Кафедра жаңалықтары

«Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті

26.03.2020

2020 жылдың 26-27 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультетінде «5В020900 Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиада мақсаты еліміздегі «шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу.

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің 04.03.2020 жылғы №16-5/391 қаулысына сәйкес биыл олимпиада онлайн режимінде өтті. Республикалық олимпиада 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезең әр оқу орнының өз ішінде өтті. Екінші кезең – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінде (базалық оқу орны) өтті. Олимпиаданың екінші кезеңінде қатысушы «法拉比学说– 善的先驱» тақырыбы бойынша қытай тілінде презентация жасап, видеоға түсіріп, қазылар алқасына жолдады.

Ары қарай оқу >>

«Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде өткен шеберлік сағаты

12.02.2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде қытайтану кафедрасының оқытушысы Мұқатай Клараның «Сөздік қорын кеңейту тәсілі арқылы қытай иероглифтерін оңай игеру жолдары» атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағаттың мақсаты тілді үйрету әдістемелерін әріптестерімен бөлісу, сонымен қоса  сөздік қорын кеңейту тәсілі арқылы студенттердің қытай тілін игеру жолдарын қарастыру.

Шеберлік сағатында қытай тілін оқитын студенттер үшін қытай тілінің сөздік қорын кеңейтудің маңыздылығы көрсетіліп, қытай тілі лексикасының ерекшелігінен бастап, кілттер, түбір сөздер, синонимдер арқылы сөздік қорды көбейту жолдары айтылды, мысалдар мен әдістемелер көрсетілді. Қытай тілінің оқытушылары шеберлік сағатында айтылған әдістемелерге қызығушылық танытып, өздеріне мол тәжірибе жинақтады. 

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасы оқытушысының шеберлік сағаты

12.02.2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде қытайтану кафедрасының шетелдік оқытушысы Әнуар Ақмаралдың «现代汉语中的网络语言分析» (Қазіргі заманғы қытай тіліндегі ғаламтор тілін талдау) атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына қытайтану кафедрасының оқытушылары, студенттері мен докторанттары қатысты. Шеберлік сағатында ғаламтор тіліндегі сөйлесу формалары, тілдік ерекшеліктері, ғаламтор тілінің қазіргі заманғы қытай тіліне жағымды және жағымсыз әсерлері талданып, ғаламтор тілінің пайда болуы мен дамуына шолу жасалды. Оқытушылар жаңадан пайда болған ғаламтор сөздерінің жасалу жолдарына қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап алды. Қытай тілі деңгейін жетілдіру мақсатында өткен шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың ықыласына ие болды. 

Ары қарай оқу >>

Профессор Гордон Гэ Ванның шығыстану факультетіне сапары

11.02.2020

11.02.2020 Қытай професоры, философ, БҰҰ Өркениеттер Альянсының төрағасының орынбасары Гордон Гэ Ван Шығыстану факультетіне келіп, факультет өмірімен, қытай тілін оқыту барысымен, студенттердің қызығушылықтарымен танысты. Профессор Гордон Гэ Ванмен кездесуге ҚазҰУ-нің ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Т.С. Рамазанов, шығыстану факультетінің деканы Ы. М. Палтөре, «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының» басшысы, профессор Н. Мұқаметханұлы, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ф. Оразақынқызы және факультет оқытушылары мен студенттері қатысып, пікір алмасты. Кездесу барысында университет басшылығы профессор Гордон Гэ Ванды ҚазҰУ - не дәріс оқуға шақырды.

Ары қарай оқу >>

ҚХР - дың Алматы қаласындағы Бас Консулы Гэн Липин ханымның Шығыстану факультетінде өткен «Қытай - Қазақстан қарым-қатынастарының перспективалары» атты лидерлік дәрісі

19.12.2019

ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас Консулы Гэн Липин ханым ҚазҰУ, Шығыстану факультетіне арнайы келіп, қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне «Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының перспективалары» атты лидерлік дәріс өткізді. Дәріске Бас Консул Гэн Липин, Вице консул Мяо Хунбо, Консулдықтың жаңалықтар бөлімінің басшысы Хуан Тянь және бірнеше атташелар, шығыстану факультетінің басшылары, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар және студенттер қатысты. Дәрісте Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастарының өткені, бүгіні мен болашағы, сонымен қоса, тарихи, саяси, экономикалық және мәдени байланыстары баяндалды.

 

 

Ары қарай оқу >>

Профессор Н.Мұқаметханұлы марапатталды

18.11.2019

2019 жыл 18 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Білім және ғылым министрінің берген Қазақстан Республикасының ғылымның дамуына үлес қосқаны үшін медалін тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлына табыс етті.

Ары қарай оқу >>

«КӨРКЕМ ӨНЕР ТӨРЕСІ» - КАЛЛИГРАФИЯ

12.11.2019

Дәстүрлі қытай жазуының аса маңызды эстетикалық өлшемі – оның каллиграфиясымен байланыстылығы болып табылады. Нағыз шебер туындыға өз жанының, өз шеберлігінің барлық күшін салатындықтан, ежелгі дәуірлердің өзінде-ақ адамдар каллиграфияны «Көркем өнердің төресі» деп атаған. Каллиграфияны көріп білу, оны тану, интеллектуалдық және рухани мәдениеттілікті қажет етеді. Оның шынайы мәнісін көре білу және сезіну маңызды. Иероглифтар тұрмыста қолданылатын лексикада бір мәнге, ал каллиграфияда – неше түрлі философиялық астарлармен ұштасқан терең мәнге ие.

Ары қарай оқу >>

Қытайдың киім кию мәдениеті мен иероглифтердің байланысы” атты танымдық сабағы өткізілді.

05.11.2019

      Қараша айының 5-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының 1-4 курс студенттері арасында «Қытайдағы киім кию мәдениеті мен иероглифтің байланысы       汉字与服饰文化» тақырыбында танымдық сабағы өткізілді.

Ары қарай оқу >>