Академиялық алмасу бағдарламасы

Қазақ Ұлттық университетімен ҚХР, Ланджоу университетінің арасында "Қытай тілі" бакалавр мамандықтарын даярлау келісіміне қол қойылды. Осы келісім бойынша екі университет 2 + 2 бағдарламасы бойынша студент алмасу және екі жақты диплом алу мәселесіне бойынша келісімге қол қойды.

Және де Ресей Федерациясының Мәскеу Мемлекеттік Лингвистикалық университеті мен Қазақ Ұлттық университеті арасында магистрант алмасу келісім шартына қол қойылды. Яғни шығыстану факультетінің екі магистранты ММЛУ-де тәжірибеден өтсе, ММЛУ-нен екі магистрант факультетімізде тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік алды.