Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінде түлектер күні өтті

30.05.2020

Көрулер: 1840

30 мамыр күні жылдағы дәстүр бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінде түлектері күні атап өтілді. Бұл жылғы өткен іс-шара бұрынғыдан ерекше, оның себебі елімізде орын алған келеңсіз жағдайларға байланысты онлайн форматында өтуі. Бұл себептерге қарамастан түлектер күні ерекше дайындықпен, жоғары көңіл күймен атап өтілді.

Қазіргі таңда еліміздің түкпір түкпірінде, алыс жақын шетелдерде қызмет атқарып жүрген, шығыстану факультетін бітірген түлектер бұл шараға белсене қатысып, өздерінің жүрекжарды лебіз-тілектерімен, естеліктерімен бөлісті. Аталмыш іс-шара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері ассоциациясының президенті Қ.А.Мәмидің, шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлының құттықтау сөздерімен басталып, елімізге белгілі шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші,  филология ғылымдарының докторы Дербісәлі Әбсаттар Бағысбайұлының, Шығыстану факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының және тағы да басқа көптеген ұстаздар қауымы мен мерейлі жылдар түлектерінің құттықтауларымен жалғасын тапты.

Факультет деканы Ықтияр Молдатөреұлы мен факультет ұжымының жоғары ұйымдастырушылық шеберлігінің арқасында, онлайн форматында өткен түлектер күніне қатысушылар жоғары баға беріп, алғыстарын жеткізді.