Қытайтану кафедрасы оқытушысының шеберлік сағаты

12.02.2020

Көрулер: 1683

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде қытайтану кафедрасының шетелдік оқытушысы Әнуар Ақмаралдың «现代汉语中的网络语言分析» (Қазіргі заманғы қытай тіліндегі ғаламтор тілін талдау) атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына қытайтану кафедрасының оқытушылары, студенттері мен докторанттары қатысты.

Шеберлік сағатында ғаламтор тіліндегі сөйлесу формалары, тілдік ерекшеліктері, ғаламтор тілінің қазіргі заманғы қытай тіліне жағымды және жағымсыз әсерлері талданып, ғаламтор тілінің пайда болуы мен дамуына шолу жасалды. Оқытушылар жаңадан пайда болған ғаламтор сөздерінің жасалу жолдарына қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап алды. Қытай тілі деңгейін жетілдіру мақсатында өткен шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың ықыласына ие болды.