Жаңалықтар

Хаджиева Л.А. 2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» байқауының жеңімпазы атанды

30.01.2023

2022 жылдың «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының қорытындысы жарияланды. Ғылыми-зерттеу институты мен жоғарғы оқу орындарының 50 ғалымы аталмыш байқаудың жеңімпаздары атанды.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінің 4 оқытушысы «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды

27.01.2023

«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атты жарыстың жеңімпаздары анықталды. Республикалық конкурс комиссиясы өз саласындағы үздіктерді таңдады. Аталмыш жарысқа 71 жоғары оқу орнынан 771 үміткер қатысты.

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 4-КУРС СТУДЕНТТЕРІ AGH UST УНИВЕРСТЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН 2-ШІ SPINAKER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26.01.2023

Механика-математика факультетінің механика мамандығының 4-курс студенттері 2022 жылдың желтоқсан айының 8 мен 18-і аралығында Краков қаласында AGH UST универстетінің ұйымдастыруымен өткен 2-ші SPINAKER халықаралық білім беру бағдарламасына қатысты.

Ары қарай оқу >>

«ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

26.01.2023

ҚазҰУ-дың спорткешенінде «Парасат» кәсіподағы мен спорт клубы бірлесе ұйымдастырған университет қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамы арасындағы дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы 49-шы рет өтті.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дәстүрлі 49-шы “Денсаулық” спартакиадасында воллейболдан жарыс өтті

16.01.2023

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дәстүрлі 49-шы “Денсаулық” спартакиадасында қаңтар айының 4-12 күндері аралығында университеттің ұстаздары мен қызметкерлері арасында воллейболдан жарыс өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ МАГИСТРАНТТАРЫ РОБОТОТЕХНИКА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР TECHCUP - 2022 ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ

23.12.2022

21-22 желтоқсанда Алматы қаласы әкімінің кубогына Techcup-2022 робототехника және инновациялық технологиялар бойынша VII ашық чемпионат өтті.

Ары қарай оқу >>

Зарина Туртаева философия докторы (PhD) атанды

23.12.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі Зарина Туртаева "Genesis of AEMFC (anion exchange membrane fuel cell) at the lab scale: from PEMFC’s inks composition toward fuel cell bench tests in alkaline media" тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Ары қарай оқу >>

Тұрақты дамудың 17 мақсаты. Жаңартылған энергия көздерін пайдалану

23.11.2022

«Тұрақты дамудың 17 мақсаты. Жаңартылған энергия көздерін пайдалану» – тақырыбында «7M05404 – Механика» мамандығының магистранттары: Жақсымбет Арайлым, Камаш Медет және Жургинбай Дәулет ашық сабақ өткізді.

Ары қарай оқу >>

Білім министрі Асхат Аймағамбетов робототехника бойынша ҚР құрамасының педагог-жаттықтырушыларымен кездесті

12.11.2022

Асхат Аймағамбетов робототехника бойынша ҚР құрамасының педагог-жаттықтырушылары Асылбек Мырзахметовпен және Нұрдәулет Досмағамбетпен кездесті. Министр әріптестерін Швейцарияда өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE – 2022 робототехника бойынша Дүниежүзілік чемпионаттағы оқушылардың жеңісімен құттықтады. Бұл робототехника чемпионаты әлемдегі ең беделді чемпионаттардың бірі болып табылады. Жеңіс Оқушыларға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Олар әлемнің 167 елінің құрдастарымен бәсекелесіп, ең көп ұпай жинады. Оқушылар үш күн бойы 16 ойын жарысын өткізді, ешқайсы жарыстан жеңілмеді және ұпай саны бойынша рекорд орнатты. Чемпионаттағы бірінші орыннан басқа, Қазақстан құрамасы басқа елдердің командаларына көрсеткен "тамаша қолдауы үшін" Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ робот жасаудағы үздік инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

2022 жылғы 19 қазанда "Erasmus+ Days 2022" аясында Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-де дөңгелек үстел ұйымдастырылды

25.10.2022

Дөңгелек үстел жұмысына Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор А.Б. Уәлиева, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру Департаментінің директоры Е.А. Апсеметова, ҚазҰУ-да іске асырылатын Эразмус + ППВО жобаларының координаторлары, сондай-ақ «619011-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-JP Климаттың өзгеруіне жағалаудағы экожүйелерді бейімдеу үшін геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар» (GEOCLIC) жобасының мүшелері қатысты.

Ары қарай оқу >>