«Қытай тілі көпірі» байқауының жүлдегерлері - қытайтану кафедрасының студенттері

12.04.2020

Көрулер: 1669

Сәуір айының 12-19 аралығында ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас Консулдығы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік қытай тілін үйренуші студенттер арасында өтетін кезекті «Қытай тілі көпірі» байқауы өтті. Байқау онлайн түрде жазбаша тест, қытай тілі мен білімі бойынша сұрақтар, әділ қазылардың сұрақтары, өнер сайыстары сияқты бірнеше кезеңдерден тұрды. Байқау нәтижесінде ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті Нұржанова Сәлсабіл екінші орынды иеленсе, 4 курс студенті Онланова Жанель үшінші орынға ие болды. Ал 3 курс студенті Мақсұт Айдана үздік қатысушы атанды. Ал оларға жетекшілік еткен Дүйсенбай Құлпынай үздік жетекші деп танылды. Жүлдеге ие болған студенттер мен жетекшісін шын жүректен құтықтаймыз! Байқаудың толық нұсқасын https://youtu.be/wSJODqEv_Oo  және https://youtu.be/SP3SY4nrElA сілтемелері бойынша тамашалауға болады.