Жалпы мәліметтер

Кафедра «шетел филологиясы: қытай тілі», «шығыстану», «аударма ісі» мамандықтары бойынша маман дайындайды, әрі білім беру бакалавриат-магистратура-докторантура бойынша үш сатылы деңгейде жүргізіледі.

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамында ҚазҰУ мен ҚХР Университеттерінің түлектері еңбек етуде, олар Жұмыс-оқыту жоспары (РУП) мен Типтік-оқыту бағдарламасын (ТУП) құрастыру мен жаңарту жұмыстарына, «ШЫҰ Университеті» бағдарламасын іске асыруға белсене атсалысуда, сондай-ақ, Ланьчжоу университетімен бірлікте бакалаврлар даярлау жұмысына дайындық жүргізуде.

Соңғы жылдары оқытушылардың Web of Knowledge, Elsevier, Springer секілді электронды ресурстарды қолдану тренингтері мен семинарларына қатысуы қалыпты жағдайға айналған. Елімізде және шетелде өтетін Халықаралық және отандық ғылыми-методикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, тәжірибе алмасады, оқытудың интерактивті технологияларымен және білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктермен танысып отырады. Оқу үрдісінде Интранет жүйесі енгізілген, мәселелік-бағытталған, жобалық-ұйымдастырылған секілді заманауи білім беру технологиялары кең қолданыста, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту әдісі қолданылуда. Бұл әдіс бойынша шетелге тәжірибе жинақтауға шыққан студенттердің үздіксіз білім алуына мүмкіншілік бар. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жүздеген студент ҚХР-ң әртүрлі Жоғары оқу орындарында білім алып қайтты.

ҚР ҒБМинистрлігінің қолға алған 020-111 «әл Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдік мамандарды шақыру» бағдарламасын іске асыру барысында 2011-2012 оқу жылында, қытайтану кафедрасының шақыруы бойынша Ресей мен Қытайдың бірқатар белгілі ғалымдары Пан Чжипин, Чжао Хуашен, Островский А.В., және тағы басқалары, студенттер мен магистранттар алдында дәріс оқып, ғылыми-методикалық семинарлар мен дөңгелек столдарға қатысты.

Кафедра оқытушылары соңғы жылдары көптеген оқулықтар мен оқу құралдарын, сөздіктер мен тілдескіштер жазып, жарыққа шығарды. Атап айтсақ, Алдабек Н.А., Тургенбай А.А. «Қытай мәдениеті тарихы», Алдабек Н.А., Абдраимова Н. «Қытай мен түркі халықтарының мәдени байланыстарының тарихы», Батпенова З.С. «Государственный строй КНР», Абдуракын Н. «Қазіргі қытай тілінің грамматикасы», «Жаңа заман қытай әдебиеті», «Қытай мифтерінің аудармасы», «Көне қытай әдебиетінің хрестоматиясы», Нурсаидов М.А., Анипина А.К. «Қытай тіліндегі антоним сөздер» сөздігі, Ахметбек Г. және кафедраның оқытушылар құрамы «Экономика және мұнай-газ саласындағы қытайша-қазақша-орысша, қазақша-орысша-қытайша терминдер сөздігі», т.б. жарық көрді. Оқу үрдісі жылдан жылға интерактивті проектор, интерактивті және дыбыстық тақта секілді техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілуде. Ахметбек Г., Досымбекова Р., Койбакова А. секілді оқытушылар Ханьбанның (Халықаралық қытай тілін оқыту қоғамы) университеттерге арналған қытай тілі оқулығын құрастыру жөніндегі Халықаралық жобасына қатысуда. Әр жылдары жылдың үздік оқытушысы болып Алдабек Н.А., университет деңгейінде Ахметбек Г., факультет бойынша Досымбекова Р. танылды.

Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының, ҚР Ұлттық Кітапхана қабырғасындағы Қытай мәдени орталығының, Конфуций Институтының қолдауымен кафедраның кітап қоры үздіксіз толықтырылып келеді. Бүгінгі таңда, қытайтану кафедрасының бәсекелестікке төтеп бере алатын маман дайындауда мүмкіншіліктері мен ресурстары зор.