Жаңалықтар

Халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық бейбітшілік күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті!

26.09.2023

2023 жылдың 21 қыркүйегінде Халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы Академиялық аймақтық ресурстық ақпарат орталығы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен Халықаралық бейбітшілік күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелді орталық директоры Лейла Деловарова мен БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы өкілдігінің басшысы Властимил Самек ашты. Властимил Самек жастардың бейбітшілік пен 17 ТДМ-ны ілгерілетудегі рөлін, сондай-ақ маңызды идеялар мен бастамаларды ілгерілетудегі халықаралық қатынастар студенттерінің рөлін атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Тіл – тәуелсіздік тұғыры

22.09.2023

2023 жылдың 22 қыркүйегінде дипломатиялық аударма кафедрасында әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенттерімен "Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма" мамандығы бойынша "Тіл-тәуелсіздік тұғыры" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Ары қарай оқу >>

Алексей Евгеньевич Фоминыхтың «ЭКСПО-дипломатия: 1972-1979 жылдардағы КСРО-дағы американдық көрмелер ("Америка" Алматыда)" тақырбында қонақ дәрісі

22.09.2023

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Халықаралық қатынастар факультетінде

Алексей Евгеньевич Фоминыхтың «ЭКСПО-дипломатия: 1972-1979 жылдардағы КСРО-дағы американдық көрмелер ("Америка" Алматыда)" тақырбында қонақ дәрісін оқыды. Тақырып тыңдаушылар арасында шыңайы қызығушылық оятты, АҚШ пен КСРО – ның мәдениетаралық коммуникацияның ерекше түрі - көрме арқылы жақындасуы және "темір перде" кезеңіндегі дипломатия кезеңі туралы көптеген сұрақтар мен ойлар айтылып, қызық сұхбат орын алды. Екі жүйенің халықтарын таныстыруда фотосуреттер, плакаттар, ғылым, техника, мәдениеттегі жетістіктер арқылы американдық және кеңестік көрмелер өзіндік виртуалды рөл атқарды.

1960-1970 жылдардағы "Алма-Ата" кейсі және біздің қаламыздағы "АҚШ көрмелері” ерекше қызығушылық тудырды. Алексей Евгеньевич АҚШ мұрағатында жұмыс істей отырып, американдық фотографтар жасаған біздің қала туралы көптеген маңызды құжаттарды тапты.

А.Е. Фоминых саяси ғылымдары кандидаты, Мари мемлекеттік университетінің мәдениетаралық коммуникация кафедрасының доценті, Йошкар-Ола қ. (Ресей). А.Е. Фоминых халықтар мен елдердің жақындасуындағы халықаралық көрмелердің рөлін зерттейтін, Ресей, АҚШ, Еуропа ғылыми мекемелері мен университеттерінде маманданған, ҚазҰУ-дың Германдық зерттеулер орталығымен жобаларда ынтымақтасатын қоғамдық дипломатия және мәдениетаралық коммуникациялар саласындағы халықаралық мамандардың бірі болып табылады.

Ұйымдастырушы: ҚазҰУ ГЗО (проф. М.Ш. Губайдуллина).

Ары қарай оқу >>

Шығыс Финляндия университетінің профессоры Пол Фрайердің (Paul FRYER) “Трансшекаралық проблемалар: көші-қон және диаспоралар" тақырыбындағы қонақ дәрісі

21.09.2023

20 қыркүйекте Шығыс Финляндия университетінің профессоры Пол Фрайердің (Paul FRYER) “Трансшекаралық проблемалар: көші-қон және диаспоралар" тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті. Талқылауға ХҚФ студенттері мен жас ғалымдары, сондай-ақ Анна Новикова (Баск елі университеті, Бильбао) және Флориан Коппенрат (Гумбольдт университеті, Германия) қатысты. Сонымен қатар,

Пол Фрайер ХҚФ докторанттары үшін зерттеу әдістемесі бойынша мастер-класс өткізді, тұрақты даму және экологиялық көші-қон мәселелері, трансшекаралық өзендер мәселелері және өңірлік ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Йоэнсуу қаласы, Шығыс Финляндия университетінің Әлеуметтік ғылымдар және бизнес факультетінің географиялық және тарихи зерттеулер кафедрасының профессоры Пол Фрайер Германдық зерттеулер орталығының жобалары аясында ынтымақтасады, ХҚФ докторантының ғылыми кеңесшісі болып табылады.

 

Ұйымдастырушы: ХҚФ ГЗО, ҚазҰУ (проф. М. Ш. Губайдуллина)

 

Ары қарай оқу >>

«Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті» атты кітап көрмесі

21.09.2023

ТМД міндеттерін орындау аясында (Мақсат 4: Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу) 2023 жылдың 20 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті» атты кітап көрмесі өтті. Іс-шара аясында оқырмандардың назарына «Steppe & World Publishing» баспасының кітап өнімдері ұсынылды. Көрменің соңында арнайы қонақтар ретінде шақырылған жоғарыда аталып өтілген баспаның директоры Раиса Қадыр және бас редакторы Назгүл Қожабек Халықаралық қатынастар факультетінің басшылығы және студенттерімен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында «Steppe & World Publishing» өкілдері Қазақстандағы кітап шығару саласындағы жағдай туралы атып берді, соныемн қатар аудиторияны қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Ары қарай оқу >>

Әлемдік экономика бойынша VI Халықаралық қашықтықтан олимпиадасы

17.05.2023

15-16 мамыр аралығында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика және Халықаралық бизнес кафедрасы білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру және дарынды студенттердің кәсіби өсуіне жәрдемдесу мақсатында әлемдік экономика бойынша VI Халықаралық қашықтықтан олимпиада өткізілді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің әлемдік экономика мамандығының 3 курс студенттері жеңімпаз атанды. Орынбекова Айғаным, Өсер Диас, Аппаз Нұрмұхаммед, PhD. докторы А.В. Хамзаеваның ғылыми жетекшілігімен.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

02.05.2023

 

2023-жылдың 11-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасы Пуатье университетінің (Франция) MIMMOC зертханасымен бірге «Саясаттағы әйелдер: Орталық Азия және Еуропа көзқарастар тоғысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференцияның мақсаты: Батыс және Орталық Азиядағы саясаттағы әйелдердің рөлін зерттеуге бағытталған.

Ары қарай оқу >>

Дәстүрлі «Фараби әлемі»

10.04.2023

2023 жылдың 7 сәуірінде  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми жұмыстарына арналған дәстүрлі түрде өтетін «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.  

Ары қарай оқу >>

Испан тілінен олимипиада

06.04.2023

2023 жылдың 6 сәуірінде халықаралық қатынастар факультетінің 2-3 курс студенттерінің арасында испан тілі оқытушылары Жанузақова Г. А.,  Лопез А. А. ұйымдастыруымен испан тілінен олимпиада өтті.

Ары қарай оқу >>

Әртүрлі кәсіптердегі құқықтық мәдениет – дөңгелек үстел

05.04.2023

2023 жылдың 3 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  «Халықаралық қатынастар» факультетінің 7М02304 «Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма» мамандығының 1 курс магистранттары Тастанова Р., Мұратбек Н.  және 3 курс студентері «Әртүрлі кәсіптердегі құқықтық мәдениет – дөңгелек үстел» тақырыбында ашық дөңгелек үстел өтті. 

Ары қарай оқу >>