Алексей Евгеньевич Фоминыхтың «ЭКСПО-дипломатия: 1972-1979 жылдардағы КСРО-дағы американдық көрмелер ("Америка" Алматыда)" тақырбында қонақ дәрісі

22.09.2023

Көрулер: 315

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Халықаралық қатынастар факультетінде

Алексей Евгеньевич Фоминыхтың «ЭКСПО-дипломатия: 1972-1979 жылдардағы КСРО-дағы американдық көрмелер ("Америка" Алматыда)" тақырбында қонақ дәрісін оқыды. Тақырып тыңдаушылар арасында шыңайы қызығушылық оятты, АҚШ пен КСРО – ның мәдениетаралық коммуникацияның ерекше түрі - көрме арқылы жақындасуы және "темір перде" кезеңіндегі дипломатия кезеңі туралы көптеген сұрақтар мен ойлар айтылып, қызық сұхбат орын алды. Екі жүйенің халықтарын таныстыруда фотосуреттер, плакаттар, ғылым, техника, мәдениеттегі жетістіктер арқылы американдық және кеңестік көрмелер өзіндік виртуалды рөл атқарды.

1960-1970 жылдардағы "Алма-Ата" кейсі және біздің қаламыздағы "АҚШ көрмелері” ерекше қызығушылық тудырды. Алексей Евгеньевич АҚШ мұрағатында жұмыс істей отырып, американдық фотографтар жасаған біздің қала туралы көптеген маңызды құжаттарды тапты.

А.Е. Фоминых саяси ғылымдары кандидаты, Мари мемлекеттік университетінің мәдениетаралық коммуникация кафедрасының доценті, Йошкар-Ола қ. (Ресей). А.Е. Фоминых халықтар мен елдердің жақындасуындағы халықаралық көрмелердің рөлін зерттейтін, Ресей, АҚШ, Еуропа ғылыми мекемелері мен университеттерінде маманданған, ҚазҰУ-дың Германдық зерттеулер орталығымен жобаларда ынтымақтасатын қоғамдық дипломатия және мәдениетаралық коммуникациялар саласындағы халықаралық мамандардың бірі болып табылады.

Ұйымдастырушы: ҚазҰУ ГЗО (проф. М.Ш. Губайдуллина).