Жаңалықтар

Факультет ғалымы «Дипломатиялық қызметке – 30 жыл» медалімен марапатталды

26.01.2023

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы Мәшімбаева Гүлмира Амангелдіқызын «Дипломатиялық қызметке – 30 жыл» медалімен марапаттады. Ғалымға атаулы марапатты ҚР СІМ Алматы қаласы өкілдігінің басшысы Бақытжан Бөлегенов табыстады.

Ары қарай оқу >>

Гавр университітімен (Франция) әріптестік одан әрі дамиды

25.01.2023

2023 жылдың қаңтар айының 25 жұлдызында Францияның Гавр университетінің мәдени, тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Жан-Ноэль Касторио (Jean-Noël Castorio) мен Іргелі құқықтар, халықаралық алмасулар және теңіз құқықтарын зерттеу лабораториясының (LexFeim) директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Еуропалық құқық» ғылыми орталығының тең құрылтайшысы, с.ғ.д., профессор Пьер Шабаль (Pierre Chabal) халықаралық қатынастар факультетіне іс-сапармен келді.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналы «2022 жыл үздіктерін» анықтады

23.12.2022

2022 жылдың 23 желтоқсанында Халықаралық қатынастар факультетінде «ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналының үздік ғылыми мақаласы – 2022» байқауы өз мәресіне жетіп, байқаудың жеңімпаздары мен номинанттарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Факультет Лион жоғары қалыпты мектебімен (ENS Lyon) ынтымақтастықты дамытады

14.12.2022

14 желтоқсанда халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен ҚазҰУ факультеттер өкілдері мен Францияның Лион қалыпты жоғары мектебі (École normale supérieure de Lyon, ENS Lyon) өкілдерінің онлайн-кездесуі болып өтті.

Ары қарай оқу >>

British Council өкілдерімен кездесу өтті

13.12.2022

2022 жылдың 19 желтоқсанда Халықаралық қатынастар факультетінде British Council ұйымының Орталық Азия бойынша емтихан бизнесінің жетекшісі Жанар Рахимжанова мен Емтихан бизнесін дамыту координаторы Луиза Ахмеджанова ресми іс-сапармен келді.

Ары қарай оқу >>

Францияның Қазақстандағы Елшілігінің ынтымақтастық және білім жөніндегі аймақтық атташесі Ксавье Ле Торривеллек факультетке келді

13.12.2022

13 желтоқсанда Халықаралық қатынастар факультетінде Француз Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің ынтымақтастық және білім жөніндегі аймақтық атташесі Ксавье Ле Торривеллек мырза іс-сапармен келді. 

Ары қарай оқу >>

Бирмингем университетінің түлектерге диплом тапсыру рәсімінен

07.12.2022

Проф. Сейдикенова Алмаш Смайылқызы Бирмингем университетінің түлектерге диплом тапсыру рәсімінің құрметті қонағы ретінде Бирмингем университетінің профессорларымен тең дәрежеде салтанатқа қатысу мәртебесіне ие болды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні және Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел

02.12.2022

2-желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ туралы Академиялық аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні және Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел» атты халықаралық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Факультет студенттері Францияда ҚР ЖБҒМ Вице-министрі мен кездесті

29.11.2022

29-қараша күні Франциядағы Қазақстан Елшілігінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Францияның  Бордо саяси зерттеулер институтында (Sciences Po Bordeaux)  білім алып жатқан Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің вице-министрі Ерғалиев Қуаныш Асылханұлымен кездесті.

Ары қарай оқу >>