Ғылыми-зерттеу қызметі

Қытайтану кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы көпжақты. Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы әрдайым өзінінің ғылыми мүмкіндігін жетілдіріп отырады. Кафедраның ғылыми байланысы тек отандық ғалымдармен және ғылыми ұйымдармен шектелмейді. Республикалық ғылыми іс-шаралармен қоса, кафедра оқытушылары халықаралық ғылыми шараларға қатысып тұрады, бұл өз кезегінде оқытушылардың өз мүмкіндіктері мен жетістіктерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар тәжірибе жинап, синология саласында жаңа зерттеу әдістерімен танысуға көмектеседі.

Кафедраның көрнекті ғалымдары

Қытайтану кафедрасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белгілі қазақстандық қытайтанушы ғалым, т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы жетекшілік етеді.

Төмендегі ғалымдар ауқымды ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде:


т.ғ.к., доцент Батпенова З.С. т.ғ.к., доцент Ахметбек Г.

т.ғ.к., доцент Бектұрғанова П.Е. Ph.D, аға оқытушы Абдраимова Н.Б.

Сонымен қатар төмендегі оқытушылар да кафедрада нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде:

Ph.D докторант, Аға оқытушы Абдуракын Н. Жазушы, қытай әдебиетінен кітаптардың авторы.Ғылыми-зерттеу аясы: қытай тілі грамматикасы мен қытай әдебиеті.

Ph.D докторант, аға оқытушы Дәуен Д.Б. (фото) Ғылыми-зерттеу аясы: Қытайдың қазіргі тарихы, ҚХР-дың модернизациялануы мен реформалар, халықаралық қауіпсіздік мәселелері.

Ph.D докторант, оқытушы Серікқалиева А.Е. (фото) Ғылыми-зерттеу аясы: Қытайдың қазіргі тарихы, ҚХР-дың Орталық Азия елдерімен байланысы, ШЫҰ.

Аға оқытушы Нұрсаидов М.А. Қытай тілінен бірнеше оқулықтың авторы. Ғылыми-зерттеу аясы: қытай тілінің стилистикасы мен лексикологиясы.

Аға оқытушы Түргенбай А.А. Қытай тарихы мен мәдениетінен оқулықтардың авторы. Ғылыми-зерттеу аясы: Қытайдың ерте және орта ғасыр тарихы.

Аға оқытушы Арзыкұлов А.А. Ғылыми-зерттеу аясы: Қытай тарихы мен қоғамдық ой-санасы, қытай-қазақ қарым-қатынасы.

Магистрант, аға оқытушы Анипина А.К. Қытай тілінен тілдескіш авторы. Ғылыми-зерттеу аясы: қытай тілі грамматикасы мен қытай әдебиеті.

Магистрант, аға оқытушы Досымбекова Р.О. Қытай поэзиясынан кітаптың авторы. Ғылыми-зерттеу аясы: қытай тілі грамматикасы мен қытай әдебиеті.

Магистрант, аға оқытушы Керимбаев Е.А. Қытай тілінен оқулықтың құрастырушысы. Ғылыми-зерттеу аясы:қытай тілінің грамматикасы мен фразеологизмдері.

Магистрант, аға оқытушы Мадиев Д.А. Қытай тілінен оқулықтың құрастырушысы. Ғылыми-зерттеу аясы:қытай әдебиеті.

Ph.D докторант, оқытушы Жүнісбек Г. Ғылыми-зерттеу аясы: қытай және қазақ әдебиетінің мәселелері.

Аға оқытушы Койбакова А.С. Қытай тілінен оқулықтың құрастырушысы. Ғылыми-зерттеу аясы:қытай тілінің грамматикасы.

Халықаралық ғылыми байланыс

Кафедра Қытаймен және өзге де елдермен ұдайы ғылыми байланыс пен ынтымақтастықта. Тілдік тағылымдамалардан бөлек, кафедра оқытушылары, докторанттары мен магистранттары тұрақты түрде түрлі деңгейдегі шетелдік ғылыми шараларға қатысады.

Университеттің стратегиялық жоспарына сай кафедрада шетелдік мамандарды, көрнекті ғалымдар мен профессорларды дәріс оқуға шақыру жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар Ph.D докторларды дайындау бағдарламасы шеңберінде докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшілерін кафедрада қабылдау тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Докторанттар мен магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарға бару мүмкіндігіне ие.

Серіктес университеттердің ғалымдары, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері мен басшылары шығыстану саласы бойынша ұйымдастырылатын конференцияларға қатысуға шақырылады.

Кафедрада шетелдік ғалымдардың қатысуымен қазіргі шығыстанудың өзекті мәселелері аясында дөңелек үстел, семинарлар жиі өткізіліп тұрады.