«Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті

26.03.2020

Көрулер: 1620

2020 жылдың 26-27 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультетінде «5В020900 Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиада мақсаты еліміздегі «шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу.

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің 04.03.2020 жылғы №16-5/391 қаулысына сәйкес биыл олимпиада онлайн режимінде өтті. Республикалық олимпиада 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезең әр оқу орнының өз ішінде өтті. Екінші кезең – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінде (базалық оқу орны) өтті. Олимпиаданың екінші кезеңінде қатысушы «法拉比学说善的先驱» тақырыбы бойынша қытай тілінде презентация жасап, видеоға түсіріп, қазылар алқасына жолдады.

Республикалық студенттік олимпиаданың екінші кезеңіне 10 студент өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен 6 студент, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық және әлем тілдері университетінен 3 студент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен 3 студент. Байқау нәтижесінде студенттер төмендегідей марапаттарға ие болды:

Бірінші дәрежелі дипломмен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 4 курс студенті Бейсен Аделина марапатталды.

Екінші дәрежелі дипломмен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 4 курс студенті Жазайбек Саида марапатталды.

Екінші дәрежелі дипломмен Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық және әлем тілдері университеті 3 курс студенті Санжаровская Ангелина марапатталды.

Үшінші дәрежелі дипломмен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3 курс студенті Нурсултанова Лаура марапатталды.

Үшінші дәрежелі дипломмен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3 курс студенті Ділтан Мерей марапатталды.

Үшінші дәрежелі дипломмен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3 курс студенті Байсеркенов Ален марапатталды.

Барлық студенттерді жеңістерімен құтықтаймыз!