Ғылыми жобалар мен зерттеулер

Қытайтанушы мамандар ретінде кафедра оқытушылары Қытай тарихы, мәдениеті, экономикасы, саясаты және қытай тілі бойынша түрлі ғылыми және басқа да жобалар мен зерттеулерге қатысады.

2012 жылдың қаңтар айында кафедра ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің "ҚХР-ды модернизациялау парадигмасы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы" атты 3 жылдық зерттеу жұмысына арналған ғылыми жобаға грант ұтып алды. Аталмыш ғылыми жобаның жетекшісі т.ғ.д., профессор, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері АЛДАБЕК Н.Ә. Жоба қатысушылары: т.ғ.к., доцент БЕКТҰРҒАНОВА П.Е., Ph.D докторант, аға оқытушы ДӘУЕН Д.Б., Ph.D доктор, оқытушы СЕРІКҚАЛИЕВА А.Е., магистр, оқытушы АСЫЛ М.Б.

Сонымен қатар Қытайтану кафедрасынан «Қытай мұражайларындағы қазақ халқының тарихи-мәдени мұралары» (жоба жетекшісі: профессор АЛДАБЕК Н.Ә.), «Қазақстандағы қытайлықтардың келбеті: қазақстандықтардың көзқарасы» (жоба жетекшісі: доцент БАТПЕНОВА З.С.) атты жобалар гранттық қаржыландыру байқауына ұсынылды.

Жоғарыда аталған ғылыми жобалардан бөлек кафедра оқытушылары АРЗЫҚҰЛОВ Аманжан, ДӘУЕН Динара, АСЫЛ Мөлдір Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ-дің «Қазақстандықтардың көзқарасындағы Қытай» атты жобаға қатысты. Жоба тұсаукесері 2012 жылдың маусым айында өтті.