ҚАЗҰУ МАГИСТРАНТТАРЫ РОБОТОТЕХНИКА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР TECHCUP - 2022 ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ

23.12.2022

Көрулер: 744

 

21-22 желтоқсанда Алматы қаласы әкімінің кубогына Techcup-2022 робототехника және инновациялық технологиялар бойынша VII ашық чемпионат өтті.

 

Жарыстың мақсаты-инновациялық технологияларды дамыту және насихаттау, сондай-ақ балалар мен жастар арасында таланттарды анықтау және қолдау. Чемпионат болашақ ғалымдар мен робототехниктердің стартаптарын ілгерілету үшін тамаша алаң болды.

 

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 7-22 жас аралығындағы 700-ден астам команда қатысты. Қазақстан, Ресей және АҚШ мамандары кірген кәсіби халықаралық қазылар алқасы инженерлік жобалар, бағдарламалау, IT – дегі бизнес, 3D-модельдеу және роботтар жарыстарында сияқты бірнеше бағыттағы әзірлемелерді бағалады, олар өз кезегінде бірден 4 түрде – VEX, сумо, желі және кегельринг түрінде өткізіледі. Судьялар инженерлердің идеяларын ғана емес, сонымен қатар роботтардың мүмкіндіктерін, тапсырмаларды программалау сапасын және роботтардың орындалу сапасын бағалайды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасы “Робототехникалық жүйелер” білім беру бағдарламасы бойынша оқитын магистранттарының командасын ұсынды, оның құрамына: команда жетекшісі Берік Сағитжанов ("Робототехникалық жүйелер" білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты), Дамир Жаңаберген және Мадияр Смамқожаев ("Робототехникалық жүйелер"білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары) кірді.

 

ҚазҰУ командасы "Line"байқауында III дәрежелі Диплом иегері атанды. Команда инженерлік жобалар мен роботтарды құруға, сондай-ақ бағдарламалауға қатысты. ҚазҰУ командасының әрбір қатысушысы-еліміз үшін аса қажетті технологиялық серпілісті қамтамасыз ететін әлеуетті маман.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға оқуда, ғылыми бастамаларда және шығармашылықта одан әрі табыс тілейміз!

 

 

 

Жумашева Ж. Т.,

т. ғ. к., механика кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

«Робототехникалық жүйелер» ББ координаторы.