Тіл – тәуелсіздік тұғыры

22.09.2023

Көрулер: 325

2023 жылдың 22 қыркүйегінде дипломатиялық аударма кафедрасында әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенттерімен "Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма" мамандығы бойынша "Тіл-тәуелсіздік тұғыры" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. 

 

1 курс студенттері танымдық викторина дайындады. Студенттер викторинаға қатыса отырып, өз халқының тілі, мәдениеті мен салт - дәстүрін білу деңгейін көрсетті. Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақ және орыс тілін емес, сонымен қатар шет тілдерін де жетік меңгерген әр түрлі ұлт өкілдері білім алуда және осындай іс-шаралар арқылы біз Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілі мен мәдениетіне құрмет көрсете аламыз. Мерекелік іс-шараны қорытындылай келе 1 курс тобының кураторы доцент А. С. Смағұлова сөз сөйледі. Дипломатиялық аударма кафедрасы қатысқан университеттің барлық студенттері мен оқытушыларына алғыс білдіреді.