Тұрақты дамудың 17 мақсаты. Жаңартылған энергия көздерін пайдалану

23.11.2022

Көрулер: 932

 

«Тұрақты дамудың 17 мақсаты. Жаңартылған энергия көздерін пайдалану» – тақырыбында «7M05404 – Механика» мамандығының магистранттары : Жақсымбет Арайлым, Камаш Медет және Жургинбай Дәулет ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: Студенттерді қазіргі заманның өзекті мәселелерімен таныстыра отырып, олардың шешу жолдарын бірге сабақ барысында талқылау.

 

 

Сабақтың құрылымы заманауи сабақты құру талаптарына сәйкес келеді. Сабақта заманауи педагогикалық технологиялар: ақпараттық-коммуникациялық, деңгейлік саралау, проблемалық оқыту әдістері ойластырылған түрде қолданылды. Сабақта жаңа материалды меңгерумен қатар сауалнама және бұрын өткен материалды қайталау жүргізілді. Мұғалім мен студенттер арасындағы диалог олардың жалпылауды, қорытынды жасауды, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуді де көрсетті. Сабақ нәтижелі, жақсы жұмыс ортасымен, достық атмосферамен өтті және мақсатына жетті.

 

тұрақты даму.pdf

Қабылдаған: Туралина Д.Е.