«6D051300 – Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасы
Халықаралық аккредитация: FIBAA
Бағдарлама: «6D051300 – Әлемдік экономика»
Оқу дәрежесі: PhD докторантура
Емтихандары: шет тілі (тест), мамандық бойынша түсу емтиханы (жазбаша)
Оқу түрі: күндізгі
Кәсіби белсенділік түрлері:
Кәсіби бейін бойынша докторлар келесідей кәсіби белсенділік түрлерін орындай алады:
- талдамалық;
- әкімшілік-басқарушылық;
- сараптау – кеңестік.
Философия (PhD) бойынша докторлар келесідей кәсіби белсенділік түрлерін орындай алады:
- педагогикалық;
- ғылыми-педагогикалық;
- талдамалық;
- әкімшілік-басқарушылық;
- сараптау – кеңестік.
Кәсіби пәндер:
- Микроэкономика,
- Макроэкономика,
- Халықаралық макроэкономика,
- Әлемдік экономика
Білім берудің артықшылықтары:
Кәсіби ағылшын тілін меңгерген, халықаралық экономикалық қатынастар және әлемдік экономика саласында терең білімді болған жоғары білікті экономиист; ақпаратты жинақтай және жоспарлай, талдай алатын, күрделі ғылыми мәселелерді шеше алатын және жаңа идеяларды түрлендіре білетін, өз бетімен ойлай алатын және жасампаз қабілетті маманды; жетекші халықаралық экономикалық ынтымақтастық, мемлекеттік және мемлекетаралық органдар мен мекемелердегі, барлық экономика бөлімдерінің ұйымдары мен кәсіпорындарындағы қызметтерін орындайтын халықаралық саясат білгірі-экономист; ЖОО-да оқыта алатын, әлемдік экономика дамуының күрделі жағдайларында өз бетімен ғылыми зерттеулерді жүргізе алатын маманды дайындау.
Халықаралық байланыстар:
- Ломоносов атындағы ММУ;
- Кадис Университеті (Испания);
- Канзас штаты Университеті, Лоуренс (АҚШ);
- Бонн университетінің Еуропалық интеграцияны Зерттеу Орталығы (ZEI);
- Ресей халықтар Достығы Университеті (РУДН);
- Синьцзян Университеті
Тәжірибе өткізу және болуы мүмкін жұмысқа орналасу орындары:
Докторлық бағдарлама ең алдымен, халықаралық экономикалық қатынастар және әлемдік экономика аясындағы жұмысқа талап етілген білімді және құзыретті болған халықаралық саясат білгірі-мамандарды дайындауға бағытталған. Сонымен қатар, ТҰК және ТҰБ, халықаралық экономикалық қатынастармен айналысатын ұйымдар, сыртқыэкономикалық қызметтермен айналысатын ұйымдар, отандық және шетелдік компаниялар, ғылыми-зерттеу орталықтары, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарындағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағдарланған.