2022 жылғы 19 қазанда "Erasmus+ Days 2022" аясында Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-де дөңгелек үстел ұйымдастырылды

25.10.2022

Көрулер: 619

 

Дөңгелек үстел жұмысына Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор А.Б. Уәлиева, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру Департаментінің директоры Е.А. Апсеметова, ҚазҰУ-да іске асырылатын Эразмус + ППВО жобаларының координаторлары, сондай-ақ «619011-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-JP Климаттың өзгеруіне жағалаудағы экожүйелерді бейімдеу үшін геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар» (GEOCLIC) жобасының мүшелері қатысты.

 

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланды:

- жобаларды іске асыру кезеңдері;

- жобаларды сәтті аяқтауға арналған ұсыныстар;

- жобаларды іске асыру барысында туындайтын қиындықтар;

- жобалардың міндеттерін орындау кезінде туындайтын мәселелерді шешу кезінде ҚазҰУ тарапынан қолдау және көмек көрсету.

Қатысушылар ҚазҰУ-да іске асырылатын әрбір жобамен танысты, жобаларды іске асырудың маңызды кезеңдерін талқылады және туындаған қиындықтарды жою бойынша ұсыныстар алды. Жиын соңында қатысушылар дөңгелек үстелді қорытындылады.