7М02304 – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ АУДАРМА ІСІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫ

7М02304ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ АУДАРМА ІСІ 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 

ПАСПОРТЫ 

                                                                                                                                

1. Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Тіркеу нөмірі

 

Білім беру саласының коды жәнеатауы

02 – Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Даярлаубағытының коды және атауы

023 – Тілдер және әдебиет

Білім беру бағдарламасының атауы

7М02304 – Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі

 

 

Кадрларды даярлау бағыты бойынша лиценцияға қосымшалардың болуы

KZ27LAA00019309

Берілген күні – 19.11.2020 ж.        

1.1 БББ мақсаты

Бағдарламаның мақсаты- халықаралық     және   құқықтық қатынастар, ғылыми-техникалық және   мәдени өмір салаларында екі және одан да көптілді пайдалану кезінде көпшілік алдында сөз сөйлеуді аударуды сапалы жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті аудармашы мамандарды даярлау.

1.2 БББ негізгі көрсеткіштері

БББ түрі: магистратура

БББ мерзімі: 2 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Еңбек қарқындылығы:120 академиялық кредит

Берілетін ғылыми дәрежесі: филология ғылымдары магистрі

БББ түрі: жаңа

1.3 Білім беру қызметтерінарығындағы орны тұрғысынан БББ артықшылықтары мен ерекшеліктерінсипаттау

«7М02304 - Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі» мамандығы бойынша     білім беру бағдарламасы жаңа және аккредитациядан өтпеген.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін халықаралық қатынастар факультетінде төмендегі зертханалар бар:

- № 322 лингафон кабинеті,

- Роман зерттеулер орталығы,

- «Мәдениетаралық коммуникация және аударма ісі зерттеулері» халықаралық орталығы (ICTS)

-«DAAD» station-DEUK неміс тілі орталығы,

- Синхронды аудармаға арналған мультимедиялық кабинет.

 

Тәжірибе алмасу орындары:

Магистранттар педагогикалық және зерттеу тәжірибелерін Төмендегі мекемелерден   өтеді:

  1. «КАТКО» ЖШС БК;
  2. Аударма жоғары мектебі;
  3. Translation study TES GROUP;
  4. Kazakh British Technical University;
  5. «Интер-Пресс» әдістемелік орталығы;
  6. Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы - Language development Administration;

Кадрлық әлеует:

Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары жоғары ғылыми әлеуетке ие:

1 филология ғылымдарының докторы,

2 PhD доктор, Аккари А - Женева университеті профессоры, Швейцария; PhD доктор Себ Берни - Бирмингем университеті профессоры, Англия

10 филология ғылымдарының кандидаты,

3 гуманитарлық ғылымдар магистрі,

7 аға оқытушы,

4 оқытушы.

Олардың ішінде:

филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Фрибург Университетінің   пост-докторанты (2012-2014). Сейдикенова А.С.,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мухаметкалиева Г.О.

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Смагулова А.С.,

филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Бакитов А.Т. және басқалар.

Халықаралық қатынастар факультетінде академиялық ұтқырлық   келесі   бағыттар   бойынша   жүзеге     асырылады:

-университеттер арасындағы ынтымақтастық келісім шарт және академиялық алмасу     бағдарламалары   аясында, оқыту;

- бірлескен   білім беру бағдарламалары   аясында   оқыту.

Француз Альянсы, Франция Пуатье Университеті,

Бирмингем Университеті, Англия;

Санкт-Петербург аударма ЖоғарыМектебі (Ресей);

Женева Университеті, Швейцария;

ЛориенталеУниверситеті (Италия)

ГалатиУниверситеті (Румыния)

ДААД лектораты

Ұлттық зерттеу университеті (Ресей, Мәскеу),

Халықаралық серіктестермен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда: Сүлеймен Демирел атындағы университетпен бірге халықаралық жазғы мектеп;

"British Council" - біліктілікті арттыру   курстары

Женева, Швейцария университетімен халықаралық ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалды. Сейдикенова А.С. «Халықаралық қатынастар факультетінде академиялық мақсаттар үшін шеттілдері аудармасын   оқытудың заманауи әдістері»;

Борибаева С.Б. –«Дипломатия тілінің ерекшеліктері». Гранттық қаржыландыру бойынша республикалық жобалар: Кафедраның ғылыми мүдделері: аударма теориясы мен практикасы, лингвистикалық компаративистика, аударматанудағы пәнаралық зерттеулер.

Шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларымен салыстыру:

Шетелдік ғалымдар аударматанудың өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқуға шақырылады: профессор

А. Аккари, Берни Себ, Л. Бажини.

2.Оқу нәтижелерінің форматы бойынша біліктілік     талаптары

2.1              БББ оқыту бойынша күтілетін нәтижелер

 

 

 

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін магистранттар мыналарды біледі:

1.  Ауызша аударма процесінде халықаралық және құқықтық талаптар мен нормаларға сәйкес аударманың әдіснамалық принциптері мен стратегиялары, мәдениетаралық қарым-қатынастың теориялық негіздері, халықаралық және құқықтық басқару, кәсіби деңгейдегі шет тілі мен ана тілі теориясы, аударма ерекшеліктері негізінде аударма қызметіндегі ғылыми зерттеулердің алгоритмдерін әзірлейді.

  1. Кәсіби міндеттерді түпнұсқа тілі мен аударма тілін белсенді меңгерудің жоғары деңгейі, реакция жылдамдығы, нақты дикция, назар аудару қабілеті, кедергіге төзімді, психикалық тұрақтылық, жақсы физикалық форма негізінде шеше алады;
  2. Қазақстан Республикасы мен шетелдердің дипломатиялық протоколы мен дипломатиялық этикетінің ерекшеліктеріне сәйкес нотариалдық куәландыруға арналған аудармаларды және протоколдық функцияларды қоса алғанда, құқық саласындағы құжаттарды аудару үшін құқықтық терминдерді жинауды және жіктеуді жүзеге асырады.

4. Дипломатиялық құжаттарды, келісімдердің, келісімшарттардың жобаларын, іс-шаралар бағдарламаларын бағалай және жасай білу, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің халықаралық байланыстарында өңірлік дипломатиялық этикет нормаларын сақтай біледі; шетелдік серіктестермен немесе ҚР Сыртқы саясат органдарымен дипломатиялық хат алмасуды жүзеге асыра біледі;

  1. Дипломатиялық құжаттардың ерекшеліктерін, ішкі ведомстволық және сыртқы дипломатиялық хат алмасудың дипломатиялық құжаттарының түрлерін, кәсіби қызметте дипломатиялық құжаттамаға қойылатын талаптарды білу.
  2. Халықаралық және құқықтық қатынастар саласында аударма жасау: концентрация мен аса дәлдіктің жоғары деңгейіне жету; ұзақ стресс жағдайында психологиялық тұрақтылық көрсету, эмоциялар мен мінез-құлықты басқару (аудармашы-бейтарап транслятор); ауызша сөйлеу техникасын қолдану және сөйлеушінің сөзіне, жақсы дикцияға, дұрыс интонациялық безендіруге сәйкес мәтінді тегіс бірқалыпты оқуға қол жеткізу.
    1. Курс бойынша әдіснамалық принциптер мен теориялық білімдерді қолдана отырып, халықаралық қатынастар саласындағы мәліметтерді жүйелендіре отырып, аналитикалық шолулар дайындау.
      1. Халықаралық және құқықтық келіссөздерге қатысушылар арасындағы әлеуметтік, этникалық, конфессиялық, мәдени және өзге де айырмашылықтарға төзімді қарым-қатынас таныту және халықаралық сөйлеу этикетін сақтай отырып, ынтымақтастық пен толыққанды диалогты қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі мәдениет өкілдері арасында ауызша аудару процесінде мәдениетаралық коммуникация нысандарын жүзеге асыру.
  3. Тіл білімі теориясы мен әдіснамасы, психологиялық-педагогикалық білім, лингвистикалық және аударма талдаулары саласында тәжірибе алмасу, сөйлеуші мен аудиторияның сөзіне тіл мен стилін бейімдеу біліктерін көрсете отырып, кәсіби білімді пайдалану мен дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру;

10.  Тілдің аймақтық нұсқаларын және екпіндерін ажырату, өзінің практикалық кәсіби қызметінде аударма іс-әрекеті процесінде сөйлеушінің сөзін сәтті үндестіру үшін шет тіліндегі коммуникативтік рецептивтік (оқылым, тыңдалым) және өнімді (айтылым және жазылым) дағдыларының кәсіби деңгейін көрсету;

  1. Аудару техникасын тиімді пайдалану; мәтінді компрессиялау тәсілдерін қолдану; екі жақты аудару кезінде психологиялық-эмоционалды шиеленісті еңсеру;
  2. Ілеспе аударма жағдайында ықтималдық болжауды жүзеге асыру; ілеспе аударма жабдықтарын, мәтінді редакция жасаушы бағдарламаларды, электрондық сөздіктерді пайдалану. Есте сақталатын ақпараттың көлемін арттыру үшін жедел жадты жаттықтыру.
  3. Қазіргі ғылым философиясы, оның ішінде негізгі дүниетанымы мен әдіснамалық мәселелері туралы түсінікке ие болу; нақты кәсіптік, іскерлік, ғылыми-техникалық, саяси салаларда және жағдайларда шет тіліндегі қарым-қатынас дағдыларын қолдану; басқару тиімділігін арттыру мақсатында жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтарды зерттеудің педагогикалық-психологиялық әдістерін қолдану.

2.2  Әрбір БББ   модулі бойынша күтілетін нәтижелер

М-3 Аударматанудағы заманауи тенденциялар

Осы модульді сәтті аяқтағаннан кейін   магистранттар төмендегі дағдыларды игеруі тиіс:

1. адекватты ізбе-із аудармаға қол жеткізу үшін аударманың әдіснамалық принциптері мен стратегияларын қолдану;

2. шетел тіліндегі түрлі жанрлы ауызша мәтіндерді қабылдау, зейінді дамыту техникасын қолдану және әзірлеу;

3. аударма барысында толық баламалыққа қол жеткізудің негізгі тәсілдерін теориялық негіздеу;

4. мнемотехниканы және логикалық операцияларды қолдану;

5. негізгі элементтер бойынша мәтінді есте сақтау әдістемесі негізінде жадының көлемін арттыру мақсатында жедел жадты жаттықтыру;

6. адекватты мәдениетаралық диалог құру үшін шет тілінің иелері мен шет тілінде сөйлеушілер арасындағы мәдениетаралық коммуникацияның экстралингивистік факторларын талдау;

7. шетелдік мәдени социумдағы этикалық және адамгершілік мінез-құлық нормаларын теориялық негіздеу;

8. қарым-қатынастың жалпы және кәсіби салаларында, сонымен қатар аударма процесінде мәдениетаралық диалогты жүзеге асыру үшін стереотиптердің әсерін еңсерудің тиімді тәсілжерін жасау және қолдану.

М-3 Мәтіндердің тәжірбиелік аудармасы

Осы модульді сәтті аяқтағаннан кейін магистранттар төмендегі дағдыларды   игеруі тиіс:

1. адекватты дәйекті аудармаға қол жеткізу үшін аударманың әдіснамалық принциптері мен стратегияларын қолдану;

2. шетел тіліндегі түрлі жанрлы ауызша мәтіндерді қабылдау, зейінді дамыту техникасын қолдану және әзірлеу;

3. тізбекті қайта құруда впри баламалығына қол жеткізудің негізгі тәсілдерін теориялық негіздеу;

4. мнемотехниканы және логикалық операцияларды қолдану;

5. негізгі элементтер бойынша мәтінді есте сақтау әдістемесі негізінде жадының көлемін арттыру мақсатында жедел жадты жаттықтыру;

6. адекватты мәдениетаралық диалог құру үшін шет тілін тасушылар мен тасымалдаушылардың арасындағы мәдениетаралық коммуникацияның экстралингивистік факторларын талдау;

7. шетелдік мәдени социумдағы этикалық және адамгершілік мінез-құлық нормаларын теориялық негіздеу;

8. қарым-қатынастың жалпы және кәсіби салаларында және аударма процесінде мәдениетаралық диалогты жүзеге асыру үшін стереотиптердің әсерін еңсерудің тиімді қабілетін құру және қолдану.

М-4 Аударма саласы бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау, дипломатиялық протокол жазу және аудармашы этикеті

Осы модульді сәтті аяқтағаннан кейін магистранттар төмендегі   дағдыларды игеруі тиіс:

1. мәдениетаралық коммуникация бойынша алған білімдерін қандай да бір зерттелген тақырып шеңберінде аударма практикасында қолдану;

2. халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы экономикалық әрі заңдық аудармалардың ерекшеліктеріне талдау;

3. аударманың барабарлығына қол жеткізу тәсілдерін, аударманың қазіргі теориясы мен практикасы және мәдениетаралық коммуникация тұрғысынан лексикалық, грамматикалық және кешенді трансформациялардың түрлерін әзірлеу;

4. компрессия, ықтимал болжау тәсілдерін, терминдерді беру тәсілдерін, жиіліктік аударма сәйкестігін, клише, аударма нотациясының техникасы, заманауи ақпараттық технология құралдарын пайдалану;

5. аударма мәтінінің лексикалық баламалығының нормаларын, грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық нормаларын және бастапқы мәтіннің темпоралдық сипаттамаларын сақтай отырып ауызша аударманы жүзеге асыру;

6. аударма мен мәдениетаралық қарым-қатынастың өзара байланысын түсіндіру;

7. мәдениетаралық коммуникация және мәдениетаралық құзыреттілікті дамытудың негізгі ғылыми теорияларын талдау;

8. бастапқы мәтін мен аударма мәтініне лингвостилистикалық зерттеулер жүргізу.

М-5 Арнайы аударма

Осы модульді сәтті аяқтағаннан кейін магистранттар төмендегі   дағдыларды игеруі тиіс:

1. бір тілден екінші тілге синхронды аудару кезінде проблемалар мен қиындықтарды шешу үшін синхронды аударма теориясы мен практикасы негіздерін қолдану;

2. синхронды аударма жабдығын синхронды кабинадағы жүріс-тұрыс ережелеріне сәйкес пайдалану; синхронды аудармашының этикасын сақтау;

3. синхронды аударманың ең жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қарқынды ақыл-ой кернеулеріне перцептивті сапаны, назар аударуды, есте сақтауды, ойлау мен тұрақтылықты жүйелі түрде дамыту;

4. көпшілік алдында сөйлеу ерекшелігін талдау, аудиторияны меңгеру және аударма мәтінін фонетикалық безендіру (артикуляция, интонация, екпін, дыбыс деңгейі) және оларды тәжірибеде қолдана білу;

5. Әр түрлі күрделіліктегі аударма міндеттерін тиімді шешу үшін жобалық қызметті жоспарлау және ұйымдастыру;

6. іс-әрекет пен күнделікті өмірде алған білім мен іскерлікті дамыту: заманауи көпмәдениетті   әлемде бағдар беру үшін, басқа елдердің өкілдерімен   қарым-қатынас жасау; халықаралық форумдар мен келіссөздерді синхронды дәйекті аудару дағдыларын     көрсету;

7. аударма дағдылары мен техникасын жетілдіру арқылы кәсіби бағыттағы материалдардың жазбаша және ауызша түрлерін шет тілінен қазақ/орыс тілдеріне және қазақ\орыс тілінен шет тіліне аудару.

М-6 Құқықтық құжаттар және келіссөздер аудармасы

Осы модульді сәтті аяқтағаннан кейін магистранттар төмендегі   дағдыларды игеруі тиіс:

  1. аудармашының кәсіби этикасының және халықаралық сөйлеу этикетінің нормаларын сақтай отырып, халықаралық конференция жағдайында сапалы синхронды аударма жасау үшін, шет тілінде коммуникативтік дағдыларды (оқу, тыңдау) және өнімді дағдыларды (сөйлеу және жазу) пайдалану;

2. кәсіби аударма қызметі үшін экономикалық және заң мәтіндерінің ауызша және жазбаша аудармасын жүзеге асыру;

3. экономикалық және заң мәтіндерін аударудың барабарлығына қол жеткізу үшін әр түрлі аударма тәсілдерін пайдалану;

4. шет тілінде іскерлік келіссөздер жүргізу ерекшелігін ескере отырып, іскерлік коммуникация саласында ауызша аударма жасау;

5. халықаралық конференцияларда және басқа да халықаралық іс-шараларда тілдерді ілеспе аударма процесінің ерекшелігін ажырату;

6. халықаралық саяси келіссөздердің сапалы ауызша аудармасын жүзеге асыру үшін белгілі саясаткерлердің саяси терминдері мен сөздеріне авторлық талдауды қолдану;

7. іскерлік құжаттама мен дипломатиялық құжаттаманы аударуды жүзеге асыру;

8. шет тілінде іскерлік келіссөздер жүргізу ерекшелігін ескере отырып, іскерлік коммуникация саласында ауызша аударма жасау.

M-6 Аударма лингвистикалық зерттеулердің нысаны ретінде

Осы модульді сәтті аяқтағаннан кейін магистранттар төмендегі дағдыларды игеруі тиіс:

1. бастапқы мәтінде ақпаратты нақты шығару үшін ауызша жүйелі аударма орындау кезінде қысқартылған аударма жазу техникасын қолдану;

2. аударма мәтінінде модальд бекіту және беру тәсілдерін қолдану, ақша бірліктерінің, әлем елдерінің, пайдалы қазбалардың жалпы қабылданған белгілерін қолдан;.

3. әлеуметтік қатынастардың лингвистикалық маркерлері және адамның сөйлеу сипаттамасының маркерлері;

4. баламалы аударманы жүзеге асыру үшін мұнай-газ саласындағы терминологияны аудару ерекшеліктерін ажырату;

5. Шет және ана тілдерінде ғылыми-техникалық хат алмасу;

6. мұнай саласының проблемалары бойынша мәтіндерді реферативтік және ауызша аударманы қолдану;

7. аударма сәйкестігінің белсенді қорын кеңейту бойынша тұрақты ақпараттық-іздестіру жұмыстарын жүргізу;

8. іскерлік құжаттама мен хат-хабарларды аударуды жүзеге асыру және ақпараттық, компьютерлік және желілік технологияларды пайдалана отырып, іскерлік ақпаратты ұсыну.

3. Түлектердің кәсіби қызмет салалары

3.1 Түлектердің кәсіби қызметінің жоспарланған саласы

 

 

Кадрларды кәсіби қызметтің келесідей бағыттарында дайындау жоспарлануда:

білім және ғылым саласы;

мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынастар саласы;

халықаралық қатынастар саласы;

баспа ісі саласы;

бұқаралық ақпарат құралдары саласы;

ақпараттық талдамалық саласы;

өнер;

мәдениет;

мемлекетті басқару органдары;

ұйым қызметкерін басқару;

кәсіби қызметтің аралық түрлері және т.б.

3.2 БББ түлегі негізінен дайындалатын қызмет түрлері (мамандық)

Білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды дайындау «7М02304 - «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі» кәсіби қызметі саласына келесідей қызмет түрлері кіреді:

- аудармалық (халықаралық конференцияларды, келіссөздерді, кездесулерді ауызша, ізбе-із және ілеспе аудару);

- ұйымдастырушылық (ұйым және түрлі іс-шаралар өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдар құру;

- өнеркәсіптік-басқару (басқару немесе кәсіби міндетті атқару (шетелдік бірлескен кәсіпорындарға және ұйымдарға, отандық бөлімшелерге сәйкес түрлі аудармалар;

- ақпараттық-талдамалық (әлеуметтік-саяси талдаманы, іскерлік жазба құруды, есептерті, үлгілерді, жағдайды болжауды, аудармаларды редакциялауды жүзеге асыру).


 

3.3 БББ түлектеріне еңбек нарығындағы қажеттіліктеріне талдау

Бағдарламаның түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін, негізгі жұмыс берушілер:

Аударма бюросы;

Елшіліктер мен өкілдіктер;

Мәдениет министрліктері;

Халықаралық ұйымдар;

Әртүрлі ақпараттық-талдамалы қызметтер;

Туризм агенттіктері;

Баспа, сондай-ақ шет тілдері және аударма технологиялары бойынша мамандарға кәсіби білімі қажет басқа ұйымдармен кәсіпорындар:

  1. Қазақстанның жоғары оқу орындары;
  2. Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары;
  3. Алматы қаласындағы ағылшын тілі мектептері;
  4. ЖШС «DFI International»;
  5. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  6. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
  7. Қазақ-Британ техникалық университеті;
  8. Қазақ-Америка университеті (ҚАУ);
  9. Сүлеймен Демирел университеті;
  10. «КАТКО» ЖШС БК;
  11. Formbeton Group ЖШС;
  12. «AirAstana» АҚ;
  13. "Langberry" тіл мектебі
  14. Халықаралық қатынастар бойынша бөлімдер;

Білім беру бағдарламасы жұмыспен қамтудың нақты саласы үшін өзекті болып табылады:

  1. Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аудармашы;
  2. Ілеспе аудармашы;

   3. Аудармашы-референт

4. Абитуриентке қойылатын талаптар

 

Қабылдау ережесі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасына қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымына білім алуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.  

«6B020700 - Аударма ісі» мамандығы бойынша университеттің бакалавриат бағдарламасы «7М02304 - Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі» білім беру бағдарламасында магистратура үшін негізгі базасы болып табылады.

Магистратураға жоғары білім беру оқу бағдарламасын талаптарын орындаған тұлғалар қабылданады.

Магистратураға арналған құжаттар тек бұрынғы білім деңгейі бойынша талапкерлердің тиісті алғышарттары болған жағдайда ғана қабылданады.

Test of English as a Foreign Language бағдарламасы бойынша шет тілінен (ағылшан, француз, неміс) тест тапсыру туралы сертификат алған Қазақстан Республикасының азаматтары.

 

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), (TOEFL, өту балы - 560-тан кем болмауы қажет),

International English Language Tests System (IELTS, өту балы – 6.0-ден кем болмауы қажет),

Grundbaustein DaF (өту балы - С 1),

Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, өту балы - С 1),

Diplome d'Etudes en Langue français (DELF, өту балы - В 2), Diplome Approfondi de Langue français (DALF, өту балы - С 1),

Тest de connaisances de français (TCF, пороговый балл - не менее 400), шет тілі пәні бойынша қабылдау емтиханынан босатылады.

Осы мамандыққа арналған алғышарттар тізімі университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітіледі.

Магистратураға түсуші үміткерлер мамандығы және бір шеттілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша қабылдау емтиханын тапсырады. Магистратурада басқа шет тілдерінде (араб, қытай, түрік, жапон және т.б.) қабылдау емтиханын тапсыру туралы шешімді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қабылдау комиссиясымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің келісімімен жеке қабылданады.

 

Магистратураға түсу үшін: «Шет тілі: екі шет тілі» «Тіл білімі», «Шетел филологиясы» ұқсас мамандықтар болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру бағдарламасының модульдері бойынша құзыреттерді қалыптастыру матрицасы

(2.1-Қосымша)

Модуль атауы

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

А1

А2

А3

В1

В2

В3

В4

В5

С1

С2

С3

D

Аударма теориясы мен тәжірибесін заманауи оқыту әдістемесі

+

 

+

+

+

 

 

 

+

+

 

+

Ізбе-із аударма тәжірибесі

+

 

+

+

 

 

 

+

 

+

 

 

Жазбаша-ауызша аударма практикумы

+

 

+

+

 

 

 

+

 

+

 

 

Ғылыми мәтіндер аудармасы

+

 

+

+

 

 

 

+

 

+

 

 

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

 

+

 

+

+

+

+

+

 

 

 

 

Дипломатиялық құжаттама және протокол

+

+

 

+

+

+

+

+

+

 

 

+

Мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері

 

+

+

+

 

 

+

+

+

+

+

 

Ілеспе аударма тәжірибесі

+

+

+

+

+

+

+

+

+

 

 

+

Заманауи сот және әскери аудармасы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

 

 

+

Іскерлік келіссөздер мен конференция аудармасы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

 

 

+

Аудармашылық жазба техникасы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

 

 

+

Аударма және мәтін лингвистикасы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

 

 

+