Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

02.05.2023

Көрулер: 499

             Конференцияға шетелдік Франция,Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары және отандық ғалымдар, сонымен қатар, дипломатиялық қызмет және өкілдері – БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, Қазақстандағы Франция Республикасының бас консулы- ПАБРИС НЕВЕ,  Германия Федеративтік республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының ғылым және мәдениет жөніндегі атташесі- Вольфганг Фауст мырза қатысып өз ойларымен бөлісті. Конференция барысында саяси кеңістіктегі әйелдердің рөлі, гендерлік теңдік және теңсіздік, әйелдердің қоғамдағы рөлімен ықпалын арттыру,саясаттағы әйелдер дискурсы және әйелдердің саяси құқықтарының халықаралық құқықтық құжаттармен реттелуі тақырыптарында баяндамалар жасалып, қызу талқыланды. Шетелдік және отандық зерттеушілер Европа-Орталық Азия аспектісінде салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасап, саясаткер әйелдердің биліктегі үлесінің не себепті аздығына, саясатпен айналысу жолында кездесетін отбасылық, әлеуметтік және қоғамдық кедергілердің себеп-салдарын анықтады. Нәтижесінде гендерлік теңсіздікті жою, әйелдердің өоғамдағы рөлін арттыру, құқықтық тұрғыдан қорғау және саяси дискурсын жүйелі қалыптастыру үшін қажетті алғышарттарды жасады.

Аталған конференция шын мәнінде Европа мен Орталық Азияның саяси және мәдени көзқарастар тоғысына айналды. Қатысушылардың белсенділігі талқылауды одан сайын қыздырды. Нәтижесінде конференция барысында қызықты әрі өзекті деп танылған мақалалар Пуатье университетінің ғылыми журналында жарық көреді.