Анонстар

Халықаралық ғылыми онлайн-конференция III Ибрашев оқулары "ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ: ДАМУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ»

19.11.2020

         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуразиялық зерттеулер орталығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, Еуразия-Поволжье ақпараттық - талдау орталығы сіздерді 2020 жылғы 24 қарашада сағат 14.00-де әл - Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында өтетін III Ибрашев оқулары "ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ: ДАМУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ СЫН-ҚАТЕРЛЕР" халықаралық ғылыми конференциясына (онлайн) қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

18.11.2020

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                                                                                    

 Құрметті әріптестер!

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы  халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына және халықаралық құқық кафедрасының 30 жылдығына арналған "Жоғары оқу орындарындағы білім сапасын қамтамасыз етудің заманауи технологиялары" атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция жұмысына қатысу үшін жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары, магистранттары, докторанттары шақырылады. Конференцияны өткізудің мақсаты жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің қазіргі жай-күйі мен негізгі даму үрдістерін бағалау болып табылады. Конференция аясында заманауи талаптарға сәйкес оқытудың барлық деңгейіндегі мамандарды кәсіби даярлаудың оқу-әдістемелік мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндамаларды (тезистерді) ресімдеуге қойылатын талаптар
3-10 беттен тұратын мақала Winword мәтіндік редакторында, Times New Roman шрифтімен терілуі керек; жоларалық интервал 1,0. кегль 12, сол жақта – 2 см, оң жақта – 2 см, төменгі және жоғарғы жағында-2 см. Бірінші парақтың ортасында атауы бас әріптермен, интервал арқылы тегі және аты-жөні, ғылыми дәрежесі және ғылыми лауазымы, автордың жұмыс орны, эл. мекен-жайы, 1 интервалдан кейін-мақала мәтіні (0,8 шегініс). Әдеби дереккөздерге сілтемелер қолданыстағы стандарттарға сәйкес көрсетіледі, н-р: [1; 5]. Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында негізгі мәтіннен 1 интервалдан кейін беріледі. Файлдың атауында автордың тегін көрсету қажет. Жарияланатын жұмыс редакциялауға жатпайды және автормен редакциялануы тиіс. Ұсынылған материалдың сапасына автор өзі жауапты болады. Бір мақалада 2 автордан артық болмауы керек.

Қатысу шарттары

Қатысу нысаны - сырттай (жинақта қатысу нысаны көрсетілмейді). Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 30 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне конференцияға қатысушының сауалнама-өтінімін және баяндама мәтінін электронды нұсқада ұсыну қажет.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті:  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы.

Конференцияның өтетін күні - 2020 жылғы 30 қараша.

Конференция нәтижелері бойынша материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда (ISBN, УДК).
Мақалалар электрондық поштаға жіберіледі: almagul.tusupova 2016 @ gmail.com
Анықтама телефоны: моб. тел. 87778921771 - (Тусупова А.Ж. – з. ғ. к., доцент)

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

10.11.2020

Сіздерді халықаралық қатынастар факультеті 2020 жылдың 12 қарашасында өтетін «Заманауи халықаралық қатынастардағы Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры астында» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына шақырады.

Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Конференция барысында заманауи халықаралық қатынастардағы, сыртқы саясат пен дипломатиядағы, халықаралық құқық, әлемдік экономика, халықаралық аймақтану және жаһандану мен цифрлық технология кезеңіндегі елтану мәселелері және шет тілдерін оқытудың өзекті әдістері талқыланады.

Сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық аренада Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық бағытының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси бағдары және дипломатиясымен сабақтастығына талдау жүргізеді.

Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға Қазақстан мен ТМД елдері, алыс шетелдердегі ғылыми - сараптамалық қауымдастықтардың жетекші өкілдері, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, ҚР СІМ, шетелдік елшіліктер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Конференция жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Конференцияны өткізу орны және форматы: Алматы қаласы, ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, онлайн.

Конференцияны өткізу уақыты: 14.00-16.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен)

Қатысу үшін келесі байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 (707) 748 01 26 немесе мына электрондық мекенжай бойынша хабарласыңыз: Syrym.Parpiyev@kaznu.kz; pmsacademic@gmail.com.

Парпиев Сырым Маратович

Құрметпен,

конференция ұйымдастыру комитеті

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінің студенттік деканы сайлауы

30.10.2020

ХҚФ жаңа студенттік деканы ретінде өз кандидатурасын ұсынғысы келетін студенттерден өтінімдер қабылдау жарияланады.
Ниет білдірген студенттер 2020 жылдың 1 қарашасына дейін өз кандидатурасын ұсыну туралы өтініш жіберуі керек.
Үміткерге өтініш формасы - microsoft word құжатының форматы.- Аты-жөні толығымен;- Курс, мамандық, бөлім;- Ағымдағы GPA рейтингі;- Өзі туралы қысқаша сипаттама (1-2 сөйлем);- Жеке жетістіктері және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысуы туралы ақпарат.
Сайлау форматы кейінірек жарияланады.
Өтінімдер келесі мекен-жай бойынша қабылданады:email: sultan.tleubekov@kaznu.kzwhatsapp: +7 701 739 2023

Ары қарай оқу >>

Назар аударыңыз! Құрметті әріптестер!

24.10.2020

Факультетіміздің 25 жылдығына орай "Үздік эдвайзер", "Үздік оқулық және оқу құралы", "Үздік силлабус" байқаулары жарияланды.Барлық ақпарат төменде "Құжаттама" бетіндегі сілтеме бойынша орналасқан  УМКД каз.docx Учебник каз.docx

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына орай факультет докторанттары мен магистранттары арасында «ХҚФ-нің ең үздік докторанты 2020» және «ХҚФ-нің ең үздік магистранты 2020» байқаулары жарияланады. Байқауға әл-Фараби атындағы

23.10.2020

      ХҚФ-нің ең үздік докторанты 2020» байқауына қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар төмендегіше:

 

  1. Ғылыми метрикалық көрсеткіштері:

1)      SCOPUS, SCOPUS Proseedings, Web of Science базасында жарияланған мақалаларының болуы (процентиль, квартиль, Хирш көрсеткіштері қаралады);

2)      КОКСОН базасында жарияланған мақалаларының болуы;

3)      Ғылыми конференцияларға қатысуы (Қазақстан деңгейінде, халықаралық деңгейде);

 

  1. Оқу үлгерімі:

1)      Үздік бағалары саны (транскрипт бойынша);

2)      GPA деңгейі (транскрипт бойынша);

 

  1. Жеке көрсеткіштері:

1)      Халықаралық деңгейдегі олимпиада немесе байқаулардағы жетістіктері (ғылыми, пәндік, спорттық, мәдени т.б. байқаулар есепке алынады);

2)      Қазақстан деңгейіндегі олимпиада немесе байқаулардағы жетістіктері (ғылыми, пәндік, спорттық, мәдени т.б. байқаулар есепке алынады);

 

 

      «ХҚФ-нің ең үздік магистранты 2020» байқауына қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар төмендегіше:

 

  1. Ғылыми метрикалық көрсеткіштері:

1)      КОКСОН базасында жарияланған мақалаларының болуы;

2)      Ғылыми конференцияларға қатысуы (Қазақстан деңгейінде, халықаралық деңгейде);

 

  1. Оқу үлгерімі:

1)      Үздік бағалары саны (транскрипт бойынша);

2)      GPA деңгейі (транскрипт бойынша);

 

  1. Жеке көрсеткіштері:

1)      Халықаралық деңгейдегі олимпиада немесе байқаулардағы жетістіктері (ғылыми, пәндік, спорттық, мәдени т.б. байқаулар есепке алынады);

2)      Қазақстан деңгейіндегі олимпиада немесе байқаулардағы жетістіктері (ғылыми, пәндік, спорттық, мәдени т.б. байқаулар есепке алынады);

 

v  Байқауға қатыстысушы үміткерлер жоғарыда көрсетілген талап бойынша қажетті көрсеткіштерін pmsacademic@gmail.com электронды почтасына жолдауы қажет.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына орай факультет куратор-эдвайзерлері арасында «ХҚФ-нің ең үздік куратор-эдвайзері 2020» байқауы жарияланады.

23.10.2020

      «ХҚФ үздік куратор-эдвайзері» байқауына қойылатын талаптар:

 

1. Кафедра мен факультеттің тәрбие жұмысы жоспарын орындау

- кураторлық сағаттарды* тұрақты түрде өткізу және өткізілгені туралы есептер беру (Word форматында, скриншоттармен) - айына кемінде бір рет;

- жоспарда көзделген іс-шараларды* өткізу және оны өткізу туралы есептер беру (Word форматында, скриншоттармен);

- 2020-2021 оқу жылының әр семестрі бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылау (2021 ж. 25 қаңтарына дейін және 2021 ж. 9 мамырына дейін) - есептерді Word форматында ұсыну.

* карантинге байланысты іс-шаралар жазбалары сақталып, онлайн форматта өткізілуі керек. Іс-шаралар жазбалары www.youtube.com веб-сайтына жүктеліп, жиналыс сілтемелері көрсетілген электрондық поштаға жіберілуі керек.

 

2. «Факультеттің студенттік өмірін жетілдіру» тақырыбына эссе жазу

- Microsoft Word форматы, Times New Roman шрифті, өлшемі 14, бір интервал, абзац шегінісі 1.25; қырлары: сол жақта - 3, оң жақта - 1,5, жоғарғы және төменгі бөліктерде - 2.

- Эссенің көлемі 4 беттен аспауы тиіс.

- Куратор-эдвайзердің аты-жөні жоғарғы оң жақ бұрышта көрсетілуі тиіс.

 

3. Басшылықтың нұсқауларын орындау

- басшылықтың нұсқауларын жұмыс тәртібінде орындау.

 

Барлық есептер мен эсселер ХҚФ аға куратор-эдвайзері электрондық поштасына жіберілуі керек: sultan.tleubekov@kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

23.10.2020

Халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына арналған

«Заманауи халықаралық қатынастардағы Қазақстан: Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиясы» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы

(12 қараша 2020 ж.)

 

Сіздерді халықаралық қатынастар факультеті 2020 жылдың 12 қарашасында өтетін «Заманауи халықаралық қатынастардағы Қазақстан: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиясы» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына шақырады.

Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Конференция барысында заманауи халықаралық қатынастардағы, сыртқы саясат пен дипломатиядағы, халықаралық құқық, әлемдік экономика, халықаралық аймақтану және жаһандану мен цифрлық технология кезеңіндегі елтану мәселелері және шет тілдерін оқытудың өзекті әдістері талқыланады.

Сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық аренада Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық бағытының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саяси бағдары және дипломатиясымен сабақтастығына талдау жүргізеді.

     Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға Қазақстан мен ТМД елдері, алыс шетелдердегі ғылыми - сараптамалық қауымдастықтардың жетекші өкілдері, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, ҚР СІМ, шетелдік елшіліктер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

 

Конференция жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Конференцияны өткізу орны және форматы: Алматы қаласы, ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, онлайн.

Конференцияны өткізу уақыты: 14.00-16.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен)

 

 

 

Қатысу үшін келесі байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 (707) 748 01 26 немесе мына электрондық мекенжай бойынша хабарласыңыз: Syrym.Parpiyev@kaznu.kz; pmsacademic@gmail.com. Парпиев Сырым Маратович

 

Құрметпен,

конференция ұйымдастыру комитеті

Ары қарай оқу >>