Дәстүрлі «Фараби әлемі»

10.04.2023

Көрулер: 481

2023 жылдың 7 сәуірінде  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми жұмыстарына арналған дәстүрлі түрде өтетін «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.  

«БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҺАНДАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ» секциясы бойынша

6B02311 «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» мамандығы бойынша 2 курс студенті Мұрат Айдана I орын иеленді;

7М02304 «Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма» мамандығының 1 курс магистранттары Тастанова Раушан, Мұратбек Назия II орын иеленді;

6B02311 «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» мамандығы бойынша 2 курс студенттері Меңлібек Ақерке, Берикова Аружан, Өмірзақ Диана III орын иеленді.

«Ғылымға алғашқы қадам» номинациясы бойынша 6B03104 «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1 курс студенттері Сабит Максат, Зарлыхан Медина марапатталды.

«Зерттеуге ерекше көзқарас»номинациясы бойынша 6B02311 «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» мамандығы бойынша 2 курс студенттері Сейдалы Нұрай, Джайлибаева Айгерим, Бекасылова Аяулым және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті Нурмаханова Айжан марапатталды.