Әлемдік экономика бойынша VI Халықаралық қашықтықтан олимпиадасы

17.05.2023

Көрулер: 503

15-16 мамыр аралығында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика және Халықаралық бизнес кафедрасы білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру және дарынды студенттердің кәсіби өсуіне жәрдемдесу мақсатында әлемдік экономика бойынша VI Халықаралық қашықтықтан олимпиада өткізілді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің әлемдік экономика мамандығының 3 курс студенттері жеңімпаз атанды. Орынбекова Айғаным, Өсер Диас, Аппаз Нұрмұхаммед, PhD. докторы А.В. Хамзаеваның ғылыми жетекшілігімен.