«Жібек жолы» үйірмесі

Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының

«Жібек жолы» үйірмесі 

                                                          

«Жібек жолы» үйірмесіне 1-3 курс студенттерінен жасақталған жалпы саны 150 студент мүше. Үйірме аясында өткізілген барлық іс-шараларға үйірме мүшелері белсенді қатысады. Үйірме ғылыми-тәрбиелік бағытта жұмыс жасайды.

Үйірме жетекшісі: Дүйсенбай Құлпынай

 

13.11. 2021 Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы «Қытай айдаһарлары: айдаһар туралы аңыздар, айдаһар символикасы, өмірдегі айдаһар бейнелері және  қытай-қазақ немесе қытай-орыс аңыздарындағы айдаһар символикасы.Бұл шараға мұғалімдер мен көптеген студенттер қатысты.Қытай мифологиясында олар аспан құдайы мен оның жердегі губернаторының билігінің бейнесі.Сонымен Қытай мифтік тіршілік иелері кім? Қытай халқы неліктен айдаһарды қасиетті деп  санаған? Айдаһарлар туралы наным- сенімдер. Қытай мәдениетіндегі айдаһардың рөлі. Батыс мемлекеттерінің айдаһарға деген көз қарасы.Осы және басқа да көптеген сұрақтарға дәрісте , қытайтану кафедрасының оқытушысы Матай Бұлбұл жауап берді. 

25.10.2021

«Бейжиң Гугуң сарайы, Иыхыюуан орда саяжайы, Бейжиңдегі тұрғылықты халық қоныстанып келе жатқан Сыхыюуан аулалары» атты мәдени іс-шарасы өтті. Бұл шараға қытай тілі мұғалімдері мен студенттер қатысты.

Қытай астанасы Бейжиңдегі тарихи құрылыстар оның ішінде Бейжиң Гугуң сарайы, Иыхыюуан орда саяжайы,Бейжиңдегі тұрғылықты халық қоныстанып келе жатқан Сыхыюуан аулалары сан ғасырлық қытай тұрар жай мәдениетінің өшпес айғағы екендігі - ондаған ғылыми еңбектер мен кітаптарда сипатталған құбылыс. Сарапшылар Бейжиңдегі тарихи құрылыстарды адамзат ақыл-парасатының жауқары сондай-ақ қазіргі күнге дейін мүкамал сақталып келе жатқан тарихи мұра ретінде бағалап отыр.

Сонымен Қытайдағы Бейжиң орда сарайлары сияқты тарнихи құрылыстардың мәдени мұраларды зерттеуде қандай рөлі бар?олардың ерекшеліктері қандай? Олардың артында қандай тарихи оқиғалар жасырынған?

Осы және басқа да көптеген сұрақтарға оның дәрісінде , қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Мұстафаұлы Серік жауап берді.


 

22.10.2021.

«Қытай асханасы: Қытай мәдениетіндегі тағамның символдық мәні» тақырыбына ашық сабақ өтті. Бұл ашық сабаққа қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жалпы ашық сабақта Қытай асханасы және оның ерекшеліктері, сонымен қатар қытай асханасының символдық мәні туралы айтылды. Ашық сабақта қытай тағамдарына жеке тоқталып қана қоймай, сонымен қатар қытай асханасындағы сусындар, соның ішінде: шай мен шарап туралы мәліметтер берілді. Шайдың түрлері мен шараптың ерекшеліктерін, сонымен қатар олардың тарихы туралы айтылды. Қытай асханасы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан. Бұл асхананың үш мың жылдан астам тарихы бар. Ежелгі заманның өзінде патшалық тұрғындары тағамды дәмді әрі тез дайындауды білген. Қытайлар тағам аспаннан беріледі деп санайды. Сондықтан да оларда «ауыз тиіп» кету деген түсінік жоқ. Тамақтану немесе дастарқаннан дәм тату бұлардың ұлттық мәдениетіне ортақтасу болып есептеледі. Көбінесе қытайлар дөңгелек үстел басында жиналады. Қытайлар біз секілді бір табақты ортаға қойып, бәріне ортақ етіп, бір үлкен бас тағам ұсынбайды. Тамақтанардан бұрын дастарқан басындағы әр адамға ішінде асылған күріш толтырылған шағын кесе мен өздерінің тілінде 筷子 деп аталатын қос таяқша таратылады. Содан соң үстел басына неше түрлі шағын тағамдар әкелінеді. Сөйтіп, әр адам өз қалағанын таяқшаларымен алып, алдарындағы кеселеріндегі күрішпен араластырып отырып жейді. Мұндай шағын тағамның саны оннан астам болады. Кейде дастарқан басында біраз адам жиналғанда шағын тағамның қырықтан астам түріне дейін қойылады.

Бұл ашық сабақта осы ерекшеліктер туралы мәліметтер айтылды, сонымен қатар қытайтану кафедрасының оқытушысы Тұрбек Мұрат қытай асханасы туралы өте көп қызықты мәліметтер туралы айтты.

21.10.2021 

«Қытайдың жыл мезгілдері: ай, күн, ауыл шаруашылығы күнтізбелері. 24 күнтізбелік маусым » тақырыбына арналған онлайн форматта мәдени іс-шара өтті.

Бұл шараға қытайлық мұғалімдер мен студенттер қатысты. Қытай күнтізбесі - ондаған ғылыми еңбектер мен кітаптарда сипатталған құбылыс. Сарапшылар қытай күнтізбесі әлемдегі ең ерте жүйеленген ай күнтізбелік күнтізбелердің бірі деп есептейді. Сонымен Қытайда күнтізбелердің қандай түрлері бар және олар не үшін қажет? Қытай күнтізбесінің негізінде қандай құбылыстар жатыр? Қытай күнтізбесінің әмбебаптығының сыры неде?Осы және басқа да көптеген сұрақтарға оның дәрісінде, қытайтану кафедрасының оқытушысы Меттибаева Сандуғаш жауап берді.

 

27.01. 2021

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультететі қытайтану кафедрасындағы «Жібек Жолы» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенбай Құлпынайдың ұйымдастыруымен Қытайдың дәстүрлі әндерін айту іс-шарасы өтті. Шараға студенттер қызыға қатысты. Аталған шараның мақсаты-қытай тілін үйренушілердің тек тілді ғана үйреніп қоймай, қытай мәдениетін, соның ішінде халық әндеріне деген қызағушылықтарын ояту. Іс шара ZOOM платформасында өтті. Қытайдың дәстүрлі әндерін тыңдаумен қатар, студенттер өздері де жаңа ән үйреніп, дәстүрлі Қытайдың “茉莉花”әнін қосылып шырқады. «Жібек Жолы» үйірмесінде осындай Қытай мәдениетіне жақындата түсетін шаралар жиі өтеді. Студенттер шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

05.02.2021

жылы Қытайдың Алматы қаласындағы бас консулдығы, Абылай хан атындағы шет тілдер және халықаралық қатынастар университеті, шығыстану факультеті мен Конфуций институты бірлесе ұйымдастырған және ҚХР Синан университетінің қолдауымен "Қытай жаңа жылына арналған онлайн мәдени іс-шара өтті. «中国春节文化趣事会» тақырыбында өткен онлайн-концертке Алматы қаласындағы қытай тілін оқытатын оқу орындарының оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Бұл іс-шара барлық жанның қызығушылығын тудыратын шаралардың бірі болды. ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері және осы кафедраның «Жібек жолы» үйірмесінің мүшелері де аталмыш шараға қатысып, өз өнерлерін паш етті. Атап айтсақ, олар жаңа жыл туралы өлең жырларымен бөлісіп, қағаздан әртүрлі бейнелер жасады.

Бұл іс - шараға қатысушылар Қытай жаңа жылының шығу тарихына, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қанығып, көптеген қызықты оқиғалардың куәсі болды.

19.12.2019ж. Қытайдағы «Оригами» 剪纸. Студенттерге қағаз қиындыларынан әртүрлі әсемдік құралдар жасауын көрсетіп, мерекеде іліну дәстүр болған қызыл шамшырақты үйірме мүшелеріне таныстырып, жасалуын үйреттік剪纸灯笼   喜字和窗花.  
   13.12.2019ж. «Шығыстағы нефриттік мәдениет玉器文化» атты тақырбында талдау сабағы жүргізілді.
 

09.12.2019ж. Азық-түлік мәдениеті饮食文化Жастар арасындағы ең өзекті тақырып: елдің тағам немесе ас мәдениеті. Студенттерге Қытайдың дәстүрлі тұшпарасынан дәм таттырумен ғана шектелмей, оның жасалу жолын таныстырып, үйреттік包饺子,学用筷子.

 

04.12.2019ж. Тай Чи Багуа өнері әңгімелеріне тоқталдық太极八卦文化.

 

28.11.2019ж. «Қытайдағы суретсалу өнері中国国画介绍» адамды қызықтырмай қоймас. Біз үйірме мүшелеріне нағыз Қытай өнерінің түрлі сырларын және майлы бояу мен кисточьканы серік етіп, көркем сурет әлеміне аттандық 画熊猫     

 

13.11.2019ж. Студенттерге «шығыс елінің каллиграфия мәдениетін» 书法文化 атты тақырыбында іс-шара өткізілді.Иероглифтердің бар әдемілігі мен әсемдігін үйрету арқылы және оны практикада қолдана білуді үйреттік写福字.

 

07.11.2019ж. Қытайдың архитектура және қайық (кеме) мәдениеті үйірме мүшелеріне таныстырылды中国建筑文化和舟车文化.

 

25.10.2019ж. Үйірме шәкірттері Пекин京剧 операсымен таныстырылды. Әртіс бетіндегі гриммен жұмыс жасауға мүмкіндік беріп画京剧脸谱, ерекшеліктерін көрсеттік. Адам жүзіне сурет салудың сиқыр сырын бірге ашық түрде талдады.

 

15.10.2019ж. Қытайдың дәстүрлі медицинасынан практика中医实践 атты тәжірибелік іс-шара өткізілді. Көненің көзі болған емнің көзін студенттерге таныстырып, олармен тәжірибе жүргізіп, ұйым мүшелерінің қызығушылықтары артты.

 

11.10.2019ж   Студенттермен бірге HSK ге дайындық бойынша курс жұмысы жүргізілді.

 

10.10.2019ж. Үйірме мүшелерімен бірге тек материалды жағынан ғана емес, сонымен қатар рухани жағынан да білім алу қажет деген қағиданы ұстанып М. Әуезов атындағы театрға барды.

 

02.10.2019ж. «Қытайдағы фарфор мәдениеті瓷器文化». Қытайда бағзы заманнан бері келе жатқан фарфор мәдеиетіне үйірме мүшелерімен еске түсіріп, видео-материал жүзінде көрдік. Қытайдың негізгі фарфор оюын бірге салып制作青花瓷盘子, студенттер жаңа мәдениетті танудағы алғашқы қадамдарын жасады.

 

26.09.2019ж. «Қытайдың шай өнері мен шарап өнері中国茶酒文化» атты тәжірибелік іс-шара өткізілді. Студенттерді Қытайдың шарап өнерімен, шай өнерімен таныстырып, дастархан басындағы мәдениетті жан-жақты ашып талдады.

 

24.09.2019ж. «Қытайдағы киім кию мәдениетіне汉字与服饰文化» шарасына үйірмедегі 2 курс студенттерін Қытай сәнімен таныстырып, ұлттық киімге көз жүгіртіп шықты.