Бакалавриат

 

Кафедра 4 жылдық білім беру негізінде және лайықты диплом беру арқылы төмендегі мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындайды:

1. 6В02301 - Шетел филологиясы

2. 6В02207 - Шығыстану

3. 6В02302 - Аударма ісі

 

Кафедра түлектері өз білімдерін Қытай мен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының магистратурасында, PhD докторантурасында жалғастыра алады.

Кафедраның оқу процесі жаңа технологиялар мен оқу методикасына негізделген. Студенттердің білім сапасын тексеру және баға қою үшін тестік жүйе қолданылады. Кафедра толығымен керекті оқу құралдары мен техникалық құралдармен жабдықталған.

Біздің кафедраның студенттері жыл сайын Қытайда тілдік тағылымдамадан өтеді.

 

6В02207  – Шығыстану мамандығы

Жаһандану кезеңі шығыстану ғылымын жаңа мазмұнмен толтыруда. XXI ғ. шығыстану «Шығыс туралы Батыс ғылымы» болуын тоқтатты, көп ғасырдан бері жиналған білімді қайта ойлануға уақыт келді. Қазіргі шығыстану тарих пен экономика, мәдениеттану және саясаттану, тіл білімі және этнология және т.б. ғылымдарды қарастырады. Тарих пен қазіргі уақыт тұтастығы, ғылыми дәстүр мен комплексті талдауды синтездеу шығыстану бетін шетелде жаңа жүзжылдықпен анықтады. Күрделі ғылыми проектілер қазіргі заманда бүкіл әлем ғалымдарының ортақ күшімен жасалынады. Қазір Шығыс елдері толықтай құрылмаған потенцал иеленуде, сондықтан осы мемлекеттердің ұлттық қызығушылықтарынсыз әлемнің гармониялы дамуы мүмкін емес. Кафедра өз жұмысында әлемдік шығыстану жетістіктеріне сүйенеді.

 

6В02301  – Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығы 

Кафедраның негізгі жұмысының бағыты халықаралық байланыс бойынша мамандарды дайындауға негізделген. Бұл студенттердің екі шетел тілін игеруге мүмкіндік береді, шетел тілін оқыту теориясын жасау және әлеуметтік өмірде практикада қолдану: ғылыми, экономикалық, мәдени, саяси; мәдениеттің өзарабайланысын игеру, мәдениаралық қатынас, қатысты халықтар мен аймақтар өмірі.

Тілдер осы тілде сөйлейтін елдердің мәдениеті мен әлемімен тығыз байланыста оқытылуы керек. Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары – қоғамдық өмірде тілдің шынайы қызметі, оның байланыс құралындағы рөлі, өнім құралы, ғылым, техника, экономика, бизнес, мәдениет және т.б. саланың құралы. Бұл бағыттың негізділігі берілген тілде немесе тілдерде қатынас жасайтын аймақтардың мәдениетін оқу.

 

6В02302  – Аударма ісі мамандығы 

Аударма ісі – Қазақстан және әлемдік еңбек рыногында қажетті мамандық. Түлек таңдалған шығыс және батыс тілдерін,аударматанудың теоретикалық негіздерін және мәдениаралық қатынасты, аударма практикасын, текстпен жұмыс жасау мен редакциялау негіздерін игеріп шығады;

Түлек аударманың әртүрлі түрлерімен жұмыс істейді, халықаралық деңгейде іс-шара өткізеді (кездесу, келіссөз және т.б.), референтті-аналитикалық, консультативті және редакциялы –баспа саласы бойынша жұмыстар атқарады.