Шығыс Финляндия университетінің профессоры Пол Фрайердің (Paul FRYER) “Трансшекаралық проблемалар: көші-қон және диаспоралар" тақырыбындағы қонақ дәрісі

21.09.2023

Көрулер: 300

20 қыркүйекте Шығыс Финляндия университетінің профессоры Пол Фрайердің (Paul FRYER) “Трансшекаралық проблемалар: көші-қон және диаспоралар" тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті. Талқылауға ХҚФ студенттері мен жас ғалымдары, сондай-ақ Анна Новикова (Баск елі университеті, Бильбао) және Флориан Коппенрат (Гумбольдт университеті, Германия) қатысты. Сонымен қатар,

Пол Фрайер ХҚФ докторанттары үшін зерттеу әдістемесі бойынша мастер-класс өткізді, тұрақты даму және экологиялық көші-қон мәселелері, трансшекаралық өзендер мәселелері және өңірлік ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Йоэнсуу қаласы, Шығыс Финляндия университетінің Әлеуметтік ғылымдар және бизнес факультетінің географиялық және тарихи зерттеулер кафедрасының профессоры Пол Фрайер Германдық зерттеулер орталығының жобалары аясында ынтымақтасады, ХҚФ докторантының ғылыми кеңесшісі болып табылады.

 

Ұйымдастырушы: ХҚФ ГЗО, ҚазҰУ (проф. М. Ш. Губайдуллина)