Студенттік өмір.

 

Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасы студенттерінің Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының әлеуметтік дәрігерімен онлайн-кездесу

«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында, сондай-ақ студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлыққа қарсы деструктивті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы студенттер мен Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының әлеуметтік дәрігері Үсенул Мадина Мешірқызы «АИТВ-инфекциясының алдын-алу» тақырыбында онлайн-кездесуі ұйымдастырды. Дәрілер студенттерге «АИТВ-инфекциясының алдын-алу» туралы арнайы дәріс оқыды.

  Аталған іс-шараның қатысушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті мен заң факультетінің студенттері, сонымен қатар Халықаралық бизнес университетінің «Логистика» мамандығының студенттері болды.

  Бұл танымдық іс-шара тыңдаушыларға адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтыру жолдарын түсіндіру, АИТВ-инфекциясын жұқтырмау жолдары туралы білім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларымен таныстыру, АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқастарға дұрыс көзқарасты қалыптастыру мақсатында өткізілді.

  Кездесу барысында ЖИТС орталығының өкілі вирустың таралу жолдары, оның адам ағзасында даму ерекшеліктері, алдын-алу шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып, тегін тексеруден өтуге болатындығын кеңес етті, сонымен қатар барлық студенттердің сұрақтарына жауап берді. Тыңдаушылар адамның иммунитетін жоятын қатерлі ауру мен оның дамуына әкелетін вирус туралы көптеген пайдалы және жаңа ақпарат алды. Сондай-ақ, ерекше қызығушылық танытқан студенттер Кумарова Асем мен Абишева Аружан онлайн-кездесу тақырыбы бойынша презентациялар дайындап, баяндамалар жасады. Онлайн-кездесудің ең маңызды нәтижесі – әрбір тыңдаушының өзі үшін жауапкершілікті мінез-құлық және салауатты өмір салтын ұстану АИТВ-ның алдын-алуға негіз болатындығы туралы қорытынды жасағаны.

   

   

   

 

Президенттік стипендиясына ие болумен құттықтау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы "Халықаралық құқық" мамандығының 4 курс студенттерін Тасан Саят, Абдуллина Ақмарал және Нигметова Диляраны Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болғандарымен құттықтай отырып, оқуда табыс пен жаңа жеңістер тілейді. Жарайсыздар!

Халықаралық заңгер - жаңа формацияның маманы

2020 жылдың 17 қарашасында халықаралық құқық кафедрасы кафедраның 30 жылдығы мен халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығы аясында "Халықаралық заңгер - жаңа формацияның маманы" тақырыбында пікірталас өткізді. 

Пікірталасқа "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ шақырылған қонақ, ҚР СІМ халықаралық-құқықтық департаментінің директоры Николай Владимирович Жұмақанов қатысты.

Пікірталастың негізгі мақсаты: "халықаралық құқық" бағыты мен халықаралық заңгер мамандығын танымал ету.

Пікірталасқа қатысушылар халықаралық құқықтың мамандануына және Қазақстандағы халықаралық құқықтың даму үрдісіне және оның әлемдегі перспективасына қатысты өзекті мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдірді.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Халықаралық құқық бойынша Республикалық олимпиадада жеңіске жетті.

  28 қараша 2020 ж. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Халықаралық құқық бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтті. Биыл Республикалық пәндік олимпиада әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізілді. Алайда, бұл жағдай оның сапасына әсер еткен жоқ. Бұл жерде олимпиаданы ұйымдастырушылар - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің кәсіби көзқарасы мен жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өткен жөн. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Әр команда бес адамнан тұрды.  Олимпиаданың мақсаты-талантты студент жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамыту.

  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары дайындаған команда келесі студенттерден тұрды: Талгатова К., Ерболов Д., Абдуллина А., Мереке Б., Абдыкасым К. Олардың барлығы жоғары үлгерімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Команда жаттықтырушысы-PhD докторы Нысанбекова Л. Б.

  Біздің команда "Халықаралық жария құқық" пәні бойынша қазақ тіліндегі тест тапсырмалары бойынша да, "Халықаралық жеке құқық" пәні бойынша кейстердің шешімі бойынша да барлық үш турдан аса шығынсыз өтіп, жоғары нәтижелер көрсетті, сонымен қатар, турлардың бірі "Халықаралық жария құқық" пәні бойынша ағылшын тіліндегі блиц-сауалнама түрінде болды.

  Олимпиаданың қорытындылары жеке сынақ бойынша шығарылды.

  Бірінші, екінші, үшінші орынды жеке есепте әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "Халықаралық құқық" мамандығының студенттері Талгатова К. бірінші дәрежелі дипломмен, Абдуллина А.-екінші дәрежелі дипломмен және Мереке Б. - үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл халықаралық құқық кафедрасы мен халықаралық қатынастар факультетінің мерейтойына орай көптен күткен тосын сый болды.

  Келесі Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде өтеді.

Тіл- татулық тірегі

2020 жылдың 2 қазанында Халықаралық қатынастар факультетінде "Тіл - татулық тірегі" жалпы университеттік тілдер фестивалі аясында Қазақстан Республикасының  Тілдер күніне арналған "Тіл-татулық тірегі" онлайн-фестивалі өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар-дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты  Смагулова К.К. және "халықаралық қатынастар" мамандығының 3 курс студенттері. "Тіл - татулық тірегі" іс-шарасының бағдарламасында қазақ, қытай, ағылшын, испан тілдерінде әндер орындалды, сондай-ақ студенттердің поэтикалық өнері көрсетілді. Халықаралық қатынастар факультетінде сөз өнерін бағалай алатын талантты студенттер көп. Бірінші болып ХҚ мамандығының 3 курс студенті Балуанова Аружан сөз сөйледі. Ол ағылшын тілінде "451 градус по Фаренгейту" кітабынан үзінді оқыды. Испан тілі-әлемдегі ең әдемі тілдердің бірі, ол жақсы естіледі және испан тілін біздің факультетте көптеген студенттер оқиды. Солардың бірі-Сайранбекова Ақмарал Ф.Г., Лорка "La sombra de mi alma". Біздің келесі қытайлық достарымыз Лян Юань мен Лян Шу қытай тілінде өлеңдер оқып, ән айтты. Кеш "Халықаралық қатынастар" мамандығының 3 курс студенті М.Рахимдильдаеваның өлеңдерімен жабылды.

Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен оқытушылары университет пен аймақтың барлық іс-шараларына қатысады, сонымен қатар көрме

жұмыстарын ұйымдастырады. Эдвайзерлер академиялық топтардың кураторлары ретінде университеттің, факультеттің және кафедраның әлеуметтік-тәрбие

жұмысының жоспарына сәйкес жұмыс жүргізеді. 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Байзақова Құралай Ертісқызының авторлығымен АҚШ-тағы Абайдың виртуалды орталығында ұлы ойшылдар Әл-Фараби мен Абай туралы мақала жарияланды. Басылым әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығын мерекелеуге арналған.

 

Конференция тақырыбы: БҰҰ-ның 75 жылдығы, тарихы мен тенденциялары. 

Спикерлер:ҚР-дағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің басшысы Властимил Самек 

ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Думан Жекенов 

Пан Ги атындағы Тұрақты даму институтының бағдарламалар үйлестірушісі Бибіназ Алманова. 

Ұйымдастырушы: Бакирланова Айзада Нурлановна, ҚазҰУ ХҚФ жанындағы БҰҰ ақпараттық орталығының басшысы.

 

Логотип сипаттамасы 

1. Мәтін

1.1 Университет атауы: Al-Farabi Kazakh National University

1.2 Фаультет атауы: International Relations Department

1.3 Факльтет негізінің қалау жылы: 1995

2. Бейнелер

2.1. Кең мағынада

2.1.1. «Глобус» – Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың мақсаттарын қолдайды.

2.1.2. «Арка» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рәміздерінің бірі.

2.1.3. «Қол алысу» – татулық пен ынтымақтың нышаны.

2.1.4. «Кітаптар» – білім көзінің нышаны.

2.1.5. «Дәстүрлі ою» – ұлттық дәстүрлерге деген тағзым мен құрмет.

2.2. Тар мағынада

2.2.1. «Глобус» – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және халықаралық қатынастар факультеті әрқашан әлемдік деңгейдегі жетістіктерді бағындыруға деген ұмтылысы.

2.2.2. «Қол алысу» – бұл бейнеде халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы тұспалданған: сәйкесінше, халықаралық келісім және мәміле жасау бейнеленген.

2.2.3. «Арка және бағаналар» – бұл бейнеде халықаралық құқық кафедрасы тұспалданған, себебі бұл бейне мемлекет және құқық нышандарын кейіптейді.

2.2.4. «Сөздіктер» – бұл бейнеде дипломатиялық аударма кафедрасы тұспалданған, сөздік тілді үйрену көзі ретінде бейнеленген.

2.2.5. «Дәстүрлі ою» – Қазақстанның дамуы мен гүлдену игілігі үшін іс-әрекет.

3. Түс бояғышы

3.1 Фон

3.1.1 Фон түсі: Classic Blue (Классикалық көк) 19-4052.

3.1.2 Түстің сипаттамасы: Бұл тұрақты көк рең, бейбітшілік, сенімділік және ортақтастық сезімін нандырады, біздің болшағымызды құрастыру үшін тіректі де тұрақты іргетастқа мұқтаждығымызды айрықша білдіреді.

3.1.3 2020-шы жылы бұл түсті Pantone компаниясы үздік деп таныды.

3.2 Мәтін және бейнелер

3.2.1 Мәтін және бейнелер түсі: Mimosa (Мимоза) 14-0848.

3.2.2 Түс сипаттамасы: Сары түс күннің жылулы мен қамқорлығын кейіптейді, яғни біз, адамдар, жаратылысымыздан тартымды санайтын қасиеттер. Сонымен қатар, Mimosa сергектенуді бейнелейді, себебі бұл рең, қиял мен инновацияны құмарландырады.

3.2.3 2009-шы жылы бұл түсті Pantone компаниясы үздік деп таныды.

Автор: Тлеубеков Султан

 

 

2020 жылдың 11 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінде профессор Каримжан Нурумович Шакировқа Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығы мерекелік медалі табысталды

 

2020 жылдың 4 қыркүйегінде, Zoom платформасында, бағдар беру апталығы аясында Халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттерімен кезекті кездесуі өткізілді. ХҚФ дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдикенова Алмаш Смайылқызы бірінші курс студенттеріне оқу кезеңінде шет тілдерін таңдау мәселелерін түсіндірді. Кездесуде, сондай-ақ, DAAD дәріс берушісі және неміс тілінің оқытушысы Торстен Кеслер, және француз және ағылшын тілдерінің оқытушысы, Страсбург университетінің түлегі Жереми Лонжон сөз сөйледі. Кездесу модераторы факультеттің аға куратор-эдвайзері Тлеубеков С.Т.

 

2020 жылдың 3 қыркүйегінде Zoom платформасында бағдар беру апталығы аясында Халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курс студенттерімен кездесу өткізілді. Бірінші курс студенттерімен кездесуде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінің төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы ҚазҰУ студенті туралы ережесі мен ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексінің ережелерімен таныстырды. Кездесу барысында бірінші курс студенттері ХҚФ топ эдвайзерлерімен және аға-эдвайзерімен танысты.

 

1 қыркүйекте бірінші курс студенттерімен кездесу өтті

18 маусым 2020 жылы "халықаралық құқық" мамандығы бойынша магистерлік диссертациялар қорғалды.