Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

 

 

Кафедраның әлеуметтік-тәрбие жұмысы

08.04.23 күні “Жібек жолы”үйірмесімен “Bauyrmal “клубы ҚазҰУ-нің шетелдік және жергілікті студенттері біріге, өз мемлекеттерінің мәдениетін таныстырып, қызықты мәліметтер айтып өтті. Ұйымдастырылған іс- шара Шығыстану факультетінде өтті. Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Түркия, Иордания елдерінің студенттері Отандары туралы айтып өтсе, Индонезия, Ауғанстан, Пәкістан, Сирия елдерінен қонақтар болды және келесі іс-шарамызда осы елдердің мәдениетімен танысатын боламыз!!!

 

 

   28/03/2023 

Қытай Халық Республикасы СУАР ҚКП парткомының хатшысы, ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі Ма Синжуйдың Алматы қаласына келуіне орай, 2023 жылдың 28-наурыз күні «InterContinental» қонақ үйінде ҚР сауда және интеграция Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесуге және ҚР мен ҚХР (ШҰАА) шекара маңы ынтымақтастығының 2-ші достық диалогы іс-шарасына Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының 5 оқытушы, 4 магистрант және 17 студент волонтер ретінде жіберілді. Іс-шараға қатысқан оқытушылар, магистранттар, студенттер екі елдің мемлекеттік қызметкерлері мен іскер адамдарына бір-бірімен еркін араласып, қарым-қатынас жасауына көмектесіп, аударма жасады.


14/03/2023   күні қытайтану кафедрасының аға оқытушылары Қатбаева Гүлмира мен Бисенбаева Әсел, қытай апталығы аясында “Бір сахнада тоғысқан екі мәдениет” атты іс-шара өткізді. Іс-шараға қытайтану кафедрасының 1 курс және 2 курс студенттері ат салысты. Іс-шара барысында, жергілікті студенттер қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін, шетелдік Қытай студенттері өздерінің ұлттық Чуньцзие мерекесін таныстырып өтті.  Іс-шара соңында 1 курс студенттері мен 2 курс қытай студенттері бірігіп ерекше сахналық көрініс көрсетіп, қазақша және қытайша әсем ән орындады. Көрермендер іс-шара жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, болашақта осындай іс-шаралардың жиі өткізілуін сұрады.

 

19/02/2023 Түркияға гуманитарлық көмек орталығына факультеттің белсенді оқытушылары қолдау көрсетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері Түркия Республикасында болған жер сілкінісі кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын арнайы қорға аударудан бөлек, университетте ашылған Түркияға гуманитарлық көмек орталығына факультеттің белсенді оқытушылары атынан қазақ үй сатып алуға 170 000 теңге ақшалай көмек және жылы киім-кешектер мен көрпелер тапсырылды.

 

 

 

2022 жылғы 29 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік орталық музейі Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған «ҚЫТАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК МҰРА НЫСАНДАРЫ» атты халықаралық фотокөрмесін ұйымдастырды.Көрмеге ежелгі өркениеттің інжу-маржандарының 59-дан астам фотосуреті қойылған. Шығармалардың авторлары – танымал Қытай фотографтары-Чжоу Цзяниен, СунЧжицзюнь, Тань Мин және т. б.Көрменің ресми ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым сөз сөйледі.Аталмыш шараға, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Қатбаева Гүлмира 1 курс студенттерімен барып, тамашалап қайтты. Болашақ қытайтанушы студенттердің көрмеден алған әсері өте жоғары болып, осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.



 5.03.2020

«Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы салтанатты түрде бастау алды. Айтулы шараға дүние жүзінде әл-Фарабидің атын иеленіп отырған жалғыз университет – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйытқы болды. 

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері Шығыстың ғұлама-ойшылы, математик, музыка теоретигі, астролог, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған тұлғаны дәріптеп, өскелең ұрпақтың жадына сіңіру, насихаттау жолында сонымен қатар, жастарды жақсылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында қайырымдылық шараларын жүргізді.

Кафедрамыздың аға оқытушысы Қатбаева Гүлмира топ студенттерімен 8-наурыз мерекесінің қарсаңында, бір  дауыстан әл-Фарабидің "Қайырымды қоғам" қозғалысына үн қосу мақсатында, Алматы қаласының «Жанұя» балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан қаракөз қыздарымызды мерекемен құттықтап барды.

 

 

27.02.2020

Шығыстану факультетінің шетел филологиясы студенттері қайырымдылық көрсету мақсатында көп балалы, жалғыз басты ана Эльмира ханымның үйіне барып, жағдайымен танысты. 4баласы бар, барлығы кішкентай сәби ең үлкені 9жаста ең кішкентайы 2 жаста, кішкентай баласының денсаулығы да мәз емес екенін көріп қайттық. Аз болса да көмек қолын көрсету мақсатында барып, және қазіргі заманда әлі де жүрегінде нұры бар, мейірімді жандар бар екенін бір мәрте дәлелді.

18.09.19

1 курс студенттері эдвайзерлерімен бірге Тұран университетінде өткен өткізілген «Қытаймен бірлескен білім беру саласындағы форумға» қатысты. 

14.03.2018

14 наурыз күні сағат 10:00-12:00 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Алматы қаласындағы ҚХР-ның Бас Консулы Чжан Вэй мырзаның «Қазақ-қытай қатынасының жаңа форматы» тақырыбында дәрісі өткізілді.

Алғашқы сөз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірінші проректоры Бүркітбаев М.М.-ға берілді. Лекцияға Шығыстану және Халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері мен оқытушылары, Конфуций Институтының өкілдері қатысты.Чжан Вэй мырза өз лекциясында ҚазҰУ-нің Қазақстандағы сияқты, Орталық Азия мен ТМД аймақтарындағы ЖОО арасында алдыңғы қатарда екенін атап өтті.  ҚазҰУ Қытайдың көптеген ЖОО-мен байланыс орнатты және «Бір белдеу, бір жол» атты университеттік ұйым бастамасының маңызды мүшесі болды. Бұдан бөлек,  қазақ-қытай қарым-қатынасының даму перспективалары мен жетістіктері, ҚХР-нің қазіргі жағдайы, сонымен қатар ҚазҰУ студенттері университетті бітіргеннен кейін Қытай тарапынан қандай мүмкіндіктер жол ашатындығы қарастырылды.

Дәріс қонақтары Қытайдың табыстылығының басты сыры мен Қытайдың экономика саласындағы жетістіктері туралы мәлімет алды:
1. Тарихқа, мәдени дәстүрге, құндылықтар мен өзге ұлттық ерекшеліктерге және даму тәжірбиесіне негізделген Қытайлық сипаттамалары бар социализм.
2. Реформа мен ашық саясат арқылы саяси және әлеуметтік тұраұтылыұты сақтау.
3. Экономикалық жүйені және әкімшілік басқару жүйесін реформалауды тереңдету.
4. Ашық саясатты сыртқы әлемге жүргізу және экономикалық жаһанданудың белдһсенді интеграциясын іске асыру.
5. Ұлттық мәдениетте инновацияларды көтермелеу және сыртқы мәдени алмасуды күшейту.
Оң нәтижелермен қоса, Қытайдың ашық саясаты мен реформаларының нәтижесінің теріс жақтары және олардың себептері де қарастырылды.
    Дәрісті қорытындылай келе Чжан Вэй мырза ынтымақтастық пен достықтың нығаюына, келешектегі екі елдің өзара қарым-қатынастары Қазақстан жастарының арқасында екендігіне сенім білдірді.
Дәріс соңында Бас консул аудиторияны қызықтырған сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, табыс пен гүлдену тіледі.
   ҚазҰУ-нің Бірінші проректоры Чжан Вэй мырзаға танымдық дәрісіне алғыс білдіріп, ҚазҰУ студенттері ғана емес, Қазақстанның барлық жастары қазақ-қытай қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен олардың келешегі туралы хабардар болады деген үмітпен, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың алғашқы қадамы екендігіне сенім білдірді.

 

16.02.2018

2018 жылдың 16 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Қытай мәдениеті мен әдебиеті орталығында Қытайдың Чун Цзэ – Көктем мейрамы аталып өтті. Жаңа жылды көктемде тойлау шығыс халықтарының көбіне тән. Чун Цзэ мейрамы қытайлықтардың ең ұлық мейрамы. Адамзатқа үміт сыйлайтын, өмірге құштарлық сыйлайтын бұл мереке жаңарудың, жасарудың, жаңалықтың жаршысы іспеттес.

Бұл мейрам «Қытайдың мәдениеті мен әдебиеті» деген атпен ашық есік күні форматында өтті. Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Алматыдағы ҚХР консулдығының өкілдері келіп қатысты. Атап айтсақ, Бас консулдың Орынбасары Гуо Чиң чяо мырзамен мен Консулдың мәдениет және оқу ағарту саласы бойынша аташесі Ваң Цзипин мырзаларды кітапхана директорының орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы өзі күтіп алды.

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының магистранттарының күш салуымен ұйымдастырылған іс-шараның мазмұны өте бай һәм ауқымды болды. Келген қонақтар қытай калиграфия өнері - шу фадан бастап, қағаздан ою-өрнек қию - цзиен жі, шәй демдеу салты сияқты өнерлерді тамашалаумен қатар, үйымдастырушылар өз қолдарымен әзірлеген дәстүрлі қытай тағамдарынан ауыз тиді. Кеш мерекелік концертпен ұласты. Алматы қаласындағы түрлі оқу орындарында қытай тілін оқып жатқан студенттер мен қаламызға білім қуып келген қытайлық студенттердің бірлесіп қойған концерті, жиналған көрерменнің көңілінен шыққаны сөзсіз.

Бұл ауқымды шара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 2 курс докторанттары Керімбаев Ержан мен Мадиев Даниярдың қызықты дәрісімен аяқталды. Докторанттар кітапхана ұжымының арнайы өтінішімен, өздері зерттеп жүрген тақырыптың аясында, жиналған қауымға Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар туралы және Қытайдың мәдениеті мен тілін әлемге тарату саясатынан тұшымды ақпарат берді.

Кітапхана басшылығы іс-шараны ұйымдастыруда белсенділік танытқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының магистранттары мен докторанттарына бүкіл кітапхана ұжымының атынан алғыс білдірді.

9.02.2018

9.02.2018 сағат 16:00 – 18:00 Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының қолдауымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті және ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтымен ұйымдастырылған кеш өтті.
Мерекемен құттықтау үшін, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Чжан Вэй мырзаға және ҚазҰУ Оқу жұмысы жөніндегі проректор Хикметов Аскар Кусупбекұлы мырзаға сөз берілді.
Құттықтау сөзінен кейін Чунжие мерекесіне арналған концерт қойылды. Концерттік бағдарламаға Алматы қаласының бір неше жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Концертке билер, әндер, қойылым, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнау, сондай-ақ түрлі дәуірлердегі қытай киімдерінің сән көрсетілімдері ұсынылды.
Қытайтану кафедрасының студенттері Чунжие мерекесінің пайда болуы туралы қытайлық халық мифін көрсетті. Студенттер актерлік таланттарды көрсеттіп, көрермендердің көңілін көтерді.
«Алматы қаласы жоғарғы оқу орындары арасындағы «Көктем мейрамы-Чунжие» мерекесіне арналған кеш жоғары деңгейде өтті.

2.03.2018

Ғылыми-практикалық конференция
2 Наурыз, 2018 Шығыстану факультетінде Қазіргі заманғы Қытай зерттеулер орталығы ұйымдастырған «Қазақ-қытай қарым-қатынаста КҚК XIX съезінің шешімдердің маңыдылығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда танымал қазақстандық ғалым-қытайтанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор К.С. Хафизова қатысты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкер Жанымхан Ошан, Байтұрсынов А.Б. атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері филология ғылымдарының кандидаты Қ.Габитханұлы және қытай тілі кафедрасының оқытушылары қатысты. Конференция КҚК XIX съезі, Қытайдың сыртқы саясат және халықаралық қатынастар рөлі, Қытайдың экономикалық саясаты, мәдени және өркениеттік үрдістер және қазақ-қытай қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Қазіргі заманғы Қытай ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Н. Мұқаметханұлы қауымдастығының төрағасы дайындаған қоғамдық бірлестігінің «Қытайтанушылар Қазақстандық Ассоциациясы» жұмысы туралы есеп берді.

20.01.2018

10-00-де түлектердің кездесуі өтті!

Концерттік бағдарлама, швед үстелі және лотерея ұйымдастырылды. Шығыстану факультетінің 5 түлегі жеңімпаз атанып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Кездесу қызықты және қызықты өтті.

 

 16.12.2018

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовпен кездесу 

2018ж. 16 қаңтарында «Айналаңды нұрландыр» және «Саламатты өмір» жобасы аясында Шығыстану факультетінде боксшы, 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарында олимпиада чемпионы, «Олимпиадалық бокс орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Ермахан Ибраимовпен кездесу өтті. Кездесуді Шығыстану факультетінің деканы және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті Ықтияр Палтөре кіріспе сөзімен ашты. Сосын Е.Ибраимов кездесуге қатысушылармен амандасты. Олимпиада чемпионы өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында айтылған қоғамдық сананы жаңғырту мәселесін көтерді. Е.Ибраимов өзінің өмірлік тәжірибесінен тәуелсіздік жылдары Қазақстанда болған оң өзгерістердің мысалдарына сүйене отырып, Қазақстандағы одан әрі дамуы үшін қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығын айқын дәлелдеді, және озық білімді жастарды белсенді түрде қатысу арқылы Президенттің бастамасын қолдауға шақырды. 

ХХІ ғасырға лайық Қазақстандықтар үшін ең маңызды сипаттар жиынтығына сілтей отырып, оның ішінде компьютерлік сауаттылық, мәдени ашықтық және шет тілдерін білу сияқты факторларға тоқтала отырып, Е.Ибраимов шет тілдерін білу перспективалы және қажетті дағдылар екенін атап өтті, мысалы, шет елдерге спорт делегациялары сапарларын ұйымдастыру кезінде. 
Кездесу соңында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушы құрамына Олимпиада чемпионымен есте қаларлық суреттер жасауға және Е.Ибраимовқа сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Қойылған сұрақтарға жауап беру барысында ол өзінің карьерасының басталуы туралы және Сиднейдегі Олимпиаданың қызықты сәттері жайлы айтып беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және Президенттің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламасын іске асыруға ат-салысуға шақырды. 

 29.12.2018

29 желтоқсан 2017 ж. "How to get published in an Academic journal: Top Tips from Editor" атты Шриканта Кондапалли (Университет Дж.Неру) бастаған семинар өтті.
Қытайтану кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, сонымен қатар семинарға қатысқан басқа да оқытушылар индекстелетін журналға мақала жазу туралы мол ақпарат алды.  
1. Мақала тақырыбы таңдалған журналдың аудиториясына маңызы зор әрі релеванттық болуы тиіс.
Тақырыпта аударылмайтын сөздің тұруы дұрыс болмайды, ондай сөздерді мәтіннің ішінде курсипен белгілеу арқылы қойған жөн.
2. Аннотацияда мақалада істелінген ақпарат туралы жазылады

3. Көптеген мақалалар  5000-6000 сөзден, 15 беттен тұрады
4. Алғашқы 15 бет – тақырыптың маңыздылығы мен мәнділігін дәлелдейді. Шамамен 1-5 дәлел
5. 15 беттің 2-3 беттері– әдебиетке шолу. Оны бірнеше тарауға бөлген жөн (әртүрлі мектептердің авторлары: неореалисттер,конструктивисттерт.б..). Қандай нәрсенің зерттелгенін, қайсысын әлі зерттеу керектегін көрсету қажет. Автордың зерттеген болжамдары мен олардың қалай дәлелденгендерін қарастыру керек.
6.Ғылыми зерттеудің мақсаттары - 5-10 мақсат. Осы мақсаттар мақаланың мазмұнын көрсетеді.

7. Болжамдар таңдау, 1-2 
Болжам – бұл сіздің тексергіңіз келген нәрсе. Мақала талдауында осы болжамның жағдайы қарастырылады.  
8.Әдістер - 1-2 : Индуктивті (деректі материалды жинақтау) и Дедуктивті (теория/болжам-нан басталады, мысал түрінде қарастырылады). Әдістеме секциясында қандай әдістер қолданылатыны туралы бірден анықтау қажет (екі әдістердің қолданылуы рұқсат етіледі)
9.Мақаланы екі бөлімге бөлу қажет
10. Библиография. Көбінесе Chicago manual style стилі қолданылады.
11. Мақаланы жібермес бұрын оны  Turn It On бағдарламасында плагиатқа тексерген жөн (ағылшын тілінде жазылған мақалаларға),егер плагиат  10-15% -дан асса, онған міндетті түрде өзгеріс енгізу қажет, онсыз сіздің мақалаңызды қабылдамайды.
12. Жақсы әдебиет шолулар жазылған мақалалар көбінесе танымалдылыққа ие болады.


  27.12.220

Қытай-Қазақстан қатынастары тұрғысынан бірбелдеу және бір жол бастама

27 желтоқсанда сағат 10-00-ден 12-30-ға дейін Қытай-Қазақстан қатынастары тұрғысынан бірбелдеу және бір жол бастама тақырыбында келуші профессор Шрикант Кондапаллидің (John Nehru University) семинары өтті.

Семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, философия докторы және магистранттары, сондай-ақ басқа қазақстандық университеттердің профессорлары шақырылды.
 

8 желтоқсан күні, сағат 10-30 да әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «Қытаймен танысу – 2017: Чунцин келбеті» атты фотокөрмесінің ашылу салтанаты болды.

 

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласындағы ҚХР бас консулдығы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Конфуций институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

 

Көрменің мақсаты - қазақ халқыны қытайдың тарихы мен мәдениетімен, Чунцин қаласы мен ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің қызметімен таныстыру. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Конфуций институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорынан «Халықтарлы біріктіретін – кітап» атты кітап көрмесі бір неше тілдерде өтті.
Чунцин қаласының Халықтық үкіметі Қытайдың «Чунцин Келбеті» атты бірегей фотосуреттерін әкелді. Чунцин – Қытайдың орталығында орналасқан ірі қалалардың бірі. Халықтың саны - 32,75 млн.
Бұл 3000-нан аса тарихы бар ерекше заманауи қала болып табылады. Чунцин көптеген тарихи ескерткіштерге бай қала: мұражайлар, ғибадатхана кешендері, үңгірлер, ойын-сауық саябақтары.
Екіжақты тату көршілік қатынастарды орнату және оны дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының халықаралық қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.
«Xiaomi» интеллектуалды компаниясының ресми дестибьютері «Ақылды үй» қондырғысы бар өнімдерді ұсынды.

Іс-шараның соңында Конфуций институтының студенттері шай демдеу рәсімін, каллиграфия өнерін, дойбы ойынын көрсетті.

   

28.11.2017

«Бір белдеу және бір жол» Сарапшылар клубының ашылуы

2017 жылдың 28 қараша күні Алматыда «Бір белдеу және бір жол» Сарапшылар клубының /СК/ ашылу салтанаты болып өтті. Сарапшылыр клубы Қазақстан – Герман  университеті жанындағы халықаралық және аймақтық ынтымақтастық зерттеу Иституты мен ҚХР Алматыдағы Бас  консульдығының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Сарапшылар клубының ұйымдастыру мәжілісіне Қазақстан-Германия университетінің жанындағы ХҚ және аймақтық ынтымақтастық Институтының директоры Б. Қ. Сұлтанов, ҚХР Алматыдағы Бас консулы Чжан Вей, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас маманы Константин Сыроежкин, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас маманы Леся Каратаева, Азиялық зерттеу институтының маманы Алма Сұлтанғалиқызы, Қытайды зерттеу институтының директоры Әділ Каукенов, Шығысты зерттеу институтының директоры Сұлтан Акимбеков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ғалия Мовкебаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының профессоры Сайфулла  Сапанов  т.б. қатысты.

Сарапшылар клубының басты мақсаты:

-         «Бір белдеу және бір жол» жобасын жүзеге асырумен, «Жібек жолы экономикалық белдеу» құрылысын жүзеге асыруға ат салысу;

-         Қазақстан-Қытай қатынастарын дамыту мен қазақстандық қоғамда ҚХР жағымды имиджін қалыптастыру болып табылады.

Сарапшылар клубының басым бағыттары болып – қазақстандық қоғамды ҚХР ішкі және сыртқы саясатымен жан-жақты таныстыру, «Жібек жолы экономикалық белдеунің» Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық пайдасын көрсету.

          Сарапшылар клубының алғашқы отырысында төмендегідей мәселелер қарастырылды: СК құрудың себептері, мақсаты мен міндеттері. СК ережесі, құрылымы және принциптері туралы ұсыныстар, ҚХР төрағасы Си Цзинпиннің қытай-қазақстан ынтымақтастығына қосқан үлесі туралы; «Бір белдеу және бір жол» жобасын жүзеге асыру барысындағы еуразиялық қауіпсіздік факторы, Қазақстан-Қытай мәдени-гуманитарлық мәселелері және т.б.

«Бір белдеу және бір жол» Сарапшылар клубының қызметіне сәттілік тілейміз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының профессоры,  тарих ғылымдарының докторы,  Сапанов С.Ж.

 

 

Синьцзян университетінің баспа үйінің делегациясымен кездесу

 

23 Қараша, 2017 әл-Фараби ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында кеңес өткізділді, Қытайтану кафедрасының меңгерушісі PhD доцент Д.Б.Дәуен, профессор Н.Мұхаметһанұлы, аға оқытушылар PhD Р.О.Досымбекова, А.Қалиолла, Н.Шәріпқазы, Шыңжаң университеті баспасының директоры Макадас Асыулы, баспаның бас редакторы Шалқар Құрманбекұлы, Шыңжаң университетінің профессоры Ван Вэй, сондай-ақ Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті мұғалімдері қатысты.

Әл-Фараби ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының, Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің және Шыңжаң университетінің өкілдері кездесудің мақсаты 4 томдық «汉语大学» және «大众汉语» оқулықтарды талқылау болды. Оқу-әдістемелік құралдардың авторлары Қытайтану кафедрасының оқытушылары Дауен Д.Б., Керимбаев Е.А., Досымекова Р.О., Калиолла А. Күн тәртібінде осы оқу құралдарын қытай тілінен бакалавриат студенттеріне оқыту бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді және бірлескен Оқу-жаттығулар жинағы 练习册және Мұғалімдерге арналған оқулық 教师用书шығарылды.

 

 

ҚХР-ның Ляонин университетінің профессоры, PhD Цюй Вэньи ханым аталмыш тақырыпта баяндамасы 

2017 жылдың 17 қараша күні  Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қытай дамуының жаңа кезеңі: «Бір белдеу – бір жол» және Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық» атты ғылыми семинар  өтті. ҚХР-ның Ляонин университетінің профессоры, PhD Цюй Вэньи ханым аталмыш тақырыпта баяндама жасады.

Семинарға ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, оқытушылар, жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты.Семинар соңында талқыланатын мәселе бойынша белсенді пікірталас болды. Семинар жас ғалымдар үшін аса қызықты болды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. 

 

2017 жылыдың 5 сәуір күні «Қытайтану» кафедрасы және «Жібек жолы» студенттердің ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Ғылыми жұмысты жазу әдістемесі» атты ғылыми семинар өтті. Семинарға негізгі баяндаманы тарих ғылымдарының докторы, профессор м.а. Сапанов Сайфулла Жұмабайұлы жасады.

         Өз баяндамасында профессор С.Ж. Сапанов студенттерге ғылыми жұмыс жазу әдістемесінен жете тоқталды. Қазіргі отандық ғылымда жүріп жатқан реформалар, бізден жаңаша бағыттарды және ұстанымдарды талап етеді.


Тарихи санасы мен танымы калғып кеткен халық дүрбілі дүние додасына қабілеттілігінен айырылғанына қоса бөтеннің сойылып соғып, кетпенін шабатын қасіретке ұшырауы бек мүмкін.

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейінгі кезендерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының көпшілігі, жария болған ғылыми еңбектердің барлығы біржақты, марксизм-ленинизм ілімі негіздеп берген теориянын бағытында зерттелген болатын. Енді міне еліміз егемендігін алғаннан кейін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қадағалауымен және нұсқауларымен зерттелушілердің бұрын қолы жетпейтін алыс шетелдердегі Қазақстан тарихына қатысты, сонымен қатар, жалпы түрік тілдес халықтардың тарихына байланысты құнды деректер мен құжаттарға кол жеткізуге мүмкіндігіміз бар.

Семинар соңында, профессор Сапанов С.Ж. студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

«Жібек жолы» үйірмесінің жетекшісі:

гуманитарлық ғылымдар магистрі                                         Бодау Г. 

 

Сіз ұлттық құндылықты қалай түсінесіз?

2017 жылдың 26 сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының ұжымы Мемлекет басшысының ел тағдырына қатысты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ой-толғауында көрсетілген жоспарлар мен басымдықтарын  магистранттар мен студенттер қауымына түсіндіру мақсатында «Қызай Ана» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Кездесудің басында, ең әуелі студенттер «Біз ұлттық құндылықты қалай түсінеміз» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салды. Студенттерді үлкен ықыласпен тыңдаған «Қызай Ана» қоғамдық қорының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Н. Мұқаметқанұлы ел тағдырына бейжай қарамайтын, көзі ашық, көкірегі ояу жас буынның ой толғамына тәнті болғанын айта келіп, жаһандануға бет алған қазіргі таңда кей жастар өркениеттіліктің белгісі осы деп, ұлттық сана, ұлтық болмыстан алшақтап бара жатса, ал енді бір бөлім жастар ұлттық болмысты сақтаудың жөні осы деп әсіре діншілдікке бет алып бара жатқанын, осының бәрі ұлттық құндылық, ұлттық рух, дін туралы сауатсыздықтың кесірінен екендігін айқындап берді. Мәңгілік ел болудың түп қазығы - қазақ тілі мен ұлттық біртұтастану екенін қадап айтты. Елбасы үндеуінің Қазақстанның жаңа кезеңдегі тарихи дамуындағы өзекті әрі маңызды стратегиялық бағдарламалық құжат екендігін, сонымен қатар, бұл мақаланы конституциялық реформа мен Үшінші жаңғырудың экономикалық қайта құрылуын толықтырып, еліміздің табысты дамуының жаңа идеологиялық тұғырнамасы ретінде қарастыруға болатынын атап көрсетті.

   

21.04.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  шығыстану факультеті  қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Анипина А.К. 21 сәуірде 423 аудиторияда 3 курс студенттерімен елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауын талқылады. Бұл жолдауда  Н.Ә.Назарбаев еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын айтады. Біздің мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Осы жолдауға орай, қытайтану кафедрасында оқып жатқан студенттердің санасын ояту мақсатында мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам баспақпыз, бұқаралық сананы қалай өзгертеміз деген сұрақтарға профессор Сапанов С. жауап берді.

Талқылау соңында оқытушылар студенттермен бірге «Қазақ хандығы» фильмін тамашалады.

 

Қытайтану кафедрасының эдвайзері Анипина А.К.

 16.04.2017

«Ағаш-күндіз саяң, түнде панаң»

«Мың шыбық шаншып өсірсең, халқыңа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның» дейді халық даналығы. Ағаш айналамызды көгалдандырып қана қоймай, жаздың ыстығында салқын саямыз, жауын шашыннан панамыз.

Осы орайда 16.04.2017 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «GreenKampus» жобасы аясында «Ағаш-күндіз саяң, түнде панаң» атты іс-шарасы өткізілді. Шараның мақсаты университеттің Қазақстандағы экологиялық инновацияны дамыту және іске асыру жолдарының бірі «GreenKampus» жобасын қолдау, сонымен қатар студенттерде қоршаған ортаны қорғау, аялау сияқты патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Шара барысында студенттер өздері оқитын оқу ғимаратының алдына жеміс ағаштарын отырғызды. Еліміздің әрбір азаматы осындай шараларды өзінің борышы ретінде қараса қаламыз көркіне көрік қосары сөзсіз!

 

Жұмыс берушілермен кездесу

 

ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасында 6-шы сәуір күні жеке кәсіпкер, заңгер Жарқын Асанұлы қытайтану кафедра студенттері мен магистранттарына жұмыс берушілер ұйымдастырған арнайы курс бойынша «ҚЫТАЙ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША КЕҢЕС» атты тақырыпта дәріс оқыды. Аталған дәріске 3-4- курс студенттері, магистранттар мен кафедра оқытушылары қатысты.

 

Аталмыш курстың негізгі мақсаты қытайдың қазіргі қолданыстағы сыртқы инвестиция тарту және инвесторларды қорғау, салық туралы заңдары мен қоғамдық тәртіп заңдары бойынша студенттер мен магистранттарға мағлұмат беру. Курс барысында ҚХР Конституциясы және аталған заңдардың ерекшеліктерін анықтай келе шетел азаматтарының Қытайға кіріп-шығуы және Қытайда тұруы туралы заңдарын таныстырды. ҚХР-да шетел азаматтары өз құқықтарын қалай қорғауға болатынын түсіндірді. Студенттер мен магистранттар бұл кездесуге үлкен қызығушылық танытты. Кафедра меңгерушісі Нәбижан Мұқаметханұлы заңгер Жарқын Асанұлының оқыған дәрісіне алғысын білдірді.

 

 

Қытайтану кафедрасы

 

10.02.2017

«Аспан асты елінің» ұлттық мерекесі тойланды

Шығысымыздағы  көршіміз Қытай елінің жыл сайын тойлайтын ұлттық мерекесі  «Көктеммерекесін» Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,  шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының студенттері де атап өтті.  Аталмыш мереке өзінің сән-салтанаты мен басқа мерекелерден ерекшеленеді. Жаңа жыл қарсаңындағы өткізілетін салт-жоралар мен іс-шаралар сан түрлі. «Чүнзие»  қытай тілінен аударғанда «Көктем мерекесі» дегенді білдіреді. Қытай дәстүрлі мәдениетіндегі ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл болып есептеледі. Бұл қытай ұлтының ең салтанатты дәстүрлі мерекесі. Бұл мейрамды тойлау Қытайда б.з.д. 140-86  жылдар аралығында басталған. Оны өткізуде бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлерінің біразы сақталса, енді біразы қазіргі заман талабына сай өзгертілген. Алайда бұдан мейрамның құндылығы қазіргі күнге дейін жоғалмаған. Оны қытай елі екі апта бойы дүркірете атап өтеді.

Қытайтану кафедрасының өнерлі студенттері қытай тілін ғана меңгерумен шектелмей, бұл елдің мәдениетін де назарларынан тыс қалдырмауда. Оған осы мейрамды жоғары деңгейде көрсете білуі дәлел бола алады. Онда студенттер қытай елінің әнін әуелете шырқап, биін мың бұрала биледі. Қытай жаңа жылы қарсаңындағы міндетті түрде орындалатын айдаһар биі мен тайзичуан биін де студенттер көрсете білді. Іс шара соңында «Қытайтану апталығының» аясында қытайтағамдар күні, қытай тілінен шешендік өнер сайысы, қытайдың каллиграфия және қағаз қию өнері сияқты іс-шаралар қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды. Бұл мерекені тамашалауға келген Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері мен Конфуций институтының өкілдері өз ризашылықтарын білдірді.

Бодау Г., Койбакова А.

 31.01.2017

ШЫҒЫСТАНУДА ӨТКЕН ШЫҒЫС МЕРЕКЕСІ

2017 жылдың 31 қаңтарында қытайтану кафедрасының магистранттары топ эдвайзері,қытайтану кафедрасының доценті А.Кенжебаеваның ұйымдастыруымен 129 дәрісханада дәстүрлі қытай жаңа жылы – Чунцзе мерекесіне арналған кеш ұйымдастырды.Аталған кешке әл-Фараби аындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Конфуций институтының директоры Р.Ө.Асылбеков мырза және сол институттың оқытушылары, Алматы қаласындағы көптеген оқу орындарынан келген студенттер мен қытай тілі пәнінің оқытушылары, атап айтсақ, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы өнертану кафедрсаының оқытушылары Г.Қосанова, Л.Кенжебаева, Абай атындағы ҚазПУ-дың оқытушысы Ф.Оразақынқызы,Халықаралық Шаруашылық Университеті лингвистикалық орталығының меңгерушісі Р.Тілешбаевалар қатысты.Кеш барысында  қатысушылар Чунцзе мерекесінің тарихы мен дәстүрлерімен таныстырып өтті. Сонымен бірге және Чунцзе мейрамының шығу тегіне байланысты қызықты оқиғалар туралы шағын қойылымдар көрсетті. Көңілге қуаныш ұялатқан басты нәрсе – іс-шаракезінде магистранттар өздері оқып отырған қытай тілін ғана емес, қытайдың сан-салалы мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін де терең меңгергені еді. Әсіресе «Аударма ісі» және «Аймақтану» мамандықтарының 1 курс магистранттары Кәмәлбек Айна, Мұқатай Клара, Қанат Гүлнар,Мәжит Мерей, Жайлаубаева Зарина таныстырып кеткен Чунцзе мейрамы кезінде есік жақтауларына ілінетін қосарлы жазбалар және терезеге жапсырылатын қызыл гүлдестелер туралы қызықты мағлұматтар мен тың ақпарттарымен жиылған қауымның назарын баурап алды. Кешке жиналған қонақтар арасында гүлоюлар қию, қытай каллиграфиясы бойынша иероглифтер жазу, «Бәрін білгім келеді» атты қытай мақал-мәтелдері сайыстарын ұйымдастырып, көрермен қауымды бір серпілтіп тастады.«Шығыстану» мамандығының 1 курс магистранттары Оспанова Ұлжан және Сағынбек Маржан Қытайдың әр бөлігінің Чунцзе мейрамын өткізудегі өзіндік айшықтарытурасында қызықты мағлұматтар беріп отырды. Іс-шара барысында «Чунцзе мерекесі» атты деректі фильм көрсетілді. Аталған кеште сондай-ақ қытайұлтының әндері мен билеріорындалған шағын концерт қойылды. Іс-шараға келген қонақтар ежелгi Қытайдың мәдениетiн, даналығын, пәлсапасы мен рухын таныстыратын Чунцземерекесі туралы құнды мағлұматтар алды. Бұл іс-шараға еліміздегі қытай тілін оқитын түрлі оқу орындарынан келген қытай тілі оқытушылары, студенттер біздің магистранттардың жоғарғы білім деңгейін көріп, тәнті болды. Сайыс барысында Конфуций институтының мамандары мен қытайтану кафедрасының белді қытай тілі мұғалімдерінен құрылған әділқазылар алқасы құрылып, магистранттар өнеріне баға беріп отырды.

Іс-шара соңында қытайтану кафедрасының меңгерушісі Н.Мұқаметханұлы жеңімпаздарды арнайы мадақтау дипломымен марапаттады.

Әлемдегі ең қиын тілдердің бірі боп саналатын – қысқа мерзім ішінде терең меңгерген студенттеріміздің бағындырар биігі әлі алда деп сенеміз.

 

 

Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық   университеті, шығыстану факультеті,  қытайтану кафедрасында Қытай Халық  Республикасының  Алматыдағы  вице-консулы Гуо Синсяо мырзаның  консулдық  сағаты  өтті.

Уақыты: 06.02.2017 11:00-13:00, 422 ауд.

Консул  өз сөзінде қытайтану кафедрасында  басталған «Қытай мәдениеті апталығының» ашылуымен  құттықтап, қытайтанушы  ғалымдар мен  ұстаздар  қауымына, студенттерге  табыс тіледі. Дәстүрлі  түрде  өткізіліп  келе жатқан, бұл  консулдық  10-шы сағаттың  тақырыбы: «Жібек жолының  экономикалық  белдеуі-өзара серіктестік және даму».

      Ұлы Жібек  жолы Қытайдан  басталып,  бүкіл  орта Азияны көктей өтіп, Еуропаға дейін жетті. 2013  жылы ҚХР төрағасы Сицзиньпин мырза осы Жібек жолын  қайта жаңғырту мақсатында «Бір жол -бір  белдеу»  экономикалық бастамасын көтерді. Тарихтағы ежелгі  Жібек жолы бойындағы байланыстар тек сауда-саттық және мәдени  қарым-қатынастың  төңірегінде ғана шектелген еді. Ал «Бір жол-бір белдеу» экономикалық  стратегиясы  өте ауқымды, жүздеген мемлекеттерді  толығымен  қамтыған, өзара даму мен өзара пайдалануды көздейді, ортақ  мүдде тұрғысынан тиімді, мұнда ғылым-техника,  құрылыс, сауда, экономика, мәдениет, саясат салалары қамтылды. Әрине мұнда Жібек жолының бойында орналасқан  мемлекеттер  басты орында. Алдымен Қазақстан  арқылы бүкіл Еуропаға, одан ары қарай Африкаға  жеткізілуі  ұсынылып  отыр. Мұнда әр мемлекет әр ұлт өзара диалог форумдар  өткізу,  ортақ  мүддені пайдалана отырып ортақ игіліктенуді жүзеге асыра алады. Бұл жерде ең бастысы өзара түсінісу, өзара ортақ  жобаны  іске асыру. Әр ел  өз  елінің шекарасында салынған  құрылысты  пайдаланып  жұмысты  жандандырады, қаржылар ортақ банк  арқылы жұмсалады. Әлемдегі барлық  мемлекеттердің арасындағы ортақ  келісім  шарттар секілді, Жібек жолы да  осындай  келісім  шарттар  аясында  жұмыс жасайды, өңірлерді ортақ  дамыту  жобасы  қолға  алынады. Осы жоба бұдан 20 жыл  бұрын  Қытайда қолға алынған шара, әсіресе Батыс Шыңжаң аймақтарында. Ал Шыңжаңмен Қазақстан шекаралас. Қазақстан мен Шыңжаң арасында 8  кеден бар. Осыларды негізге ала отырып Жібек жолын  жандандыру  мәселесін  қолға алуымыз керек, сонымен қатар Қытай  инвестициясын Қазақстанға  тарту  мәселесін іске асыруға болады. Сөзімізді  қорытындылай келсек,  «Бір жол-бір белдеу»  экономикалық бастамасы  барлық елге бірдей  тиімді.   

 

Қытайтану апталығы

    ҚазҰУ-да 2017 жылдың 6 және 10 ақпан аралығында «Қытайтану апталығы» өтеді.

   Шараны шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы ұйымдастыруда. Бағдарлама аясында келесідей шаралар өткізіледі деп күтулуде: ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулы Чжан Вэй мырзаның қатысуымен консулдық сағат, қытай тілінен шешендік өнер сайысы, Қытай тағамдары және Қытай мәдениеті күндері, сонымен қатар Чуньцзе мерекесіне арналған мерекелік концерт.

       Қызығушылық танытқан барлық конақтар қатыса алады.  

       Мерекелік шаралар күн сайын сағат 11.00 басталады.

       Есік ашық!                                                                       

 

20.01.2017

Вице-консулмен кездесу

      2017 жылдың 20 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасында ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы Ван Цинпин мырзамен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстанның «Қытайтанушылар ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігі мүшелері мен Алматы қаласындағы ЖОО мен арнайы орта оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Атап айтқанда, кездесуге қызығушылық танытқандар арасында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық университетінің және Қазақ-қытай колледжінің оқытушы-профессорларымен қатар, Сүлейменов атындағы Шығыстану ғылыми-зерттеу институтының белгілі ғалымдары болды.

     Кездесу барысында Қазақстанда қытайтану ғылымын дамыту мен қытай тілін оқыту деңгейін арттыру жайында пікір алмасу өтті. Кездесуге қатысып отырған ассоциация мүшелері мен оқытушылар, белгілі қытайтанушы ғалымдар кезекпен сөз алып, вице-консул мырзаға көкейінде жүрген ойлары мен қытайтану саласында қордаланып қалған, шешімін қажет ететін мәселелер төңірегінде сауалдарын қойды. Консулдық тарапынан қолдауды қажет ететін бірқатар өтініштер мен тілектер айтылды, атап айтқанда, виза мәселесін шешуде, оқулықтарды аударып басып шығаруда, көп тілді сөздіктерді құрастыруда, оқу құралдарымен қамтамасыз етуде, ғылыми еңбектермен жұмыс жасауға консулдық тарапының көмек беруіне өтініш білдірді.

     Кездесу соңында, вице-консул Ван Цинпин мырза айтылған ұсыныс-тілектердің орынды екенін ескере келе, білім, мәдениет саласындағы жұмыстарға, ғылыми жобаларға консулдық тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуіне барынша атсалысатынын атап өтті.                                            

14.12.2016

Жаңа серіктестік жаңа мүмкіндіктер

Қытайдың Хубэй технологиялық университетінің оқытушыларынан құрылған делегация қытайтану кафедрасына іс-сапармен келіп кетті.

Кездесу барысында тараптар екі университет арасындағы серіктестік, студенттер мен оқытушылар арасындағы ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелерін талқылады. Хубэй технологиялық университетінің Халықаралық байланыс және мәдени айырбас жөніндегі бөлімнің өкілдері Қазақ Ұлттық университетінің болашақ қытайтанушыларды дайындайтын оқу бағдарламамаларымен танысты. Оның негізгі мақсаты – бірлесіп маман дайындау мәселесін қарастыру. Себебі қытайтану кафедрасының бұл салада тәжірибесі бар. Бірнеше жылдан бері кафедра ҚХР-дың Ланьчжоу университетімен бірлесіп «2+2» бағдарламасы бойынша «Шетел филологиясы» мамандарын дайындауда.

Кездесу барысында сонымен қатар Хубэй технологиялық университетінің қытай тілін халықаралық үйрету факультетінің оқытушысы Сион Вэйцзие мырза қытайтану кафедрасының оқытушыларына арнап «Қытай тілін бастапқы деңгейде үйретудің әдістемесі» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Сион Вэйцзие шетелдіктер үшін қытай тілін оқытудың белсенді әдістерін және сабақ барысында компьютерлік технологияларды пайдаланудың нәтижелігін көрсетті. Шеберлік сағаты серіктес универститеттер арасында тәжірибе алмасудың алаңына айналды десе болады.

8.12.2016

«Жүз кітап» жобасы аясында қытай жазушысы Чжан Юнның «Жабайы аққулар» романы талқыланды

   2016 жылдың 8 желтоқсанында 414  дәрісханада сағат 15.00 де  Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценті А.Кенжебаеваның ұйымдастыруымен және   « Шетел филологиясы», « Аударма ісі», «Аймақтану» бөлімі 1,2 магистранттарының  қатысуымен «100 кітап» жобасының негізінде   белді қытай жазушысы    «Чжан Юн шығармаларындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

   Шараның мақсаты:  Қытай әдебиетіндегі көркем шығармалардағы типтік образдарды қолданудағы жазушы тілінің көркемдік ерекшелігі, өзіндік портрет жасаудағы шеберлігін қарастыра отырып зерттеу.

  «Чжан Юн шығармаларындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы» тақырыбындағы («Жабайы аққулар» атты романды талдау негізінде) ғылыми семинар жұмысы қызу пікірталас түрінде өтті. Аталмыш шараны ұйымдастырушы доцент А.Кенжебаева  интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдана отырып жазушының «Жабайы аққулар» романының көркемдік ерекшелігіне талдау жасап,  шығарма тақырыбы мен поблематикасын ашып көрсетті, сондай-ақ оқырмандарға романнның «Жабайы аққулар» деген аталу себебі туралы сұрақ қойды. Студенттер мен магистранттар қызу пікірталасқа кірісті.Ғылыми семинар одан әрі қызықты өрбіді. Қатысушылар шығарманы оқу барысында өздеріне түсініксіз болған сұрақтарын ортаға салып, талдаудың көркін қыздырды. Семинарға өзге оқу орындарынан келген оқырмандарымыз да тосылып қалмай, өзекті ойларын ортаға салып, қытай әдебиетіне деген қызығушылықтарын жасырмады. Шығарма тілі мен мазмұны туралы да тың ой қорытулар жасалды. Оқырмандардың әрқайсысы сыни пікірлерімен, ерекше қабілет зейіндерін көрсете білді. Әсіресе 1  курс  магистранты Еркеш Серғазы жазушы Чжан Юнның «Жабайы аққулар» романынан үзінділер келтіре отырып, қытай тіліндегі нұсқасы мен ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасын салыстыра отырып талдағаны оқырмандарға ерекше әсер берді. Әрі қарай 2 курс магистранты Байдәулетова Назира  шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы мінездеме жасап шықты. Магистранттар оқылған әңгіме оқиғасына байланысты суреттемелер жасау, ой толғау, шығарма желісін талдау жасады. Сондай-ақ 1  курс  магистранты Ершат Ардақ Чжан Юн шығармаларының жетістіктерін айқындап берсе, 2 курс магистранты Байдәулетова Назира  Чжан Юнның аталған шығарма оқиғасының  түйінді мәселесі жайында қысқаша хабарлама жасап өтті. Аталған іс-шараға ат салысқан кафедра оқытушылары (Нуржаева А.,Досымбекова Р., Шәріпқазы, Е.Керімбаев ), магистранттар (,Ершат Ардақ , Кенжебаева Улпан, Мадибалаева Ардак, Мәжит Мерей Жайлауова Зарина, Сағынбек Маржан , Жеңісбаева Меруерт, Кәмәлбек Айна , Мұқатай Клара , т.б.)  пікірталастан тысқары қалмады, талқылау жұмыстарына белсене қатысты. Семинар соңында талдау барысында ұтқыр ойларымен көзге түскен оқырмандар «Салиқалы сыншы», «Болашақ әдебиеттанушы», «Парасатты оқырман» номинациялары бойынша сертификаттармен марапаттады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Шығыстану факультетінің

қытайтану   кафедрасының                                                                               

оқытушысы Р.Досымбекова

 

7.12.2016

    Жыр мүшайрасы

 Алматы қаласы Республика сарайында тәуелсіздіктің 25 жылдығы және тұңғыш президент күніне орай жас ақындардың республикалық жыр мүшайрасы өтті. Республикалық мүшайраның бас жүлдесін университетіміздің «Шығыстану» факультеті қытайтану кафедрасының 2-курс магистранты Қауымбек Қайсар жеңіп алды.

   Өлең бәйгесінің бас бірінші орын, яғни, бас жүлдесін еншілеген Қауымбек Қайсарға жеңімпаз грамотасымен қоса 350 мың теңге көлеміндегі сыйлық табысталды.

 Университет абыройын асқақтатқан шәкірттеріміздің осындай жеңістері біздің жүрегімізге мақтаныш сезімін ұялатып, олардың бағындырар асулары әлі алда деп сенеміз, шәкіртімізге: «Поэзия асқарында қанатың талмай қалықтап ұша бер!,-демекпіз.

30/11/2016               

   «Аспан асты    елінің дәмдері»

   Қытай асханасы – қытай мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл асхананың үш мың жылдан астам тарихы бар. Бағы замандардан-ақ Қытай патшалығының тұрғындары тағамды дәмді әрі тез дайындауды шебер меңгерген. Өз кезінде қытайдың ұлы ойшылы Конфуций қытайлардың дәстүрлі тағам дайындауын жеке бір өнер ретінде қабылдауға негіз қалаған екен. Қытай ұлтының пайымынша, дұрыс даярланған тағам денсаулықтың кепілі деп есептелінген. Ал тағаммен қоса жақсылап қайнатылған хош иісті шәй мен үйлесімді тоқбасарлар кез келген аурудың емі болып саналған. Қытай мәдениетінің бөлінбес бөлшегі саналған – асхана мәдениетімен, ас мәзірімен, шәй салтанатымен көпшілікті таныстыру мақсатында 2016 жылдың қараша айының отызышы жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының магистранттарының ұйымдастырып отырған «Айналаңды нұрландыр!» Іс-шараға жобасы аясында қытай тағамдарын дайындаудан шеберлі-сынып өткізді. Іс-шараға қонақ ретінде Алматы қаласындағы әр алуан жоғарғы оқу орындарынан келген қытай тілі оқытушылары мен студенттері қатысып, біздің магистранттардың өнері мен терең біліміне тәнті болды.

«Аударма ісі» және «Аймақтану» мамандықтарының 1 курс магистранттары Кәмәлбек Айна, Мұқатай Клара, Қанат Гүлнар, Мәжит Мерей қытай тағамдарының тарихы мен дайындалу әдістерімен таныстырып өтіп, сол тағамдардың шығу тарихына байланысты қызықты оқиғалар туралы шағын қойылымдар көрсетті. Ал «Шығыстану», «Шетел филологи» Сағынбек Маржан, Жеңісбаева Меруерт 1 магистранттары шәй салтанатына байланысты тың ақпарттарымен жиылған қауымның назарын баурап алды. Біздің көңілге қуаныш ұялатқан басты нәрсе – сайыс барысында магистранттар өздері оқып отырған қытай тілін ғана емес, қытайдың сан-салалы мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін де терең меңгергені еді. Әсіресе «Аударма ісі» мамандығының 1 курс магистранты Мұқатай Клара, Қанат Гүлнар және «Аймақтану» мамандығының 1 курс магистранты Кәмәлбек Айна шеберлік-сынп барысында өз қолдарымен жасап көрсеткен - «Гуңбао Цицзин» және «Қытай тұшпарасы» «Дапанцзи» атты қытай тағамдары өзешелігімен, шынайылығымен қонақтарды тәнті етті. Магистранттар сонымен бірге Қытайдың әр бөлігінің өзіне тән салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, қытай ұлтының тамақ әзірлеу жағынан да өзіндік айырмашылықтары турасында қызықты ақпараттармен қалың жұртшылықты таныстырып отырды. Қытайдың оңтүстік және солтүстік асханаларының өзіндік айшықтары, олардың ішінде де жиырма шақты салаға жіктелетіні турасында тың мағлұматтар беріп отырды. Қытай аспазшыларына ортақ ережелер туралы және әр асхананың дайындау әдістеріндегі түрлі тарихи оқиғалар туралы да баяндап өтті. Қытайлардың астың тек дәмді әрі көремділігімен ғана шектелмей, міндетті түрде денсаулыққа пайдасы, емдік қасиеттеріне де ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Іс-шара барысында «Аспан астының хош иісті тағамдары» атты деректі фильм көрсетілді және қытай ұлтының әндері мен билері орындалған шағын концерт қойылды. Іс-шараға келген қонақтар Ежелгi Қытайдың мәдениетiн, даналығын, пәлсапасы мен рухын бейне­лейтiн тағамдарының дайындалу әдістері туралы құнды мағлұматтар алды. Іс-шараға келген қонақтар арасында тұшпара түю сайысы өткізіліп жиылған жұртшылық бір серпіліп қалды. Қонақтар мен әріптестеріміз осы іс–шараны болашақта университеттер арасындағы байланысты нығайта түсетін баспалдақ болатынына үлкен сеніммен атап өтті. Іс-шараға келген қонақтар магистранттардың өздері дайындаған тағамдардан ауыз тиді. Шеберлік-сынып соңында шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының меңгерушісі Н.Мұқаметханұлы: «Өнері мен білім деңгеймен алыс жақын шетелден келген қонақтарды таң қалдырған шәкірттерміз әлемдегі ең қиын тілдердің бірі боп саналатын – қысқа мерзім ішінде терең меңгерген студенттеріміздің бағындырар биігі әлі алда деп сенеміз»,- деп ата өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Шығыстан факультеті қытайтану кафедрасының оқытушылары А.КЕНЖЕБАЕВА, А. НУРЖАЕВА

 

25.11.2016

     Қытайтанудың методологиялық мәселелері

    25 қараша 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасы мен Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қытайтанудың методологиялық мәселелері» атты ғылыми-методикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстандағы қытайтану саласындағы ғылыми еңбектерімен танымал болып жүрген бірқатар белгілі ғалымдар, жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының ұстаздары, докторанттар мен магистранттар қатысты. Конференция шығыстану факультетінің деканы, профессор Б.Н. Жұбатованың алғысөзімен басталды, өз сөзінде факультет деканы методикалық зерттеулердің маңыздылығын атап өтті, және конференцияға қатысушыларға алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Конференция барысында Н.Мұқаметханұлы, К.Хафизова, Ж.Жәнәбіл, Қ.Ғабитханұлы, Т.Мамырұлы секілді белгілі ғалымдар қытай тілін оқытудың методологиялық мәселелері, қытайдың жазба деректерін ғылыми айналымға енгізудің методологиялық мәселелері, қытай тілін оқытуда жаңа инновациялық технологияларды қолдану әдістері бойынша баяндама жасады. Нәтижесінде, конференцияға қатысушылар оқу үдерісінде аса қажетті оқулықтар мен сөздіктер құрастыру жөнінде ортақ шешімге келді.

 

    

        25.11.2016

 Қытайтану кафедрасының доценті А.Ә.Кенжебаева республика дәрежесінде шеберлік-сынып өткізді 

   2016 жылдың 25 қарашасында сағат 17.00 -18.00 аралығында 422 –ші дәрісханада «Аударма теориясы мен тәжірибесін заманауи оқыту әдіснамасы» пәні бойынша «Жарнама мәтіндерін аудару ерекшеліктері» атты тақырыпта мастер-класс өткізді. Аталған іс-шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген саны қырықтан аса мұғалімдер қатысты. Атап айтсақ, Л. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Конфуций Институты директоры с.ғ.к., доцент Қошанова С.Е., Қарағанды Ұлттық Технологиялық Университеті Конфуций орталығының директоры т.ғ.к, доцент Филиппова Т.С., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Ұлттық универсиетінің филология факульеті, қазақ тілі кафедрасы доценті Құрманова А.Қ., Шағырбаева Б.Қ. Мастер-класқа аталмыш университеттерден басқа, Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қытайтану кафедрасының ұжымы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қытай тілі мұғалімдері, Халық Шаруашылығы университеті лингвистикалық орталығының қытай тілі мұғалімдері, Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университеті қытай және ағылшын тілі мұғалімдері, Жүргенов атындағы Өнер академиясының мұғалімдері, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясы мұғалімдері, Алматы көлік және транспорт колледжінің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.

  А.Ә.Кенжебаева осы мастер-класта «Аударма ісі» мамандығының 1 курс магистранттарына аудармашының күнделікті сөздік қорын байытып, есте сақтау қабілетін жаттықтырып отыру керектігін баса көрсетіп, аудармашы тез арада реакция бере білуге дағдылануы керектігін атап өтті. Неғұрлым қысқа мерзім ішінде көлемді ақпаратты сүзгіден өткізіп, аударуға дағдыландыратын тапсырмалар тізбегін орындатты. Сондай-ақ жарнама мәтіндерде кездескен тұрақты тіркестерді пысықтап, жарнама мәтіндерін аудару барысында кездескен лингвомәдени біліктерді дұрыс аударуға баулып, олардың мәдени ерекшеліктеріне талдау жасап, аудару жолдарын көрсетіп, жарнама мәтінін аудару критерийлеримен таныстырып өтті.

   А.Ә. Кенжебаева шеберлік-сыныпқа қатысқан тіл мамандарын «Аударма теориясы мен тәжірибесін заманауи оқыту әдіснамасы» пәнін өту барысында қолданатын айрықша әдістемелерін ортаға салып, тәнті етті.машықтандыру. Сабақта миға шабуыл, кейс-стади, аударманы оқытудың құзыреттік-бағдарлы әдістері және аударма теориясы мен практикасында қолдануға тиіс өзге де инновациялық әдістер мен технологиялар ұтымды пайдаланылды.

  Мастер-класс соңында еліміздің түрлі іргелі оқу орындарынан келген жоғары дәрежелі мамандар сабақ бойынша өз пікірлерін ортаға салып, А.Ә.Кенжебаеваның жұмысына өте жоғары баға берді. Олар және де тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізетін осы тәріздес шеберлік-сыныптарды жиі өткізу керектігін ерекше атап көрсетті.

       20.11.2016

      Музыкабіздің ортақ тіліміз

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтында «Музыка – біздің ортақ тіліміз» атты қытай тіліндегі әндер жарысының ақтық сыны өтті. Шығармашылық жарыс Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының мәдениет және білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Осымен үшінші рет өткізіліп жатқан конкурсқа Алматы қаласының қытай тілін оқып жатқан жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Екі сатыдан құралған конкурстың іріктеу турынан өткен қатысушылар өз бақтарын жеке және дуэттік орындауда сынап, қытайлық кең танымал заманауи және классикалық әндерді орындады.

Әділ-қазылар құрамында ҚХР Бас консулдығының қызметкерлері, Конфуций институты басшылығы және қытайлық компаниялардың өкілдері болды. «Жеңіске тек жақсылар лайық» деген ұстаныммен конкурс жюрилері ақтық сынға 25 қатысушыдан тек 11 студентті өткізді. Конкурс қорытындысы бойынша 2 және 3 орынды Қазақ Ұлттық Университеттің қытайтану кафедрасының бірінші курс студенттері Самиева Арайлым мен Бейсен Аделина иемденді.

Жеңімпаздар ҚХР Бас консулдығы дайындаған Қытайдағы жаздық лагерьге жолдамамен, ал қатысушылар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 

17.11.2016

«Өнерлі жас қытайтанушылар» атты кеш

2016 жылдың 17 қарашасы күні Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының екінші курс студенттері өздері тұратын 14 жатақханада өздерінің іздерінен еріп келе жатқан 1 курс студенттеріне арнап «Өнерлі жас қытайтанушылар» атты көңілді кеш өткізді. Кешке бірінші және екінші курс студенттері мен куратор эдвайзерлары, кафедра ұстаздары қатысты. Кештің «Өнерлі жас қытайтанушылар» деп аталуы да кездейсоқтық емес, өйткені қытай тілін үйреніп жүрген жас өрендер, тілмен қоса қытайдың ән-жырын, биін қатар меңгеріп келеді.

Кеш қытайтану кафедрасын таныстыратын слайд-шоу көрсетуден басталды. Бірінші курс студенттеріне кафедраның тарихын, ұстаздарын, түлектерін таныстыра отырып, қытай тілінің үйренудің қыр-сырымен бөлісті. Бірінші курс студенттері де өздері қызықтырар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Содан кейін студенттер өздері дайындаған шағын концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеш қытай әніне, биіне ұласып, студенттер мен ұстаздар тамаша көңіл күйге бөленді. Кеш соңында студенттер мұндай кештердің әлі де жалғасын табатынын, қытай тілін оның мәдениетімен ұштастыра отырып меңгеруді қолдайтынын білдірді.

9.10.2016

Жұмыс берушінің ашық дәрісі

Қытайтану кафедрасы соңғы бірнеше жылдан бері іргелі білім мен кәсіби-қолданбалы дайындықты ұштастыру бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Осы мақсатта кафедра басшылары жыл сайын жұмыс берушілердің арнайы курсы шеңберінде болашақ жұмыс берушілерді түрлі тақырыптағы ашық дәрістерді оқуға және семинарларды өткізуге шақырып келеді. Студенттердің пікірі бойынша, жұмыс берушілердің дәрістері әрдайым мазмұны жағынан өте қызықты және болашақта еңбек нарығында өз орныңды табу үшін пайдалы болып келеді.

Биыл да қытайтану кафедрасы өз дәстүрінен таймай, 9-шы қараша күні жұмыс берушілермен арнайы кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстандағы «КННК Интернационал» ЖШС директорының орынбасары, CNPC Жобасындағы кадрлар саясатын реттеу жөніндегі директоры Абдрасилова Райхан Серікбайқызы қатысты. Райхан Серікбайқызы қытайтану кафедрасының студенттері мен магистранттарына жұмыс берушілер ұйымдастырған арнайы курс шарасы шеңберінде «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ПРАКТИКАСЫ» атты тақырыпта дәріс оқыды. Аталған дәріске 3-4- курс студенттері, магистранттар мен кафедра оқытушылары қатысты.

 Еңбек нарығының түрлі өкілдерімен қарым-қатынастың оңды тәжірибесіне ие бола отырып, қытайтану кафедрасы болашақта да осындай кездесулерді жалғастырмақшы. Жұмыс берушілермен кездесу кафедраның түлектерінің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады және шақырылған жұмыс берушілердің дәрістері болашақта студенттердің еңбек нарығында дұрыс бағдарын табуына септігін тигізеді деп күтілуде. 

28.10.2016

Кафедра күні

2016 жылдың 28 қазанында қытайтану кафедрасы №14 жатақхана «Кафедра күнін» өткізді. Аталған шараға жатақханада тұратын 1 курс студенттері қатысты. Шара барысында студенттермен «Студенттік ортада тәртіп бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта әңгіме жүргізілді. Студенттермен кездесу барысында кафедраның эдвайзерлері мен кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәртбие жұмысы бойынша орынбасары университеттің негізгі нормативтік құжаттарын таныстырып, студенттердің міндеттерін, жатақханада тұру тәртібін, оқу барысындағы негізгі мәселелерді көтерді. Кездесу барысында студенттер өздерінің мәселелелірімен бөлісіп, студенттік өмірдің қиындықтары мен қызықтары жан-жақты талқыланды.

26.10,2016

«Қытай тілі бұрышы» есебі

Қытайтану кафедрасы «Жібек жолы» үйірмесінің ұйымдастыруымен 2 курс студенттері 1 курс студенттерін қытай тілі, мәдениеті, тарихымен таныстыру мақсатында шағын кездесу өткізді. 2 курс студенті Ахметова Анель «қытайдың шай дәстүрі» тақырыбында презентация жасап, студенттермен аталған тақырып төңірегінде ой бөлісті. Студенттер қытай тілінде сөйлесіп, үйренген тілдік білімдерін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алды. Іс-шара алдағы уақытта жалғасты, тұрақты өтіп тұратын болады.

 

21.10.2016

АҚШ Джордж Вашингтон университетінің докторанты

Ши Юэмен кездесу есебі

       Қытайтану кафедрасы «Жібек жолы» үйірмесі 21.10.2016 ж. Сағат: 14.00 де АҚШ Джордж Вашингтон университетінің докторанты, Шығыстанушы Shi Yue-мен «Жібек жолындағы өркениеттер тоғысы: кешегісі мен бүгіні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге қытайтану кафедрасының докторант, магистранттары мен 3-4 курс студенттері қатысты. Қытай, ағылшын, Ұрду, Орыс тілдерін жетік меңгерген білімді азамат, ғылыми зерттеу жұмысына қатысты материалдар жинау мақсатында Алматы қаласы мұрағатында жүргізіп жатқан жұмыстарын қысқаша таныстыра келе, АҚШ ғалымдарының Орта Азия елдері мәдениеті мен тарихын зерттеу жағдайына тоқталы. Сондай-ақ, Қытай мен АҚШ-тағы докторлық, магистрлік дисертация жазу және қорғау өлшемдері мен талаптарын таныстырып өтті. Студенттер қойған сұрақтарына төрт тілде жауап алып, өте ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, тіл үйрену тәжірибесін тыңдап пайдалы кеңестер алды.

 

24.09.2016


«Жастардың тілі» шығарма жазу сайысы

24.09.2016ж.  ҚазҰУ  Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы «Жібек жолы» үйірмесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтары тілдер апталығы аясында, «Жастардың тілі» тақырыбында мемлекеттік тіл туралы қытай тілінде мақала жазу сайысын өткізді. Сайысқа 2-3 курс студенттері Ахметова Анель, Қуанышкереев Асан, Аманова Фатима,  Нестереня Дарья, Рахимбаева Асель, Бимұрза Нұртаза, Нұрбекова Диана қатарлы студенттер белсенді қатысты. Сайыстың нәтижесінде кафедра оқытушыларынан құрылған қазылар алқасының шешімі бойынша 3 орынды шығыстану мамандығы 3 курс студенті Аманова Фатима иеленсе, 2 орын Шығыстану мамандығы 3 курс студенті Нестереня Дарьяға тиесілі болды. Шығыстану мамандығы 2 курс студенті Ахметова Анель 1 орынға лайық деп шешті. Жеңімпаздарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

24.09.2016

Конфуций институты күні

24 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты Дүниежүзілік Конфуций институты күні қарсаңында мерекелік шаралар өткізді. Мерекелік іс-шараға ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, Қытай, Румыния және Македония елдерінен келген шет елдік қонақтар, сонымен қатар ҚазҰУ-дің қытайтану кафедрасы мен Алматы қаласының басқа да жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Мерекелік шаралар шеңберінде Алматы қаласындағы қытай тілін оқытатын жоғарғы оқу орындарының оқытушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге барысында қытайтану кафедрасының оқытушылары қытай тілін үйретудегі қиындықтары мен тажірибелерімен бөлісті. Бұл күні сонымен қатар студенттерге арналған түрлі шеберлік сабақтары өткізілді. Студенттер каллиграфиядан, қағаз қию өнерінен, тайцзицюаннан мастер-класстар алды.

 14.09.2016

Қазақстан Республикасының Тілдер күнін атап өту қарсаңында қытайтану кафедрасының студенттері Қазақ радиосына сұхбат берди. Радиодағы эфир барысында кәріс студент Иу Доеол мен ұйғыр ұлтының өкілі Аблеким Шахназ өздерінің қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетті. Радиодағы эфирден бөлек, «Қазақстан» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасының қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлттарға арналған айдарда Оңтүстік Кореядан келген студент Иу Доеол туралы сюжет көрсетілді. Доеолдің қазақ тілі мен қазақ мәдениетіне деген құрметі көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Біз қазақ тілін меңгеру жолындағы студенттерімізге тек сәттілік тілейміз!

   

5.03.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде 2015 жылдың 05 наурызында Шығыс мәдениеті фестивалі өтті.Фестивальдің ең басты мақсаттарының бірі – қоғам мүшелерін таңғажайып Шығыс мәдениетімен таныстыру және қоғамның ұлтаралық һәм мәдениетаралық қарым-қатынас процесіне белсенді араласуына сеп болу.Шығыс мәдениеті фестивалі барысында шығыс халықтарының бай рухани және материалдық мәдениетін көрсететін әндер мен билер, ұлттық киімдер және ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.Фестиваль аясында шығыс халықтарының шай ішу дәстүрі көрсетілді, сонымен бірге, қытай, корей, жапон, үнді, түрік, араб, иран халықтарының дәстүрлі тағамдары ұсынылып, сол тағамдардың дайындалуы һақында құнды ақпарат берілді.Фестиваль қытайтану кафедрасының доценты Даулет Фатиманың бастамасымен ұйымдастырылды.
   

3.02.2015

2015 жылдың 3 ақпан күні Қытайтану кафедрасы шығыстану мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенті мен 3 курс аударма ісі мамандығының қазақ бөлімі студенттері 503 аудиторияда 100 кітап бағдарламасы бойынша Ақиық ақын М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқып, ақын өмірін білу бойынша ауқымды кеш өткізді. Студенттер өлең әлеміне еніп, өздерін жоғалтып, бұлтқа ұшып, рухтары серпіліп, залдан кеткісі келмей баяу тарады. Ұймдастырушы екі топтың эдвайзері Н. Абдурақын мен Г.Жүнісбек.
   

27.01.2015

2015 жылдың 27 қаңтар күні ҚХР Алматы қаласындағы бас консулдығына жаңадан тағайындалған консул Жаң Вэй мырза Шығыстану факультеіне келіп, факультет басшылығымен және қытайтану кафедрасының ұжымымен танысты. Консул мырза қытайтану кафедрасы жанынан құрылған «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу» орталығы мен «Шығыс мұражайында» болды. Факультет деканы Баян Нұрсылтанқызы мен қытайтану кафедрасының жетекшісі Нәбижан Мұқаметханұлы университетімізде, факультетімізде, кафедрада болып жатқан соңғы жаңалықтар мен оң өзгерістерді консулға таныстырды. Орталықтың, кафедраның жұмысымен таныса келе, консул мырза болашақта екі мекеме арасындағы қарым-қатынастың бұдан да ары жандана беретінін айтты. Еліміздегі қытайтану ғылымы мен қытай тілін оқытуды жақсарту мәселесіне қатысты қандай да бір көмектен аянбайтынын атап өтті.
   

19.12.2014

«Қазақстандағы экологиялық қауіптер және оның шешу жолдары»дөңгелек үстөл19 желтоқсанында «GreenCampus» бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ-нің шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының жанынан құрылған «Жібек жолы» студенттік ғылыми ұйірмесінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы экологиялық қауіптер және оның шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ауғанстаннан келген шет ел студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде көтерілген Қазақстандағы экологиялық мәселелер, оның ішінде Арал мәселесі, Семейдегі ядролық сынақтардың зардаптары, Каспий теңізінің экологиясы және Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу мәселелері студенттер тарапынан қызығушылық тудырды.Дөңгелек үстелге қатысқан отандық және Ауған студенттері өз сұрақтарын қойып, өздерін мазалап жүрген экологиялық мәселелер аясында жауаптар алды.

Дөңгелек үстел тартымды және тәрбиелік мәні зор болды.

 

 

25.11.2014

2014 жылдың 25 қараша күні 11:00-де шығыстану факультетінде, қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен 4 курс студенті Михаил Чурсиннің «Дорога в Поднебесье» деген кітабының тұсаукесері болды. Отырысқа факультет деканы Б.Н.Жұбатова өзі келіп қатысты. Михаил Қытайдағы оқу туралы, Пекин қаласы туралы, қытайлықтар туралы айта отырып, кітабтың жазылу тарихын өте қызықты қылып баяндап берді.