«Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде өткен шеберлік сағаты

12.02.2020

Көрулер: 1784

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде қытайтану кафедрасының оқытушысы Мұқатай Клараның «Сөздік қорын кеңейту тәсілі арқылы қытай иероглифтерін оңай игеру жолдары» атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағаттың мақсаты тілді үйрету әдістемелерін әріптестерімен бөлісу, сонымен қоса  сөздік қорын кеңейту тәсілі арқылы студенттердің қытай тілін игеру жолдарын қарастыру.

Шеберлік сағатында қытай тілін оқитын студенттер үшін қытай тілінің сөздік қорын кеңейтудің маңыздылығы көрсетіліп, қытай тілі лексикасының ерекшелігінен бастап, кілттер, түбір сөздер, синонимдер арқылы сөздік қорды көбейту жолдары айтылды, мысалдар мен әдістемелер көрсетілді. Қытай тілінің оқытушылары шеберлік сағатында айтылған әдістемелерге қызығушылық танытып, өздеріне мол тәжірибе жинақтады.