«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті

06.04.2020

Көрулер: 2027

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2020 жылдың сәуір айының 6-9 күндері аралығында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы дистанциялық форматта өтті. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қатысты. Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2020 жылдың 6-8 сәуірінде ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалды.

Шығыстану факультетінде «Шығыс елдерінің тарихы, саясаты, экономикасы», «Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері және Шығыс елдерінің әдебиеті», «Шығыс елдерінің діні, мәдениеті, қоғамы», «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Шығыс елдері» секциялары бойынша қатысушылар өз мақалаларын ұсынды.

Бұл конференцияға қытайтану кафедрасының докторанттары мен магистранттары, студенттері де белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, «Шығыс елдерінің діні, мәдениеті, қоғамы» секциясы бойынша 1 және 2 орынды қытайтану кафедрасында ғылыми зерттеу тағылымдамадан өтіп жүрген, серіктес Ухань университетінің докторанттары Zhong Daobang мен Han Junyao және 2 курс магистранты Аманова Ф.М. иеленді.

«Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері және Шығыс елдерінің әдебиеті» секциясы бойынша қытайтану кафедрасының «шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенті Ниязова Асылжан 1 орынды иеленді. Ал, «Шығыс елдерінің тарихы, саясаты, экономикасы» секциясы бойынша «шығыстану» мамандығының 1 курс магистранттары Айтқалиева Әсел 1 орынға, Құдайбергенова Алтынай 3 орынға ие болды.

Жүлделі орын алған қытайтану кафедрасының барлық докторанттары мен магистранттарын, студенттерін және олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!