«ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

26.01.2023

Көрулер: 512

      Жуырда ҚазҰУ-дың спорткешенінде «Парасат» кәсіподағы мен спорт клубы бірлесе ұйымдастырған университет қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамы арасындағы дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы 49-шы рет өтті.

     Спартакиадаға 20 командаға біріктірілген 671 адам қатысты. Спорттық додада факультеттермен қатар, Ақпарат және коммуникациялар департаменті, Жағдаяттық басқару орталығы, Ғылыми кітапхана және Әскери кафедраның қызметкерлері белсенділік танытты. Оқытушылар мен қызметкерлер волейбол (ерлер, әйелдер), шағын футбол, тоғызқұмалақ, бадминтон, үстел теннисі сынды алты спорт түрінен сайысқа түсті.

  Спартакиада қорытындысы бойынша механика-математика факультеті универстиет рейтингісінде II орынды иеленіп, арнайы дипломмен және кубокпен марапатталды.