырыпта лекциялар оқиды, жаң оқыту бағдарламаларын түзуге ат салысады, өндірістік практиканы өткізуге қатысады және жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге демеушілік көрсетуде.

Кафедраның оқытушылар мен студенттері ҚХР Алматыдағы бас консулдығының ұйымдастыруымен өткен мәдени іс-шараларға, көрмелерге, кино апталықтарына, қытай өнер шеберлерінің қатысуымен өткен түрлі деңгейдегі концерттерге үздіксіз қатысып отырады.

Қытайтану кафедраның Қытайдың түрлі оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, мемлекеттік және биснес құрылымдармен арадағы қарым-қатынастардың ауқымын кеңейтуі және нығайа түсуі кафедраның оқу-ағарту, ғылыми және тәрбиелік сияқты түрлі бағыттағы қызметін жақсарта түсуге өз септігін тигізуде.