Жаңалықтар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Халықаралық құқық бойынша Республикалық олимпиадада жеңіске жетті

02.12.2020

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Халықаралық құқық бойынша Республикалық олимпиадада жеңіске жетті.

28 қараша 2020 ж. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Халықаралық құқық бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтті. Биыл Республикалық пәндік олимпиада әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізілді. Алайда, бұл жағдай оның сапасына әсер еткен жоқ. Бұл жерде олимпиаданы ұйымдастырушылар - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің кәсіби көзқарасы мен жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өткен жөн. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Әр команда бес адамнан тұрды. Олимпиаданың мақсаты-талантты студент жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамыту.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары дайындаған команда келесі студенттерден тұрды: Талгатова К., Ерболов Д., Абдуллина А., Мереке Б., Абдыкасым К. Олардың барлығы жоғары үлгерімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Команда жаттықтырушысы-PhD докторы Нысанбекова Л. Б.

Біздің команда "Халықаралық жария құқық" пәні бойынша қазақ тіліндегі тест тапсырмалары бойынша да, "Халықаралық жеке құқық" пәні бойынша кейстердің шешімі бойынша да барлық үш турдан аса шығынсыз өтіп, жоғары нәтижелер көрсетті, сонымен қатар, турлардың бірі "Халықаралық жария құқық" пәні бойынша ағылшын тіліндегі блиц-сауалнама түрінде болды.

Олимпиаданың қорытындылары жеке сынақ бойынша шығарылды.

Бірінші, екінші, үшінші орынды жеке есепте әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Халықаралық құқық" мамандығының студенттері Талгатова К. бірінші дәрежелі дипломмен, Абдуллина А.-екінші дәрежелі дипломмен және Мереке Б. - үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл халықаралық құқық кафедрасы мен халықаралық қатынастар факультетінің мерейтойына орай көптен күткен тосын сый болды.

Келесі Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде өтеді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби мен Абай – ұлы ойшылдары: мұраларын түсіну

02.11.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Байзақова Құралай Ертісқызының авторлығымен АҚШ-тағы Абайдың виртуалды орталығында ұлы ойшылдар Әл-Фараби мен Абай туралы мақала жарияланды. Басылым әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығын мерекелеуге арналған.

Ары қарай оқу >>

29 қазан күні сағат 11: 00-де Біріккен Ұлттар Ұйымы күніне орай ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті. әл-Фараби БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған ZOOM платформасында онлайн-конференция өткізеді.

30.10.2020

Конференция тақырыбы: БҰҰ-ның 75 жылдығы, тарихы мен тенденциялары.⠀

Спикерлер:⠀ҚР-дағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің басшысы Властимил Самек⠀

ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Думан Жекенов⠀

Пан Ги атындағы Тұрақты даму институтының бағдарламалар үйлестірушісі Бибіназ Алманова.⠀

Ұйымдастырушы: Бакирланова Айзада Нурлановна, ҚазҰУ ХҚФ жанындағы БҰҰ ақпараттық орталығының басшысы.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінің жаңа логотипіне арналған байқаудың қорытындысы Байқау комиссиясы факультеттің 25-жылдығына орай ХҚФ жаңа логотипін қабылдады

22.10.2020

Логотип сипаттамасы

1. Мәтін

1.1 Университет атауы: Al-Farabi Kazakh National University

1.2 Фаультет атауы: International Relations Department

1.3 Факльтет негізінің қалау жылы: 1995

2. Бейнелер

2.1. Кең мағынада

2.1.1. «Глобус» – Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың мақсаттарын қолдайды.

2.1.2. «Арка» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рәміздерінің бірі.

2.1.3. «Қол алысу» – татулық пен ынтымақтың нышаны.

2.1.4. «Кітаптар» – білім көзінің нышаны.

2.1.5. «Дәстүрлі ою» – ұлттық дәстүрлерге деген тағзым мен құрмет.

2.2. Тар мағынада

2.2.1. «Глобус» – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және халықаралық қатынастар факультеті әрқашан әлемдік деңгейдегі жетістіктерді бағындыруға деген ұмтылысы.

2.2.2. «Қол алысу» – бұл бейнеде халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы тұспалданған: сәйкесінше, халықаралық келісім және мәміле жасау бейнеленген.

2.2.3. «Арка және бағаналар» – бұл бейнеде халықаралық құқық кафедрасы тұспалданған, себебі бұл бейне мемлекет және құқық нышандарын кейіптейді.

2.2.4. «Сөздіктер» – бұл бейнеде дипломатиялық аударма кафедрасы тұспалданған, сөздік тілді үйрену көзі ретінде бейнеленген.

2.2.5. «Дәстүрлі ою» – Қазақстанның дамуы мен гүлдену игілігі үшін іс-әрекет.

3. Түс бояғышы

3.1 Фон

3.1.1 Фон түсі: Classic Blue (Классикалық көк) 19-4052.

3.1.2 Түстің сипаттамасы: Бұл тұрақты көк рең, бейбітшілік, сенімділік және ортақтастық сезімін нандырады, біздің болшағымызды құрастыру үшін тіректі де тұрақты іргетастқа мұқтаждығымызды айрықша білдіреді.

3.1.3 2020-шы жылы бұл түсті Pantone компаниясы үздік деп таныды.

3.2 Мәтін және бейнелер

3.2.1 Мәтін және бейнелер түсі: Mimosa (Мимоза) 14-0848.

3.2.2 Түс сипаттамасы: Сары түс күннің жылулы мен қамқорлығын кейіптейді, яғни біз, адамдар, жаратылысымыздан тартымды санайтын қасиеттер. Сонымен қатар, Mimosa сергектенуді бейнелейді, себебі бұл рең, қиял мен инновацияны құмарландырады.

3.2.3 2009-шы жылы бұл түсті Pantone компаниясы үздік деп таныды.

Автор: Тлеубеков Султан

Ары қарай оқу >>

ХҚФ 1 курс студенттерімен кездесу

05.09.2020

2020 жылдың 4 қыркүйегінде, Zoom платформасында, бағдар беру апталығы аясында Халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттерімен кезекті кездесуі өткізілді. ХҚФ дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдикенова Алмаш Смайылқызы бірінші курс студенттеріне оқу кезеңінде шет тілдерін таңдау мәселелерін түсіндірді. Кездесуде, сондай-ақ, DAAD дәріс берушісі және неміс тілінің оқытушысы Торстен Кеслер, және француз және ағылшын тілдерінің оқытушысы, Страсбург университетінің түлегі Жереми Лонжон сөз сөйледі. Кездесу модераторы факультеттің аға куратор-эдвайзері Тлеубеков С.Т.

 

Ары қарай оқу >>

1 курс студенттерінің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар ұйымдарының төрағасы және ХҚФ аға эдвайзерімен кездесуі

03.09.2020

2020 жылдың 3 қыркүйегінде Zoom платформасында бағдар беру апталығы аясында Халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттерімен кездесу өткізілді. Бірінші курс студенттерімен кездесуде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы ҚазҰУ студенті туралы ережесі мен ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексінің ережелерімен таныстырды. Кездесу барысында бірінші курс студенттері ХҚФ топ эдвайзерлерімен және аға-эдвайзерімен танысты.

Ары қарай оқу >>